Казахского государственного женского педагогического университета



Pdf көрінісі
бет97/423
Дата07.01.2022
өлшемі6,41 Mb.
#20043
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   423
Байланысты:
6-5-PB

 
Мысал  І.  Кальцийдің  карбонаты  бірнеше  кристалдық  модификация  тҥрінде  кездеседі. 
Олардың біреуі кальцит немесе ізбес шпаты деп аталатын минерал тҥзеді. Бҧл минерал табиғатта 
кең  таралған.  Кальцитке  қарағанда  кристалдық  торы  әлсіздеу  арагонит  минералы  сиректеу 


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1 (77), 2019 
 
65 
 
кездеседі. Сыртқы бейнесі бойынша нашар тҥзілген кристалдарда кальцитті арагониттен айыру 
қиын. Қалыпты жағдайда осы мақсатта Мейгеннің сынамасы деп аталатын қарапайым химиялық 
сынама жасалынады. Ол ҥшін кобальт нитратының 2% сулы ерітіндісімен минералдардың беткі 
қабатына  әсер  ету  керек.  Бір  минералдың  екінші  минералға  қарағанда  беткі  қабаты  тезірек 
қызғылт тҥске боялады.  
Мейген сынамасын жасаңыз. Қай минералдың беткі қабаты тезірек қызғылт тҥске боялады 
және неліктен? 
Оқушыларға  кобальт  нитратының  ерітіндісімен  минералдар  арасындағы  реакция 
жылдамдығының  айырмашылығы  таңқаларлық  қызықты  болады.  Олардың  ойынша  егер 
минералдар бірдей химиялық формуласы болса, химиялық қасиеттері де бірдей болулары керек. 
Суда  ерімейтін  заттың  тҧздың  ерітіндісімен  әрекеттесуінің  ӛзі  де  таңқаларлық  қҧбылыс  болып 
кӛрінеді. Себебі, олар суда ерімейтін заттарды тіпті ерімейтін заттар деп қабылдайды. Оқушылар 
тҧнбаның  тҥзілуіне  кӛп  есептер  шығаратыны  белгілі,  бірақ  тҧнбаның  екінші  тҧнбаға  айналуы 
туралы  есепті  кездестіріп  кӛрмеген.  Бҧрынғы  тәжірибелері  қазіргі  есептің  шартымен  қарама-
қайшы келіп тҧр.  
Есептің  кӛп  жоспарлы  шарты  бар.  Алдыңғы  қатарда  минералдардың  химиялық 
формулалары бірдей және олар кобальт нитратымен әртҥрлі әрекеттесетіндігі тҧрады. Оқушылар 
минералдардың кристалдық торлары әртҥрлі деген мәліметке назар аудармайды. Бҧл мәлімет тек 
тапсырманы орындау барысында анықталынады.  
Қарастырылып  отырған  тапсырма  полипәнділігімен  ерекшелінеді.  Ол  химиямен  және 
минералогиямен  байланысты.  Минералогия  туралы  кейбір  мәліметті  оқушылар  география 
курсынан 
алады. 
Тапсырманың 
минералогиямен 
байланыстылығы 
оқушылардың 
қызығушылығын тудырады.  
Тапсырманың шарты нақты анық емес. Шартта Мейгеннің сынамасын жҥргізу әдістемесі 
берілмейді.  Тапсырманы  орындау  кезінде  оқушылар  минералдың  бір  тҥйірін  ерітіндіге  салып 
ештене ӛзгермейтіндігін анықтайды.  
Бҧл  олар  ҥшін  кҥрделі.  Жҧмыс  ҥрдісінде  олар  ӛз  бетімен  минералды  ҧнтақтап,  ал 
сынаманы  қыздырып  (реакция  жылдамдығын  арттыру  ҥшін)  жҥргізу  керек  деген  қорытындыға 
келеді.  Сынаманың  химиялық  мәнін  тҥсіндіру  кезінде  бірнеше  вариант  қарастырылады: 
кобальттың  карбонаты,  негіздік  карбонаттың  және  гидрокарбонаттың  тҥзілуі.  Бірақ  қай  нҧсқа 
дҧрыстығын оқушы білмейді. Оны мҧғалім тҥсіндіреді.  
Жалпы  бҧл  есеп  негізгі  мектептің  химия  курсына  сәйкес  келеді.  Оқушылар 
бейорганикалық заттардың ерігіштік кестесімен, ион алмасу реакцияларының соңына дейін жҥру 
жағдайымен, реакциялардың жылдамдығына әсер ететін факторлармен таныс. Бҧнымен шешудің 
қолжетімділігі анықталынады. Қарастырылып отырған тапсырма химиялық эксперимент жҥргізу 
арқылы  шешіледі.  Бҧл  шығармашылық  ҥрдісті  жақсы  ҧйымдастыруға  ықпал  етеді.  Сәтсіз 
тәжірибеден  кейін  оқушыларда  сынама  ӛткізу  шартын  ойлану  керектігінің  қажеттілігін 
кӛрсетеді.  Минералдардың  кристалдық  торларының  мықтылығы,  олардың  беткі  қабаттарында 
бояудың тҥзілуі туралы айырмашылықтарын олар эксперимент жҥргізгеннен кейін ғана тҥсінеді. 
Тәжірибеге дейін бҧл жоспар ӛзекті болып кӛрінбеген, себебі олар оны кӛрген жоқ.  
Бҧл тапсырма оқушылардың диалогтық ынтымақтастығын ҧйымдастыруға арналған. Егер 
бҧл есепті сынып болып шығарса, проблемалық сҧрақтар жойылады. Топ ҥшін бҧдан кӛлемдірек 
тапсырма алған дҧрыс. Шығармашылық тапсырманың тағы біреуін мысалға келтірейік.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   423




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет