Казахского государственного женского педагогического университета



Pdf көрінісі
бет95/423
Дата07.01.2022
өлшемі6,41 Mb.
#20043
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   423
Байланысты:
6-5-PB

Түйін сӛздер: шығармашылық әрекет, шығармашылық есептер, химияны оқыту, зерттеу әдістері, 
эксперименттік зерттеулер, химиялық тәжірибелер 
 
 Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында:  
«Ҧлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен айқындалады» деп 
айтылған.  Егемендік  алған  тәуелсіз  Қазақстанның  әлемдік  ӛркениетке  жетудегі  бірден-бір  дара 
жолы- білім жҥйесі. Орта мектеп- білім жҥйесінің ең басты буыны. Орта мектепте қаланған білім 
негізі оқушының болашағына жол ашады.  
Қазіргі  кезеңдегі  басты  мәселенің  бірі  жаңа  технологиялардың  дамуы  кезеңінде  болашақ 
ҧрпақтың  тәрбиесі  мен  білім  алуында  ҧстаздардың  атқаратын  рӛлі  ерекше.  Егемен  еліміздің 
болашағы, оның әлемдік ӛркениеттегі ӛз орны, ең алдымен білім мен тәрбиенің бастауы – ҧстаз 
қолында»  -  деп  атап  кӛрсеткен  болатын.  Сонымен  бірге  Елбасы  Нҧрсҧлтан 
Назарбаев «Болашақта  еңбек  етіп,  ӛмір  сҥретіндер-бҥгінгі  мектеп  оқушылары,  мҧғалім  оларды 
қалай  тәрбиелесе,  Қазақстан  сол  деңгейде  болады.  Сондықтан  ҧстазға  жҥктелетін  міндет 
ауыр» деген болатын [1]. 
Оқушылардың шығармашылық дамуы ХХ ғасырдың басыннан-ақ ӛзекті болды. Бірақ 70-
ші  жылдарға  дейін  шығармашылық  жаңа  нәтиже  алу  ҥрдісі  ретінде  қарастырылатын  оқытуда 
нәтижеге бағытталу басымырақ болды. 30-шы жылдары ҚСРО-да оқушылардың шығармашылық 
қабілеттерін  дамытуға  бағытталған  мектептен  тыс  ҧйымдар  жҥйелері  қҧрыла  бастады. 
Пионерлер  Сарайлары  мен  ҥйлерінде  (не  натуралистер  және  техниктер)  оқушылар  кӛркем, 
музыкалық  және  ғылыми-техникалық  шығармашылықпен  айналысатын  ҥйірмелер  жҧмыс  істей 
бастады. Жаратылыстану ғылымдарына баулу 60-шы жылдарға дейін оқушылардың қолдарымен 
әртҥрлі  аспаптар  мен  модельдер  жасаумен  байланысты  болды.  Егер  оқушылар  аспаптар  мен 
модельдерді жасауға қатысса, олардың шығармашылық қабілеттері дамиды деп ойлады. 
Қазіргі  заманауи  білім  беру  жоғары  ақпараттылығымен  сипатталады.  Мектеп  пәндері 
оқушы  игеруге  тиісті  кӛп  кӛлемді  теориялық  және  деректік  мәліметтерге  қанық.  Осыған 
байланысты  мҧғалімдер  негізінде  оқытудың  репродуктивті  әдісін  қолданатынуға  мәжбҥр 
болғандықтан, мәселелік оқытуды қолдануға уақыт қала бермейді.  
Сербиялық химия пәнінің мҧғалімдері Б. Томашевич, Д. Тривик ӛздерінің химиялық білім 
саласында  жҥргізген  зерттеулерінде  заманауи  химиялық  оқу  бағдарламалары  оқушыларды 
шығармашылыққа ынталандыратыны туралы айтып кеткен. Олар кӛпшілік мҧғалімдер химияны 


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1 (77), 2019 
 
63 
 
оқыту арқылы шығармашылыққа баулуды дҧрыс деп санайды. Мҧғалімдер ӛз практикаларында 
85,7%  заманауи  технологиялар,  оның  ішінде  34,1%  зертханалық  жҧмыстар  білім  алушыларды 
шығармашылыққа ынталандыруға ықпал ететіндіктері туралы пікір айтқан 
[2].
  
Химияны  оқыту  әдістемесінде  шығармашылық  оқушылардың  тҧлға  ретінде  қалыптасуы, 
олардың  танымдық  қабілеттерін  дамытуға,  пән  бойынша  білімдерін  жаңа  сапалы  деңгейге 
кӛтеруге  қосатын  ҥлестері  туралы  іргелі  еңбектер  жоқтың  қасы.  Бҧл  кӛбіне  шығармашылыққа 
оқушылардың шығармашылығы олардың жаңа нәтижеге жетуімен (оқушылар аспап қҧрады, не 
реферат  жазды,  сынып  шығармашылық  есеп  шығарды)  байланысты  «нәтижелік»  қатынасты 
сақтауға  қатысты.  Шығармашылықтың  ішкілік  (процессуалды,  тҧлғалық,  коммуникативті) 
ерекшелігі  әдіскерлердің  назарынан  тыс  қалып  отыр.  Осыған  байланысты  мҧғалімнің 
шығармашылық  ҥрдісті  ҧйымдастырудағы  әрекеті  оқушыларды  дамытумен  емес,  оларға  соңғы 
нәтижеге  (жазбаша  не  ауызша  нҧсқаулар,  бағыттайтын  сҧрақтар  және  әрекеттің  алгоритмі) 
жетуге кӛмектесетін қҧрал берумен байланысты.  
Химияны  оқытуда  оқушылардың  шығармашылық  даму  мәселесі  ҥш  деңгейге  бӛліп 
қарастыруға  болады.  Бірінші  деңгей  нақты  нҧсқаусыз  химияны  оқытуда  оқушыларды 
шығармашылық  тҧрғыдан  дамыту  қажеттілігі  туралы  сҧрақ  қойылуымен  сипатталады.  Екінші 
деңгейге  химиядан  шығармашылық  есептер  мен  есептер  қҧрастыруға  арналған  қатынастарды 
негіздеу  сипаты  тән.  Үшінші  деңгейде  шығармашылық  ҥрдістің  мәнін  ашуға  және  оны 
ҧйымдастыруға арналған кеңестер берілу сипаты бар [3].  
Бірақ  қазіргі  кезде  химияны  оқытуда  оқушыларда  шығармашылық  әрекет  тәжірибесін 
қалыптастыру қажеттілігі туып, шығармашылық есептер мен есептерді қҧрастыру қатынастары 
негізделіп,  шығармашылық  ҥрдістің  мәні  сипатталып  және  оны  ҧйымдастыру  әдістемесі 
ҧсынылып жатыр.  
Оқушылардың  шығармашылық  дамуы  ҥшін  ынтымақтастықтың  маңызы  зор. 
Ынтымақтастық шығармашылықты ҧйымдастырудың есепті шығаруда жеке жҧмыс жасағанмен 
салыстырғанда  тиімді  тҥрі  болып  табылады.  Бҧл  ынтымақтастық  кезінде  ӛзінің  ойын  ауызша 
айту  арқылы  оны  жақсырақ  тҥсінуге  мҥмкіндік  болады.  Ынтымақтастық  жағдайында 
достарының ойын тыңдауға, мәселенің мәнін тҥсінуге және оны шешудің нақты жолын таңдауға 
мҥмкіндік  алады.  Сондай˗ақ  олардың  шығармашылық  нәтижелілігін  арттыратын  ӛзара  пікір 
алмасуы мен ортақ шешімге келуіне кӛмектеседі. Пән бойынша шығармашылық есептер шығару, 
мысалы  химиядан  оқушылардың  ынтымақтастығы  ӛзара  білімдерімен  алмасуына,  оларды 
жақсырақ тҥсінуге, танымдық ҥрдістерін арттыруға жағдай жасайды.  
Шығармашылық  есептерді  қҧрастыруда  психологтар  ойынша  мектеп  пәндерінің,  мысалы 
химия  пәнінің  мазмҧнына  енгізілуі  тиіс  деп  санайды.  Бҧндай  есептерді  шешу  ҥрдісі 
оқушылардан  оқу  материалы  бойынша  білімін  қарапайым  есте  жаңғыртуды  емес,  білімдерін 
тапсырманы  орындау  барысында  шығармашылық  қабілеттерін  қолдануды  қажет  етеді. 
Осылайша шығармашылық есептерді оқушылардың білімін белгілі пән бойынша жаңа сапалық 
деңгейде қалыптастыратын қҧрал ретінде қарастыруға болады.  
Шығармашылық есептер оқушының жетістігі шығармашылық уәжіне, оның еркіне, ӛзіндік 
бағасына  және  басқа  да  тҧлғаның  қасиеттеріне  байланысты  тҧлғаішілік  шиеленіс  жағдайында 
шешіледі (И.Л.Семенов, С.Ю.Степанов). Осылайша, шығармашылық есептерді шешу барысында 
оқушының  ізденіс  жетістігін  анықтайтын  кешенді  тҧлғалық  ерекшеліктері  байқалады. 
Сондықтан  шығармашылықты  оқушының  тҧлғасын  қалыптастыратын,  оның  танымдық 
қажеттілігін және қабілетін анықтайтын қҧрал ретінде қарастыруға да болады [4].  
Біртіндеп  кҥрделендіру  идеясына  сай  оқушыларда  зерттеу  біліктерін  қалыптастыру 
ҧсынылады. Бҧл біліктер ҥш топқа бӛліп қарастырылған:  
Бірінші топ «зерттеудің бірлі жарым операцияларын орындаумен» сипатталады:  
1)  бақылау;  2)  деректерді  салыстыру;  3)  себеп-салдар  байланысын  табу;  4)  зерттеудің 
қарапайым операциялары негізінде қорытынды жасау. 
Екінші  топ  бірінші  топтың  тҥрлі  біліктерін  ҥйлестіре  отырып,  қосымша  мына  біліктерді 
орындаумен сипатталады: 1) жҧмыстың мақсатын тҧжырымдау; 2) деректер мен қҧбылыстардың 
тәуелділігін  график,  сызбалар,  кестелер  арқылы  кӛрсету;  3)  бҧрын  игерілген  білімдерге  сҥйене 
отырып,  ой  айту,  ой  қорыту;  4)  айтылған  ойды  дәлелдеу  ҥшін  тәжірибе  жобалау  білігі;  5) 
тәжірибе жҥргізу және қорытынды тҧжырымдау білігі.  
Үшінші  топ  тҥрлі  біліктерді  кешенді  қолдану  мен  келесі  біліктерді  ҥйлестіре  отырып 
пайдалану тән: 1) мәселені кӛру; 2) болжам тҥзу; 3) зерттеу жоспарын қҧрастыру; 4) болжамды 
экспериментті  дәлелдеу  жолын  табу;  5)  жҥргізу,  оның  нәтижесін  ӛңдеу  және  қорытынды 
рәсімдеу [5].  


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1 (77), 2019 
 
64 
 
Р.Г.Иванова  мен  А.Г.Иодко  ҧсынған  кейбір  зерттеу  есептерін  оқушылар  химиялық 
эксперимент жҥргізе отырып орындауы керек. Заттардың қасиеттерін анықтауға арналған жаңа 
материалды  ӛткенде  оқушылар  эксперименті  орын  алады.  Мысалы,  аммоний  тҧздарының 
сыртқы  тҥрін  және  ерігіштігін  зерттеу,  азот  қышқылының  химиялық  қасиетін  анықтау, 
нитраттардың қасиеттерін зерттеу (аталған есептерды реакциялар жҥргізу арқылы), темірдің (ІІ) 
және  (ІІІ)  гидроксидтерінің  қасиеттерін  зерттеу  және  тағы  сондай  есептер.  Білімді  жетілдіру 
кезеңінде  кейбір  тапсырлар  эксперимент  жҥзінде  орындалады.  Мысалы,  кӛрсетілген  заттардың 
қайсысы тҧз қышқылымен әрекеттеседі: H
2
SO
4
; CuSO
4
; KNO
3


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   423




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет