Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1 (77), 2019
66
Есептің шешуінің бірнеше жолы бар (магний тотығын, белсендірілген кӛмір,
жҧмыртқаның ағын қолдану). Бҧл оқушыға қызықты, мектептің химия курсының мазмҧнына
сәйкес келеді. Бҧл есеп диалог қҧру шартына негізделген [7].
Анықталған психологиялық және педагогикалық талаптардың барлық есептер ҥшін
міндетті емес. Осы талаптардың біреу болса да жеткілікті. Бастысы ол проблемалық жағдаят
туғызуы керек.
Химияны оқыту кезінде оқушылардың шығармашылық әрекетін қалыптастыру ҥшін
эксперименттік есептер шешуді қолданған тиімді екендігін жоғарыда атап кеттік. Бҧл жағдайда
оқушылар идеясының перспективасын мҧғалім емес, олардың жҥргізген тәжірибесі анықтайды.
Экспериментті шығармашылық есептерді шығаруда шешімді табу ҥшін шығармашылық ҥрдіске
тән ӛзіндік ҧйымдасу және ӛзіндік дамуды ҧйымдастыруға болады. Шығармашылық ҥрдісті
ҧйымдастыруда мҧғалімнің жҧмысы оқушыларға кӛмек кӛрсету болып табылады. Мҧғалім
оқушылар есеп шығару кезінде кездесетін қиындықтар кезінде емес, олар орындай алмайтын
кедергілер кезінде кӛмек кӛрсетуі керек.
Шығармашылық есептерді шешу кезінде оқушыларда заңды тҥрде тҧлғалық, зияткерлік
және ақпаратты орындаушылық қиындықтар болады. Егер оқушылар зияткерлік қиындықтарды
ӛз бетімен жеңгенде ғана шығармашылық шешуі мҥмкін болады. Мҧғалімнің оқушыларда
қиындықтар туындағандағы кӛмегі тҧлғалық және ақпаратты-орындаушылық қиындықтарды
зияткерлікке ӛзгертуге бағытталуы керек. Мҧғалімнің туындаған қиындықтарға сай кӛмегі
болмаса, шығармашылық ҥрдіске кері әсерін тигізеді.
Оқушылардың шешетін әр шығармашылық есептеріне тән субъективті және объективті
белгілер тән.
Объективті белгілер: қолданылып жҥрген бағдарлама талаптарына сәйкес келуі, есептің
химиялық мазмҧнының әртҥрлілігі, есеп мазмҧнының бағдарламалық материалды ӛту
уақытымен сәйкестігі, есептің кҥрделілігі, проблеманың әртҥрлі болып берілуі, полипәнділік,
ізденістің соңғы нәтижесінің әртҥрлілігі.
Субъективті белгілер: есептің уәждік мҥмкіндіктері, есептің кҥрделілігі.
Оқушының бҧрын қандай есеп шығарғаны, оның қаншалықты сәтті болғандығын ескеру
есепті таңдауға негіз болады.
Ҧжымдық шығармашылықты оқу ҥрдісінде қолданудың негізгі мақсаты тек жаңа нәтиже
алу ғана емес, сондай-ақ топтың әр қатысушысының шығармашылық дамуы.
Оқушылар мен мҧғалім арасындағы ынтымақтастықтың сипаты мен мҥмкін болатын
формасы келесі негізгі мына факторларға: шығармашылық әрекеттің мақсатына, оқушылар
білімінің сапасына, шығармашылық әрекеттің мазмҧнына, оқушылардың шығармашылық әрекет
тәжірибесіне, сабақты ӛткізу формасына тәуелді [8].
Есептерді қҧрастыру кезінде оқушылар арасында кең тараған, эксперименттік жҧмыстар
кезінде анықталғандай жете тҥсінбеген химиялық кӛзқарасты қолдануға болады.
2017-2018 оқу жылында химияны оқытуда оқушылардың шығармашылық әрекет
тәжірибесін қалыптастыру мақсатында жҥргізілген педагогикалық экспериментке Алматы
қаласының №59 мектеп-гимназиясының 9 «в» және 9 «г» сынып оқушылары қатысты. Бірінші
сабақта оқушылардың химиядан есеп шығару білігі мен дағдысының қаншалықты деңгейдегі
екендігін анықтау мақсатында бақылау жҧмысы алынды. Бақылау жҧмысының тапсырмасында
әртҥрлі типтегі эксперименттік есептер берілген. Дҧрыс шығарылған есептер білім деңгейін
бағалау критерийі ретінде пайдаланылды. Бақылау жҧмысын тексеру нәтижесінде, оқушыларды
кӛп бӛлігі тек, 1-2 есепті ғана шығара алған, яғни ол 21% қҧрайды.
Ары қарай, 9
«в» сыныбы эксперименттік сынып ретінде таңдап алынып, сабақтан тыс
уақытта «Химия пәнінен есеп шығару» курсының қосымша сабақтарына қатысты. Ал, 9«г»
сыныбы дәстҥрлі әдіспен сабақтары жҥргізілді. Әрбір 2 апта сайын эксперименттік сыныпта
жазбаша бақылау жҧмыстары алынып отырды. Эксперименттік сыныптағы оқушылардың апта
ӛткен сайын есеп шығара алу білігі мен дағдысының біршама артқандығын №1 кесте мен №1
суреттен кӛруге болады. Кестеден кӛрініп тҧрғандай 9
«в» сынып оқушыларының оқу ҥлгерімі
59% артса, ал 9
«г» сыныбында оқу ҥлгерімі 9
«в»
сыныбымен салыстырғанда, айтарлықтай
аздау, яғни 37% тең.
Достарыңызбен бөлісу: