Түйін сӛздер: балалар әдебиеті, поэзия, ақын, аңыз адам, рухани қазына, адамгершілік, тәрбие
Кіріспе
Ӛлең - ӛнер, ӛмір - ғҧмыр. Есте жоқ ескі заманнан бҥгінге дейін бҥкпесіз ел шындығын,
алмас қылыштай ӛзекті пенде тҥгілі ғасырдың кемдігін айтқан ақ сәлделі ақиқаттың жан серігі -
ӛлең. Пілсауырлы қара жерге табанымыз тигеннен, дҥние керуенінен ӛтіп, денеміз топырақ
жамылғанға дейін салт пен санамызда, дәстҥр мен ғҧрпымызда ӛлең атты алыптың алар орны
ерекше.
Ӛлең - қазақ халқының қасиеті мен қасіретін, бағы мен сорын уақыт атты безбеннің
таразысында пайымдай білер жалғыз шебер. Сонан болар, жалған дҥниенің ащысы мен
тҧщысын, ағы мен қарасын қыз бҧрымындай ӛре білер сӛз қҧдіреті ӛлең атты алыптың алдына
барып бас ҧрып жатады. Тал бесіктен бастау алатын тіршілік ҥшін кҥрес, жер бесікке жеткенге
дейін жалғасын тауып отырғаны анық. Ана жатырын жарып шығып, іңкәр дҥниеге іңгәләп
ӛмірге деген қҧштарлықты ӛлеңмен ӛрнектеп жылаймыз. Шер қатқан кӛңілді жырмен басып,
кӛңілге медет болар қуанышты кезімізде де ӛлеңмен жеткізіп, ӛлең тілінде сӛйлейміз. Ӛлең тілі –
қараша мен ханға, дос пен дҧшпанға, ғашықтық пен ғалауатқа ортақ тіл.
Дала философы Асан қайғы атамыздан бастау алған қара ӛлең кӛші, қазақ халқының бас
ақыны Абай Қҧнанбайҧлына дейін сан тҥрленді. Заманының зарын, ханының кәрін, ӛмір
әділетсіздігін ӛлеңмен жеткізді, ӛлеңмен ӛрді, ӛлеңнің кҥшімен жарқын кҥндер ҥшін кҥресті.
Қараша халық поэзияның бҧлағынан сусындап, бастауынан жігер алды. Ҧлылар ҧлық еткен
поэзияның бҥгінгі қадір-қасиеті жайында Мҧхаммеджан Қаратаев «Поэзия қҧнын тҥсірмеудің
бірінші амалы сҧрқай ӛлеңдерге, формалистік шатпақтарға жол бермеу. Ал, поэзияның шынайы
жаңашылдықтарына жетудің бірден - бір сара жолы - кӛп кӛру, кӛп оқу, кӛп ҥйрену, батыл
іздену, табанды еңбектену» [1; 172]. Ғалым айтқан поэзия қҧнын тҥсірмеудің басты алғы шарты
оқырман атты айдынға ӛлең деген ӛрнегі болмаса, кӛркемдігіне кӛз тойдырып, кӛңілге медет
болар сиқы жоқ, қҧладын қҧстай сиықсыз аты мен заты бір арнада тоғыса бермес, сҧрқай,
формалистік шатпақтар легінің айдын жағасына жайғасуына жол бермеу.
Әр бір шумақ, тармақ ҧйқас пен ҥйлесім табады. Ӛткен ғасырдың 20 жылдарында ӛлеңнің
ӛзінік ерекшелігі жайында, әдебиеттанушы ғалым Ахмет Байтҧрсынов «Әдебиеттанытқыш» атты
әйгілі еңбегінде «Кӛркем сӛз - кӛңіл тілі, жалаң сӛз зейін тілі. Жалаң сӛз зейін тіліне қарайтын
нәрсе, кӛркем сӛз қиял байлығына қарайтын нәрсе. Жалаң сӛз дҥниені тҧрған қалпында алып
айтады, кӛркем сӛз кӛңілдің тҥйген, қиялдың меңзеген әліпбиіне тҥсіріп айтады. Жалаң сӛз
айтқанын ақыл табуынша дәлелдеп, мәністеп, ақиқат тҥрінде айтады. Кӛркем сӛз айтқанын қиял
меңзеуінше бейнелеп, әліптеп, кӛбінесе ҧйғару тҥрінде айтады. Жалаң сӛз дҥниеде шын болған,
шын бар нәселерді әңгіме қылады. Хатта қисынын келтіріп, болмаған нәрсені болғанға, жоқ
нәрсені барға ҧйғарып сӛз қылады. Қисынын келтіріп, қиялдан тудырып әдемі әңгіме шығару
ақындық дарыған адамның ғана қолынан келеді. Жалаң сӛздің қара сӛз делініп, кӛркем сӛздің
дарынды сӛз аталу мәнісі де осыдан» [2; 395].
Сӛз кӛркемдігі, сӛз астары, сӛз шындығы. Аталмыш ҥштіктің тоғысар арнасы бір. Қиял
ҧшқырлығы, жалғандықтан ада, кӛңіл атты қыранның қалықтар мекен тҧрағы. Жалған сӛз барды
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1 (77), 2019
123
бар, жоқты жоқ деп ашып айтқанымен кӛңіл тҥкпірінде бардың барлық сыры, жоқтың жоқтық
сынына қатысты кҥмәнді ойлар туындап жатады. Бҧл әсіресе, поэзия ҥшін қасиеттен ада, қасірет
дҥние. Ел аңсаған азаттық, ер аңсаған теңдік, қыз аңсаған бақыт мекені, сәби аңсаған шаттық
мекені поэзия тілмен ғана кӛркем сипатталады. Сом сӛздерді қашап, адам зердесіне қонымды
етіп, жҥрек тҥкпіріне аманат етер жыр тудыру нағыз сӛз зергерінің, ақын деген қасиетті сӛз тӛрт
тағанының қолынан ғана келетін ғажайып. Қара сӛздің қазанатын емес, қара бала қанағатын
ойлаған заманда ақынға қойылар талап пен міндет ҧсақтала тҥсті. «Қыранның қырандығы-
қанатын қаққанда, жыланның жыландығын - жауын арбағанда, Адамның адамдығы -
жҧдырықтай жҥрегіне әлемді сыйдырғанда. Ал, ақынның ақындығы - заман шындығын ҧғынып,
сӛз қҧдіретін санасына сіңіріп, ақ пен қара аражігін айырып, жҥрек тілінде тілқата білуінде
айқындалар. Осы арқылы ӛз ӛлеңінің ӛміршеңдігінің қҧнды яки қҧнсыздығын бағамдай алады.
Бҧл әрине, мендік тҧжырым, мендік ойсана.
Ӛрілген бҧрымдай сҧлу ӛлеңнің ӛз тыңдарманы, ӛлеңді жазған ақынның ӛз оқырманы, ӛз
аудиториясы бар. Оңы мен солын тани қоймаған, періште пейіл, балақайларға арнап ӛлең жазу,
бала жҥрегін ҧғыну, балалар әдебиетіне қалам тартқан ақын ҥшін ең қиыны осы.
Балалар әдебиетіне қатысты айтылған пікірлер қаншама, соның ішінде балалар әдебиетінің
тынысы мен тіршілігі, ӛмір ӛрісі жайында ғалым С.Қирабаевтың пікірін алға тарттық: «Балалар
әдебиеті - қиын әдебиет. Оның бірталай ӛзіндік сипаттары бар. Балалар кітаптарында әрекеттің
нақтылығы мен образдың кӛрнектілігі, лириктік сезімталдылық, характерлер мен уақиғаның
динамикалық тҥрде дамуы, тіл тазалығы мен тартымдылығы қажет» [3; 74]. Шындығында,
балалар әдебиеті ең қиын әдебиет. Балалар әдебиетіне қалам тарту, бала ҥмітіне шырақ жағу,
рухани қҧндылықтарды сіңірте отырып, туған жеріне, отанына, отбасына, ӛзін қоршаған табиғат
ананы сҥюге баулу. Жасандылыққа жаны қас бала жанын шығарма кейіпкерлеріне еліктете
отырып тәрбиелеу. Келер ҧрпаққа тәлім-тәрбие беретін, дҥние танымын кеңітетін шынайы
шығарма жазу – балалар жазушысының ғана қолынан келер іс. Бала атты періштенің пейіші
болар, ішкі әлемін, кӛзқарасын жазбай танып, мейірім мен махаббат бастауынан нәр алып, ізгілік
пен парасаттылыққа, кішіпейілдік пен кешірімшілдікке, адамилық пен адамгершілікке қадам
бастыратын алтын кӛпір – балалар поэзиясы.
Ӛлең буын, бунақ санымен емес, ӛзіңнің арқалар жҥгінің ауырлығы, тілінің кӛркемдігі,
айтар ой астарының мағыналығымен бағалы. П.А.Аристович «Ӛлеңіне ӛз ҧлтының дәстҥрін,
танымын, ҧлттық қҧндылығын сіңірген ақын ғана шынайы ақын бола алады. Мҧндай қҧндылық
поэзия әлеміне ӛткен ғасырдың поэзиясына тән болды» [4], - деп ХХ ғасырдың әдебиетіне бағам
берді. Қазақ балалар әдебиетінің ӛсіп, дамуы осы әдебиеттің алтын ғасыры аталған ХХ ғасырға
тән.
Қазақ балалар поэзиясында аты алтын әріппен жазылып, кешегі бала, бҥгінгі аға-
әпкелеріміздің сҥйікті ақыны, жазушысы бола білген жандар қаншама? Оларды елеусіз қалдыру,
тарих атты қарттың қаһарына қалу. Солардың бірі, қазақ балалар поэзиясының алтын діңгегі –
Мҧзафар Әлімбаев. Мҧзафар Әлімбаев поэзиясы қахында бізге дейін талай қалам сілтеліп,
біршама ғылыми мақалалар мен кандидаттық [5] (Жәкім Әсел «Қазақ балалар поэзиясы және
Мҧзафар Әлімбаевтың кӛркемдік тағлымы», Алматы, 2006ж) жҧмыстарда қорғалған. Мҧның
барлығы ақынның заманының заңдылығын ҧғынып, ел таныған ақиқатты ақпарат бетіне тҥсіріп,
бала жанына жол таба білуінде деп ҧғындық.
Ақынның тілінің жатықтығы мен бала жанына жақындығын, ӛлең тілінің ӛрнектігін,
қозған тақырыбының ӛзектілігін, ҧйқас, ой тартымдылығы жайында Ж.Әбдірашев «Мҧзафар
Әлімбаев - бала психологиясын бажайлап зерттеп, бала мінезін жетік білуге келгенде ҥлгі етіп
тҧрарлықтай артықшылығы бар ақын... Ӛлеңдерінің дені бала ҧғымына бірден қана кететін
салмақты ой тудырарлық тартымды оқиға, жеңіл штирхтарға қҧрылады» [6; 77]. Тартымды ойға
қҧрылған, кестелі сӛз зердесі Мҧзафар Әлімбаев ӛлеңдерінен кӛрініс тауып отыр. Бала санасына
салмақ тудырмай, тартымды оқиға желісімен ҧтымды да, ҧғымды ӛнегелі асыл сӛздерді оқырман
санасына сіңіру ақынның басты ерекшелігі, асылдығы һәм шеберлігі.
Балалар әдебиетіндегі еңбек сҥйгіштік, еңбекке баулу мәселесіне қатысты ғалым Қапасова
Б. «Десек те, балалар лирикасының идеясының бірі еңбекке ҥндеу.Тәуелсіз ел әдебиетінің негізгі
нысандары ӛзгерді дегенмен, балаларды еңбекке шақыру ӛзгеріссіз қалды» [7; 119], - деп
ӛзгермелі дҥниеде ӛзгермес дҥние, адамзаттың асылы адал еңбек жайында сӛз қозғады.
Ӛскелең ҧрпақ ӛнегелі болсын десең ең алдымен адалдықты, адал еңбектің мәнін
ҧғындыруың абзал. Ӛнердің қай тҥрі болмасын, адам жанына жақын. Ал, сӛз ӛнерінің мәйегі –
|