Казахского государственного женского педагогического университета



Pdf көрінісі
бет164/423
Дата07.01.2022
өлшемі6,41 Mb.
#20043
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   423
Байланысты:
6-5-PB

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1 (77), 2019 
 
124 
 
поэзия, лирика. Лирикада  ой мен сезім бірлесіп, қабыса байланысады. Лирика жайында ғалым, 
академик  Зәки  Ахметов  әдебиеттану  терминдер  сӛздігінде  «Лирика  -  кӛркем  әдебиеттің  негізгі 
саласының,  жанрының  бірі,  басты  ерекшелігі  –  адамның  кӛңіл  –  кҥйін,  сезім  дҥниесінтікелей 
бейнелеп  кӛрсетеді»  [8; 217].  Оны  әдебиет  сабағында  мҧғалім жіті  тҥсіндіріп,  оқушы  санасына 
сіңіре  білсе,  нағыз  нәтежеге  бағытталған  сабақ  болары  сӛзсіз.  «Бҥтін»  ҧғымынан  алшақтамай, 
оқушыға  алдымен  ӛлеңнің  бҥтіндей  мазмҧнын,  ақынның  айтар  ойын,  суреткер  сӛздері  арқылы 
жеткізу. Оқушы ӛлең жолдарын мәнерлеп оқи алмаса да, мҧғалімнің кӛмегімен алған ақпаратын 
қиял қанатында бойына сіңіріп, жҥрегімен сезінуі шарт. Ян Амос Коменскийдің «Ғылым негізі – 
ҥш оқу», - деген сӛзі әдебиетті оқытудағы басты алтын қазық болып келеді. Ғалым ҧсынған ҥш 
оқу яғни бала қатесіз, тез, тҥсініп оқи алу керек. Ҥш оқуды меңгерген бала жанына серік болар 
оның  қарым  -  қабілеті,  ой  –  танымы  бала  зейінінің  толығуына  ықпал  етеді.  Балаға  әдебиетті 
сіңірту,  балалар  жазушысының  кӛркем  жазылған  еңбегін  жемісті  ету  –  балалар  әдебиетін 
оқытудағы әдістеменің басты міндеті.  
Әдебиетті  оқытудың  методологиясы  жайында  Әуелбек  Қоңыратбаев  [9;  217]  1950 
жылдардың басында ӛз пікірін ҧсынды. Ғалым ҧсынған оқыту әдістері:  
1. 
Пайымдап оқу 
2. 
Талдап оқу 
3. 
Кластан тыс оқу 
4. 
Сӛйлету 
5. 
Жаздыру 
6. 
Мәнерлеп кӛркем оқу (жаттау) 
7. 
Мазмҧндау 
8. 
Мінездеу 
9. 
Ғибратшылдық оқу (шығарманың идеясын тҥю) [9; 217]. 
Демек, ӛлең мазмҧны, мәтін мазмҧны болмасын оқушының ӛзіне оқыту арқылы меңгерту 
әдістемесі әдебиет әдістемесі ҥшін аса маңызды әдістеменің бірі. Балаға тартымды қуат, ерекше 
кҥш дарытатын терең ой сыйлайтын дҥние балаң оқырманға тың тыныс береді. Әсерсіз, жай ғана 
болған дҥниені немесе келешекте болатын дҥниені жалған суреттеп, жалаң жеткізу бала жанына 
тебіреніс  пен  қуаныш  әкелмейді.  Баланы  тәрбиелемейді.  Адалдық  пен  арамдықтың,  еңбек 
сҥйгіштік  пен  еріншектіктің  аражігін  ажыратып,  ӛнегелі  ҧрпақ  ӛсіп  жетілсін  демейді.  Ондай, 
жалған  жамаулы  сӛздерден  қҧралған  әдебиет,  бала  әдебиеті  тіптен  қажетсіз.  Ал,  адалдық  пен 
ақтықты,  еңбек  пен  қҧрметті  қастерлеуге  қҧрылған  дҥние  болса,  нақ  қҧнды  дҥние,  шын  - 
шығарма.  
 Адал  еңбек,  маңдай  тер,  қайырымды  іс  –  адамзат  баласының  бастауы.  Жатырына  бала 
біткен ананың ең асыл ойы, ізгі арманы - баласының бас амандығы, саналы болып ӛсуі. Осыған 
қатысты жадымда жатталған мына бір аталы сӛз, айтар ойымның тҥп тӛркінін айқындап берер:  
«Е, Алла бала бер,  
Бала берсең сана бер.  
Егер сана бермең,  
Нәлет еттім ала бер! [10]» , - бҧл баладан безіну емес, санасыз ҧрпақтан безіну. Саналылық 
адал еңбекпен, аманаттың, қадір мен қасиеттің мәнін тҥсіну. Бҧл әсіресе, балаларды адал еңбекке 
шақырып, еңбектің жемісі, еңбектің мәнін бала тіліне бейімдеп, ықшамдап алып, сҧлу жеткізетін 
дара ақын – Мҧзафар Әлімбаевтің ӛлеңдерінен кӛрініс табады. Оған дәлел ақынның «Астроном 
ағалар»,  «Археолог ағалар»,  «Мамам-гҥлдің бағбаны» [11] ӛлеңдері. Тіптен, ақынның «Мамам-
гҥлдің  бағбаны  [11]»  атты  ӛлеңінің  бейне  нҧсқасы  мектеп  қабырғасындағы  мектепке  дейінгі 
және  1  -  сынып  оқушыларының  ең  сҥйікті  бейне  баяны.  Сәби  жҥректі  балапандар,  әннің 
астарымен  мағынасын  терең  тҥсіне  алмасада,  ананың  балаға  деген  кіршіксіз  махаббатын  сәби 
жҥректерімен сезініп отыр.  
Бала  бауыр  етіміз,  болашағымыз.  Балаға  дауыс  кӛтеріп,  жазалау  арқылы  жағымсыз 
қылықпен, ҥйренген әдеттен ада ете алмаймыз. Баланың жаны, юморды  ҧнатады. Бала жҥрегін 
жанымен сезінетін М.Әлімбаев ӛлеңдері де балаға деген махаббат пен жылы юморға толы. Ақын 
бала бойынан кездесетін жалқаулық, енжарлыық, мақтаншақтық, кӛрсе қызарлық, аңғалдық пен 
«мен  білемдік»  сынды  бала  кемшіліктерін  астарлы  әзілмен,  кішкентай  оқырмандарына  қайта 
ҧсынған.  «  Білгір»  Бекен»  ӛлеңі  білгішсінген  Бекеннің  қылықтарын  шым-шым  шындықпен 
жеткізеді. Ӛлең жолдарында аз біліп, кӛп білгендік танытатын сәби адасушылығын: 
 «Сезбейді, әттең, сабазың, 


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1 (77), 2019 
 
125 
 
Білімінің әлі азын» [12; 587].  
Баланың  тәкәппар  мінезі,  ӛз  білімсіздігін  жасыра,  аз  білседе  оны  кемшілдік  деп 
мойындамайтын  тҧстарын  тҧспалдап,  бала  жанын  ауыртып  алмастай  айтады.  Дәл  осындай 
кӛркем шешіммен бала жанына қарама-қайшылықты қатар қойып ҥйрені мен жейренуді ҥйрету 
Мҧзафар  ақынның  шеберлігі.  Ӛз  кезегінде  С.Маршак  ӛлеңдерін  зерттеген  ғалым 
В.И.Лейбсонның ақын ӛлеңдеріне қатысты «ақынның мҧндай сан қырлы бейне жасауы бӛбектер 
тҥгіл,  ересектер  сатирасында  сирек  кездесетін  қҧбылыс»  [13;  79],  -  деген  пікірі  ақын  Мҧзафар 
Әлімбаев шығармашылығынада берілген баға іспетті. 
  Мҧзафар Әлімбаев ӛлеңдеріне зер салсам, ескіні қастерлеп, атадан – балаға мирас болар, 
қарашаңырақ,  бесік  мәселесінде  кӛтереді.  Мысалы  ақынның,  ««Бала  бӛлеу  сҧмдық!»  -  деп 
шҥйлігіпті» [14], - деген ӛлеңінің астарына ҥңіле отырып, ақын сӛзінің ақиқаттығына, ақтығына 
шҥбә тумайды. Заман ӛзгерді, адами сана ӛздерді деп ата – салт болып, санаға сақталған бесіктің 
ӛзінен  бас  тартып,  ескінің  жҧрттың  жҧрнағы,  қараңғы  кҥнінің  кӛрінісі  деп  бастартып  жатқан 
мына қоғамның кейбір мҥшелеріне арнап шығарған ӛлеңі.  
«Іні де, қарындас та, ағай жатқан,  
Біз тҥгіл бҧл бесікте Абай жатқан,  
Тал бесік пәле болса...  
 Ғасырлардан... 
Осы жҧрт неге айтады пайда еместі,  
Қымбат қой кӛнермейтін қайран ескі!  
Бесікте кӛзін ашқан кҥйкі болса,  
Кәдімгі Қажымҧқан қайдан есті?!  
Тал бесік - жан жайлауы жас балаға,  
Арба да, мамық тӛсек, баспана да.  
Кіршіксіз, әрі ыңғайлы, әрі жылы,  
Байқаусыз  жел  тиер  деп  жасқана  ма?!  »  [14].  Ақын  ӛлеңі  арқылы,  тал  бесікте  қазақ 
халқының асылдары, ел оғландары,  жау  жҥрек батырлары,  орақ  тілді,  от  тілді  шешендері, кӛш 
бастаған кӛсемдері, ел басқарған бектері мен тӛрелері, сҥбелі би тектілері, ӛткен ғасырда ғҧмыр 
кешкен қара ӛлеңнің қариы атанған Абай, қара кҥштің иесі атанған Қажымҧхан аталарымыздың 
тербелгендігін  алға  тартады.  Бесік  -ескінің  сарқыты  емес,  кӛненің  киесі,  қазақ  атты  алтын 
діңгекті,  қарға  тамырлы  ғазиз  елдің  жауһары.  Ақын  таныған  шындық,  бала  санасына  әбзерлі 
әсем жырлармен бҥтін қалпында жеткен.  
Ақынның  тӛрттағаны  -  табиғи  дарын,  табиғи  шынайылық,  білім-білік  тәжірбиесі, 
дҥниетаным кеңдігі. Біз айтқан ақын тӛрттағаны әрбір ақынның бойынан табыла бермейді. Ақын 
болу  -  ардың  ісі.  Мҧзафар  Әлімбаев  бала  талғамын,  оның  жас  ерекшеліктері  мен  соған  сәйкес 
қызығушылығын,  қабылдау  қабілетін  ескере  отырып,  тартымды  да  кӛркем  шығармалар  жаза 
білді. Бала жҥрегіне жол тауып, бҥлдіршін оқырманның сҥйікті ақынына айналды. Қаламының 
қарымынан,  ӛлеңдерінен  жалынынан  бойына  жігер  алып,  бірнеше  буын  ӛсіп  жетілді.  Мҧзафар 
ақын  шығармалары  -  тілінің  жатықтығымен,  ішкі  мазмҧнының  кӛркемдігімен  қазақ  балалар 
поэзиясының алтын діңгегіне айналды.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   423




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет