Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1 (77), 2019
143
кӛру ӛмірлік материалдың деректік сипаттарын ҧлттық ой-сана тҧрғысынан сараптауға кедергі
жасады.
Драматургтің репрессия атты тарихи фактінің тӛңірегінде шындықты толық елестете
алмауы ҧлттық ой-сана дерегін ӛмірлік материалдың мазмҧнына айналдыруға тосқауыл қойды.
Қ.Мҧхамеджановтың
―Біз періште емеспіз‖ атты драмасындағы қаһармандар
психологиясын ашудағы табысы мен ҧлттық ой-санаға талдау жасаудағы табысы бір деңгейде
болған жоқ. Ҥрей мен қорқыныш билеген қысылтаяң уақытта неше алуан қателіктер жіберген
кейіпкерлердің ғҧмыр бойы тарқамайтын жан кҥйзелісіне тҥсуі психологизмді ӛз-ӛзінен
туындатып отыр. ―Психологизм қазақ драматургиясына алпысыншы жылдардың бас кезінде
келген тенденция‖ [7; 78].
Бҧл тенденцияның пайда болуына және орнығуына Қ.Мҧхамеджановтың аталып отырған
пьесасының да ықпалы ҥлкен. Ал психологиялық пафостың басым не әлсіз болуы ӛмірлік
материалдың сҧрыпталу деңгейіне тікелей қатысты емес. Ӛйткені, психологизм ӛмірлік
материалдарды қҧрайтын деректік компоненттердің авторлық концепцияға сай таңдалғанын
айғақтамайды.
Пародия деген ҧғымның дҥниеге келуінің ӛзі қайшылықты. Пародияға тән кӛркемдік
белгілер мен жанрлық шарттар ауызекі кҥлкі табиғатының ажырамас қасиеті ретінде сан
ғасырлар бойы ӛмір сҥріп келе жатса да, пародия жазба әдебиет туындыcы ретінде дҥниеге келді.
Онда да ӛлең шығарушының стиліндегі кемшілігін жолма жол қайталап айту тәсілі арқылы
жарыққа шықты. Пародия деген ҧғымның мағынасы қайталап сықақтап айту болса, онда осы
ерекшелік ауызекі кҥлкінің жасалу тәсілінен алшақ емес. Халықтың әзіл-қалжыңынан да осы
қайталап айту арқылы сықақтаудың белгілері де молынан байқалады. Бірақ әдеби пародиядағы
қайталау тәсілі іс- әрекет пародиясындағы қайталау тәсілінің нақпа нақ кӛрінісі секілденіп
сезіледі. Онымен қоймай ауызекі сӛйлеу пародиясын мазмҧндаушы ӛнерпаздың (баяндаушының)
кҥлдіру тәсілі әдеби пародияның ең алғашқы авторына ықпалын тигізгені сезіледі. Бҧдан әдеби
пародия ауызекі сӛйлеу пародиясының жемісі деген қорытынды туындап қана қоймай, әуелі
ауызекі сӛйлеу пародиясы, содан кейін әдеби пародия деген қағиданы да негіздейді.
Ауызекі сӛйлеу пародиясында мінез-қҧлық кемшілігі нақпа нақ қайталанып,
кӛрсетілмейді. Оның мазмҧнын әр уақытта мінез-қҧлық кемшілігіне деген сыншыл кӛзқарас
сипаты қҧрайды. Ауызекі сӛйлеу пародиясы жеке адам мінез-қҧлқының кемшілігіне негізделсе
де, оның астарына бҥкіл қоғамдық ӛзгерістердің әсерінен туған сыншыл кӛзқарас та сиып кете
береді.
Достарыңызбен бөлісу: