Казахского государственного женского педагогического университета



Pdf көрінісі
бет288/423
Дата07.01.2022
өлшемі6,41 Mb.
#20043
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   423
Байланысты:
6-5-PB

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1 (77), 2019 
 
223 
 
- аса маңызды міндеттердің бірі, сондықтан туындаған қайшылықтарды еңсеруде оған нәтижелі 
қолдау кӛрсету керек. Бҧл міндеттер нәтижелі шешілсе оқушының табысты бейімделуіне ықпал 
етеді,  нәтижесінде  әлеуметтік  даму  ҥдерісінің  барлық  іс-әрекет  тҥрлеріндегі  мҥмкіндіктері  мен 
қабілеттері  іске  асырылады.  Бейімделу  процесс  ретінде  «ӛмір  сҥру  ортасының  әртҥрлі 
жағдайларына немесе белгілі бір жағдайларға (мысалы, балабақшада, сыныпта, топта, ӛндірісте, 
демалыста  және  т.б.) адамның  бейімделу  мҥмкіндіктерінің  табиғи  тҥрде дамуын»  білдіреді.  Ол 
адамға  ӛзінің  табиғи  тҥрде  ӛзін-ӛзі  жетілдіруін,  әлеуметтендіруін  қамтамасыз  етуге  мҥмкіндік 
береді»  [7].  Табиғи деп  отырғанымыз  бала  ҥшін  ол  отбасы,  бала-бақша,  мектеп,  ҥйірме  немесе 
қосымша  білім  беру  мекемелері  болуы  мҥмкін.  Бейімделу  нәтиже  ретінде  (балалар  ҥшін  оның 
интерпретациясы) ӛмір сҥру ортасында бала ӛзін қаншалықты жайлы сезінетінін және оның іс-
әрекеті  осы  ортада  қабылданған  нормалар  мен  ережелерге  қаншалықты  сәйкес  келетіндігін 
айқындайды. 
Бала бейімделуінің мҧндай тҥрі – «оның әлеуметтік дамуы мен тәрбиесінің қҧрдастарының 
негізгі массасымен салыстырғанда даму дәрежесінің сәйкес келуін немесе келмеуінің кӛрсеткіші. 
Басқаша  айтқанда,  бҧл  баланың  әлеуметтік  дамуының  жасына  сәйкестігін  (сәйкессіздігін) 
бағалауды  білдіреді.  Ең  алдымен  оның  мінез-қҧлқы,  балалармен  және  ересектермен  қарым-
қатынасы, басқалардан айырмашылығының жоқтығы, ойын ойнаудағы табиғилығы мен оқуының 
нәтижелілігі.  Бҧл  кӛрсеткіштер  оның  әлеуметтенуі  мен  тәрбиесінің  нәтижесі  болып  табылады» 
[5].  
Әлеуметтік бейімделу - адамның әлеуметтік орта жағдайына (ӛмір сҥру ортасына) белсенді 
бейімделу  ҥдерісі,  осы  ортамен  барынша  нәтижелі  және  қауіпсіз  қарым-қатынас  дағдыларын 
қалыптастыру,  бҧл  тҧлғаның  ӛзін-ӛзі  танытуы  ҥшін  неғҧрлым  қолайлы  жағдай  жасауы. 
М.А.Галагузова «баланың әлеуметтік бейімделуі – бҧл оны әлеуметтік орта жағдайына белсенді 
бейімдеу  ҥдерісі;  баланың  әлеуметтік  ортамен  ӛзара  іс-әрекет  жасау  тҥрі»  -  дейді  [8],  яғни 
бейімделу  ҥдерісінің  белсенділігі  кӛп  жағдайда  әлеуметтік  ортамен  қарым-қатынас  дағдысын 
қаншалықты меңгергендігімен анықталады. 
«Дағды»  ҧғымы  жалпы  «қайталау  жолымен  қалыптасқандығымен,  игерудің  жоғары 
дәрежесімен және санадан тыс реттеу мен бақылаумен сипатталатын әрекет» ретінде анықталады 
[5].  Немесе,  қарапайым  тҥрде  айтқанда,  дағды  –  бҧл  алынған  білімді  тәжірибеде  қолдана  білу. 
«Дағдыны  іс-әрекеттің  жетілу  деңгейі  мен  оның  сапасы  деп  те  айтуға  болады.  Сондықтан  да 
дағдыны  қалыптастыру  педагогикалық  ғылымның  ең  маңызды  мәселелерінің  бірі  болып 
табылады» [9]. Дағдыны қалыптастыру ҥдерісі автоматтандыруға қол жеткізуге және олардың іс-
әрекет  дайындығының  жоғары  деңгейде  болуына  мҥмкіндік  беретін  компоненттер  мен  оларды 
меңгерудің операцияларын анықтауды қамтиды. 
Әлеуметтік  бейімделу  дағдысы  -  бҧл  адамның  әлеуметтік  орта  жағдайларына  (ӛмір  сҥру 
ортасына)  бейімделудің  автоматтандырылған  қабілеті,  «соның  арқасында  ӛзін-ӛзі  тануы  мен 
табиғи  меңгеруі,  мақсат  қҧруы,  қҧндылықтары,  қоғамда  қабылданған  мінез-қҧлық  нормалары 
мен  стилі  ҥшін  ең  қолайлы  жағдайлар  жасалады».  Әлеуметтік  бейімделу  дағдыларының 
қалыптасуы адамның қоршаған ортасына және ӛзіне зиян келтірмей, социумда ӛзін-ӛзі табысты 
басқаруына мҥмкіндік береді. 
Әлеуметтік  дағды  —  адам  қоғамда  ӛмір  сҥру  ҥшін  қолданылданатын  ӛмір  жолында 
меңгеретін ӛзара іс-қимыл мен әлеуметтік тәсілдердің жиынтығы деп айтуға болады. Әлеуметтік 
дағдылар  –  адамдарға  деген  дҧрыс  қарым-қатынас.  Әлеуметтік  дағдыларын  қалыптастыру  мен 
оны біртіндеп дамыту ҥшін кіші мектеп жасы ең қолайлы жас болып табылады. 
Әлеуметтік дағдылар кҥрделі ҧғым ретінде келесі компоненттерді қамтиды:  
-когнитивті (мінез-қҧлық нормалары мен ережелері туралы білім); 
-  эмоциялық  (мінез-қҧлық  нормалары  мен  ережелерін  қабылдау,  ӛзіне  және  басқаларға 
жағымды қарым-қатынас);  
- мінез-қҧлық (басқалардың мҥдделері мен сезімдерін ескере отырып, сәтсіздіктеріне ҥңіле 
білу  және  басқалардың  табыстарына  қуану  білуінен  кӛрінетін  мінез-қҧлық  нормалары  мен 
ережелерін меңгеру). 
Оқушылардың  әлеуметтік  дағдыларын  зерттеу  қажеттілігі  оқушылармен  жҧмыс  істеу 
тәжірибесінің  мәселелерінен,  яғни  ересектердің  талаптарына  бағынбауынан,  қҧрдастарымен  тіл 
табыса  алмауынан,  ӛзімшілдіктен,  қазіргі  заманғы  балалардың  жоғары  агрессивтілігінен, 
оқшауланудан, жанжалдарды шеше алмауынан туындаған. 
А.Д.  Сыздыкбаева  ӛз  зерттеулерінде  «Әлеуметтік  дағдылар  мен  шеберліктерді 
қалыптастыруды  ерте  және  мектепке  дейінгі жастағы  кезеңнен  бастау  қажет.  Бҧл,  ең  алдымен, 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   284   285   286   287   288   289   290   291   ...   423




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет