Казахского государственного женского педагогического университета



Pdf көрінісі
бет294/423
Дата07.01.2022
өлшемі6,41 Mb.
#20043
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   423
Байланысты:
6-5-PB

Түйін сӛздер: жас ерекшелік, дербес ерекшелік, даму, оқу процесі, бастауыш мектеп 
 
Бастауыш  сынып  оқушы  тҧлғасының  қалыптасып  дамуы  едәуір  дәрежеде  оның  жас 
ерекшеліктерін  есепке  алуға  байланысты  болмақ.  Бҥгінгі  таңда  психология  мен  педагогика 
ғылымдары  бастауыш  сынып  оқушыларының  жас  ерекшеліктерін,  психологиялық 
мҥмкіндіктерін зерттеуде белгілі бір табыстарға ие болып отыр. 
Жас ерекшеліктер дамумен тығыз байланысты. Даму ҥрдісін дҧрыс басқару ҥшін ғалымдар 
ежелден  бері  адам  ӛмірін  кезеңдерге  бӛлуге  талпынған.  Атақты  ғалымдар  Я.А.  Коменский, 
Н.Д.Левитов,  Д.Б.Эльконин,  К.Гетчинсон,  У.Л.Штерн,  П.П.Блонский  т.б.  дамуды  кезеңдерге 
бӛлудің бірқатар тҥрлерін ҧсынады.  
Кезеңдерге  бӛлу  жас  ерекшеліктің  бӛлінуіне  негізделеді.  Жас  ерекшеліктер,  оның  мәні 
жайында  кӛптеген  ғалымдар  қҧнды  пікірлер  айтқан.  Мәселен,  И.П.  Подласый  жас 
ерекшеліктерге: ―Жас ерекшеліктер деп ӛмірдің белгілі бір кезеңіне тән анатомо-физиологиялық 
және психикалық қасиеттерді айтамыз‖- деген анықтама береді [1; 100] 
Белгілі  ғалым  Ш.А.Амонашвили  тӛменгі  сынып  оқушыларының  психологиялық,-
педагогикалық  ерекшеліктерін:  ―дҥниені  диалектика  заңдылығына  сай  тҥсінудің  генетикалық 
алғашқы пайым жасауға талпынуы‖, - деп тҥсіндіреді [2]. 
В.В.Давыдов:  ―…  бала  мен  жасӛспірім  жас  аралығында  қҧпия  әлемнен  сатылып  шығып, 
ата-ана  ықпалынан  арылып,  жора-жолдастарымен  араласып  қарым-қатынас  жасау,  оқу  және 
ойын  іс-әрекеттерімен  айналысу,  оның  басты  дамуының  белгілі  қҧралы‖,  -  [3]  деп 
тҧжырымдайды.  
Оқыту  барысында  оқушылардың  жас  ерекшеліктерін  ескеру  керектігі  жӛнінде 
Я.А.Коменский,  Ж.Ж.Руссо,  А.Дистерверг,  И.Г.Песталоцци,  И.П.  Подласый,  И.Ф.Лихачев, 
Ф.Харламов,  М.Жҧмабаев,  Ж.Б.Қоянбаев,  Р.М.Қоянбаев,  С.А.Қалиев,  еңбектерінде  айтылған. 
Жас  ерекшеліктерді  ескеру  -  негізгі  педагогикалық  принциптердің  бірі.  Я.А.Коменский  оқу-
тәрбие процесінде жас ерекшеліктерді қатал ескеруді алғаш талап еткен ғалым. Ол ӛзінің оқыту 
мен  тәрбие  дамудың  жас  ерекшелік  кезеңдеріне  сай  келетін  табиғатқа  сәйкестілік  принципін 
дәлелдеп,  ҧсынды.  Табиғаттағы  әр  нәрсе  ӛз  уақытында  болатыны  тәрізді  тәрбиеде  де  барлығы 
мерзімінде, жҥйелі тҥрде ӛз ретімен жҥруі керек. Тек сонда ғана адамға адамгершілік қасиеттерін 
табиғи  тҥрде  сіңіруге,  ақиқатты  жас  шамасына  лайықты  толық  меңгеруге  талпынуға  болады. 
Я.А. Коменский: ―Меңгеруге жататындардың барлығын әрбір жаста қабылдауға жеңіл болу ҥшін 
жас сатыларына сай сҧрыптау керек‖ – деп ой-тҧжырым жасайды [4]. Я.А.Коменский балаға оқу 
материалын  негізгі  жағдайлар,  нақты  жҥйе  тҥрінде  айтып  бергенді  маңызды  деп  есептеді.  Ол: 
фактілерден қорытындыларға, мысалдардан ережелерге, деректіден дерексізге, жеңілден ауырға, 
жекеден  жалпыға  ӛту  принципін  ҧсынды  [5].  Ал  К.Д.Ушинский  болса:  ―Тек  жҥйе  …  біздің 
білімдеріміздің ҥстінен толық билік береді‖- деп жазады. 
Оқу-тәрбие  процесінде  оқушылардың  жас  ерекшеліктерін  ескеру  –  негізгі  педагогикалық 
принциптердің бірі болып табылатыны бәрімізге мәлім. 


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1 (77), 2019 
 
229 
 
Жас ерекшеліктер әрбір пәнде, оқу материалдарын жҥйелі орналасуын кӛздейді. Сонымен 
қоса, оқу-тәрбие жҧмысының тҥрлері мен формаларын таңдауды ескертеді.  
Оқу-тәрбие процесінде оқушылардың жас ерекшеліктерін ескерудің маңыздылығы туралы 
қазақ  ғалымдарымыздың  да  айтқан  қҧнды  пікірлері  баршылық.  Бҧл  орайда  Ж.Аймауытов, 
А.Байтҧрсынов, М.Жҧмабаев, Ш.Қҧдайбердиев, М.Дулатов, Қ Жарықбаевтың еңбектеріндегі ой-
тҧжырымдарды айтуымызға болады.  
Ж.Аймауытовтың  ―Тәрбиеге  жетекші‖  атты  елеулі  еңбегінде  мектеп  ісі  мен  білім  беру 
жҥйесін,  ӛмір  тәжірибесін  ӛзара  байланыста,  бірлікте  қарастырып,  баланың  жас  және  дербес 
ерекшеліктерін есепке алу туралы ойларын ғылыми тҧрғыдан негіздеді. 
А.Байтҧрсыновтың  ғалым-теоретик,  эстетик-сыншы  тҧлғасын  айқындап  беретін  кҥрделі, 
толымды, туындысы Ташкентте 1926 жылы басылған – ―Әдебиет танытқыш‖еңбегі. Онда біздің 
сезініп  жҥрген  нәрселеріміздің  барлығы  табиғат  заттары  екенін  айта  келіп,  табиғат  дҥниелері 
және адам ісінен щыққан жасанды нәрселер болатынын, жасанды нәрселерді істеуге жҧмсалатын 
адамның ӛнері,  білімі,  кҥші  екенін  айтады.  Сӛз  ӛнері  сананың ҥш  негізіне:  ақыл,  қиял, кӛңілге 
сҥенеді. ―Ақыл-ісі – аңдау (байқау), яғни нәрсенің жайын ҧғу, тану, ақылға салып ойлану. Қиял 
ісі  –  меңзеу,  яғни  ойдағы  нәрселердің  тҧрпатына  бернесіне  ҧқсату,  бернелеу,  суреттеп  ойлау. 
Кӛңіл  ісі  –  тҥю,  толғау.  Тілдің  міндеті  –  ақылдың  аңдауын  аңдағанша,  қиялдың  меңзеуін 
меңзегенше, кӛңілдің тҥюін тҥйгенше айтуға жарау‖- дейді [6].  
Қазақтың  қаламгер  ҧлы  ақыны  М.Жҧмабаев  еңбектерінің  педагогикалық,  психологиялық 
қағидалары  қазақ  балаларының  тҧлға  ретінде  дамуын  жҥзеге  асырудың  негізін  қҧрайды. 
М.Жҧмабаевтің  ―Бастауыш  мектептегі  ана  тілі‖  (1928),  ―Сауатты  бол‖  (1926),  ―Педагогика‖ 
(1922)  еңбектері  оқушыларды  тәрбиелеуде  кҥні  бҥгінге  дейін  мҧғалімдер  ҥшін,  жалпы  қазақ 
оқырмандары  ҥшін  баға  жетпес  шығармалар  болыр  табылады.  Әсіресе  ―Педагогика‖  [7]  атты 
еңбегі қазақ мектебі ҥшін таптырмайтын ҥлгі деп білеміз. М.Жҧмабаев ―Педагогикада‖ тәрбиенің 
мақсатын тәрбиенің тӛрт бӛлімдері – дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сҧлулық тәрбиесі және қҧлық 
тәрбиесі  туралы,  әрбір  баланы  ҧлт  тәрбиесімен  тәрбиелеуді  айтса,  психологиялық  еңбегінде 
сыртқы  дҥние  заттары  мен  кӛріністері  сезім  мҥшелері  арқылы  білінетінін  айтады.  Автор  әрбір 
сезім мҥшелеріне жеке-жеке тоқталып, олардың ішінен кӛру сезімі жан ҥшін ең қымбат екенін 
дәлелдейді:  ―Жанымызда  болатын  барлық  әсерленулердің  екінші  тҥрлі  айтқанда,  біз  барлық 
білімнің тӛрттен ҥшін осы кӛру сезімі арқылы аламыз. Басқа сезімдер арқылы алатын білімдерді, 
әсерленулерді кӛру арқылы анықтауға ҧмтыламыз‖- деп тҧжырымдайды ақын [7; 65]. Сол сияқты 
есту  сезімі  адамдарды  сыртқы  жаратылыспен  таныстыратынын,  оның  кӛру  сезіміне  кӛмек 
кӛрсететінін айтады [7, 69]. Баланы заттар мен кӛріністерді таныстыруда оқушы абайлы болмаса, 
ештеңе ҧқпайды, сондықтан оны тәрбиелеу керек деген ой тҥйеді [7; 74]. Тәрбиелеудің бірден бір 
жолы  -  әсердің  кҥшті  болуы,  яғни  әр  нәрседен  әсер  алуға  баланың  кӛп  сыртқы  сезімдерін 
қатыстыруға  тырысу  керек.  ―…  баланы  бір  затпен  таныстырмақшы  болсаң,  сол  зат  туралы 
сӛйлеп  қана  қоймай,  алып  келіп  кӛрсет,  кӛрсетіп  қана  қоймай,  сол  заттың  суретін  салдыр; 
суретпен  ғана  қанағаттанба,  балаға  балшықтан  сол  затты  жасат.  Әсердің  кҥшті  болып,  абайды 
кӛп тартуының бір шарты осы‖  – деген ғылыми тҧжырым жасайды ҧлы ақын [7, 74-75]. Автор 
әсердің кҥшті болуына сыртқы сезімдер неғҧрлым кӛп қатынасу керектігін, әсер жеке және әсер 
жаңа  болуын,  жаңа  алынатын  біліммен  ескі  білімнің  қатынасы  болуын  айтып,  балаға  білім 
бергенде  жақыннан  алысқа,  таныстан  жатқа  кӛшіп,  жаңа  білімді  ескі  білімге  байлап  беру 
керектігін  айтады.  Жағрапияны  оқытқанда,  туған  ауылдан  бастау  керектігін  ескертеді  [7; 
74,75,76]. 
Аталмыш  ғалымдардың  еңбектерін  талдау  барысында  Ж.  Аймауытов,  А.  Байтҧрсынов, 
Ш.Қҧдайбердиев,  М.Жҧмабаев  ӛз  еңбектерінде  оқушылардың  жас  және  дербес  ерекшеліктері 
туралы,  оқу-тәрбие  процесінде  табиғатқа  сәйкестілік,  мәдениетке  сәйкестілік  принципін 
басшылыққа алуды жан-жақты қарастырғанын аңғартты. 
М.Жҧмабаев  ой  шығарудың  -  дедукция,  индукция,  аналогия  жолдарынан  талдап  жан 
кӛріністерінің  ең  қымбаты  ойды  айтады.  Сонымен  қоса  тілдің  адам  және  ҧлт  ӛмірінде  алатын 
орны  жайлы  айта  келе,  әрбір  ҧлттың  тілі  сол  ҧлттың  жері  мен  тарихын,  тҧрмысын,  мінезін 
кӛрсетіп  тҧратынын,  қазақ  тілінің  бай,  оралымды,  терең  екенін  тҧжырымдайды.  ―Қазақ  тілінде 
қазақтың  сары  сайран  даласы,  біресе  желсіз  тҥндей  тымық,  біресе  қҧйындай  екпінді  тарихы, 
сары далада ҥдере кӛшкен тҧрмысы, асықпайтын, саспайтын сабырлы мінезі – бәрі кӛрініп тҧр. 
Қазақтың сар даласы кең. Тілі бай. Осы кҥнгі тҥрік тілдерінің ішінде қазақ тілінен бай, оралымды 
терең тіл жоқ‖, - деген пікір айтады [7; 114-115]. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   290   291   292   293   294   295   296   297   ...   423




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет