Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 1 (77), 2019
20
Қант қызылшасын ӛсіру секілді пестицидтердің ҥлкен мӛлшерін қажет етпейді. Егер қант қҧмай
ӛсімдігін жем-шӛп ретінде ӛсірсе, оның бір жылдық шӛптесін ӛсімдіктермен салыстырғанда
мынандай артықшылықтары бар: бір рет сеуіп, бҥкіл жаз бойы жинауға, яғни маусымына
бірнеше рет орып алуға мҥмкіндік болады. Онымен қоса, ол таптырмайтын фитомелиорант,
гипсті және басқа да химиялық мелиоранттарды пайдаланбай-ақ топырақтың тҧздануын
азайтады және сортаңданудан қҧтылуға кӛмектеседі [7].
Кӛптеген факторлардың жиынтығының нәтижесінде Республикамызда жылдан жылға
тҧзданған жер аумағы артып барады. Қҧмай негізінен физиологиялық ерекшеліктеріне және
суайналымы механизмінің бірегейлігіне байланысты ауа мен топырақ қҧрғақшылығына тӛзімді
келеді. Ең алдымен, қҧмай ең аз транспирация коэффициентіне, яғни, суды тҧтыну қҧрғақ заттың
бірлігіне ие. Мысалы, қҧмай судың 300 бӛліктерін тҧтынса, ал судан шӛбі – 340, жҥгері – 388,
бидай - 515, кҥнбағыс – 895 тҧтынады [8]. Қҧмайдың қҧрғақшылыққа тӛзімділігі, сондай-ақ,
тыныс алуға судың тӛмен мӛлшерін тҧтынса, балауыздану кезеңінде жапырақ қҧрамында болуы,
кҥшті тамыр жҥйесі мен ҧлпаның сумен коллоидті байланысының ҥлесінің артуы мен
топырақтың терең қабаттарынан ылғал мен қоректік заттардың іздеуге қабілетті. Тамыр
жҥйесінің дамуының қарқынды ҧзарып ӛсіп, топырақта терең енгендіктен, қҧмай ӛсімдіктері
ксерофитті (қҧрғақшылыққа тӛзімділік) тҥріне жатады. Кӛптеген егістік дақылдар арасында
қҧмай ҧзақ мерзімді қатал гидротермиялық жағдайларға тӛзуге қабілеттілігінің арқасында
кӛшбасшы дақыл болып табылады [9].
Достарыңызбен бөлісу: