Казахского языка Онлайн курс soyle kz бесплатно



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата22.12.2016
өлшемі25,93 Mb.
#10
1   2   3   4

Ағартушылық үгіт 



насихат акциялары 

және өзге де тілдік жобалар

«Сөз мерген» тележобасы

Гранттық  конкурстың  жеңімпаздарының  бірі  болып 

«Қазақстан» телеарнасының «Сөз мерген» атты жаңа ерекше 

жобасы танылды.

Бұл  –  қазақтың  аз  қолданыстағы  сөздерінің  білгірлері 

сайысатын ойындық телекөрсетім.

«Сөз мергеннің» мақсаты – қазақ тілінің бай қорын ауызекі 

тілде орынды түрде қолдана білуді насихаттау.

Қор жаңадан ашылған осы телехабардың аяғынан тік тұрып 

кетуіне қаржылай қолдау көрсетті.

Гранттық қолдау көлемі – 800 мың теңге.



18

19

«Қобыланды жырын жатқа айту» 

жобасы

 

Сондай-ақ, Қордың 700 мың теңгелік грантына «Қобыланды жырын 



жатқа айту» жобасының авторлары ие болды.

Жобаның    мақсаты  –  қазақ  тілін  жыраулық  дәстүрді  жаңғырту 

жолымен насихаттау және үйрету.

Жоба қатысушылары: серпінді жобалар арқылы тілді насихаттауды 

қолға  алған  зиягерлер,  өмірлік  белсенді  ұстанымдары  қалыптасқан 

және елдегі тілдік ахуалды өзгертуге ынталы отаншыл жандар.

Жоба  арнайы  бапкерлердің  ынталы  топтарды  үйретуді  қолға 

алуымен  іске  асады.  Жобаның  әрбір  сатысының  көріністері  деректі 

түсірім ретінде телеарналарда көрсетіледі.

Жоба жетекшісі: Земфира Ержан, өнертанушы

Түсіру тобының жетекшісі: Әсия Байғожина

«Тіл - достық мерейі»

   

 

 

 

 

фестивалі

300  мың  теңгелік  Грант  Ноғай  ұлттық-мәдени  орталығына 

қазақ тілінің мемлекеттік мәртебеге ие болуының 20 жылдығына 

арналып  Астана  қаласында  «Тіл  –  достық  мерейі»  фестивалін 

өткізуге берілді.

Фестиваль  идеясы  –  қазақ  тілін  өзге  ұлттар  арасында 

насихаттауға,  қазақ  тілінің  қазақ  пен  ноғай  халықтарына 

ортақтығын насихаттауға арналды.

Бұл  шараға  Астана  қаласындағы  өзге  ұлт  өкілдері  мен 

этномәдени бірлестіктер қатысты.

Сондай-ақ,  шараға  Ресейден  келген  дағыстандық  күйші 

Файзулла Мусаев, сургуттық ақын Әліби Қасымбаев, астрахандық 

ақын  қыз  Фарида  Сейдахметова,  Ставропольден  келген  әнші 

Әсия Тілекова және басқа ноғай жұртының өнер майталмандары 

қатысты.


20

21

«Мен - қазақпын»

   

 

радиожобасы

Қор 250 мың теңгені грант есебінде Қазақ радиосының 

эфирінде шығатын «Мен - қазақпын» жобасына бөлді.

«Мен - қазақпын» радиохабары – тыңдармандардың 

қазақ  тілін,  тарихын,  әдебиеті  мен  салт-дәстүрін,  әдет-

ғұрпын жетік білуге арналған викториналық ойын хабары.

Радиотаралым  тікелей  эфирде  аптасына  5  рет 

шығады.  Жеңімпаздарға  бағалы  жүлде  мен  сыйлықтар 

беріледі.

«Бауырсақ күні»

                            акциясы

2009  жылғы  Қор  қаржыландырған  шаралардың  бірі  – 

Алматыда 27 қыркүйекте өткен «Бауырсақ күні» акциясы.

Ұлттық  символдарымызды,  салт-дәстүрлерімізді,  ұлттық 

тағамдарымызды  және  ұлттық  ойындарымызды  насихаттау 

арқылы  жас  ұрпақтың  бойында  патриоттық  сезімді  ояту 

мақсатында Алматы қаласында бесінші жыл ұйымдастырылып 

отырған «Бауырсақ күні» акциясына қаржылай қолдау көрсетілді.

Биылғы Акция «Қазақша сөйлесейік» девизімен өтті.

Акция  барысында  ана  тіліміз  бен  әдебиетімізді  жастар 

арасында кеңінен насихаттауға арналған түрлі ұлттық ойындар 

мен викториналар ұйымдастырылды.

 

Аталмыш  шараның  құрамында  50  000  бауырсақ  пісіріліп 



халыққа таратылды.

Шараға күні бойы 10 мыңдай адам қатысты. Грант мөлшері – 

1 млн. теңге.


22

23

«Студенттік көктем - 2009» 

 

 

 

 

        фестивалі

Қор Астанада жоғарғы оқу орындары арасында «Студенттік көктем 

-2009»  фестивалі  аясында  өткен  «Қазақ  тілі  кубогы»  пікірталас 

турнирінің демеушілері қатарында қолдау жасады.

Пікірталас  барысындағы  басты  тақырып  –  қазақ  тілінің  бүгіні  мен 

болашағы болды.

Студенттер мемлекеттік тілдің қолдануы мен оның қоғамдық ортадағы 

беделін арттыруға қатысып, өзекті мәселелерді қозғады.

Бұл шараны «Жастар арасында мемлекеттік тілді дамыту» қоғамдық 

бірлестігі,  Астана  қалалық  Ішкі  саясат  басқармасы  мен  «Нұр  Отан» 

ХДП-ның жастар қанатының қолдауымен Астана қаласындағы жастар 

мен балалар ұйымдарының қауымдастығы ұйымдастырды.



«Қазақша сөйлесейік!»    

                         

 

 

 

 

 

 

акциясы

«Нұр Отан» ХДП-ның «Жас Отан» жастар қанатымен бірігіп 

«Қазақша сөйлесейік!» акциясы өткізілді.

Республикалық  акция  2009  жылғы  11  шілдеде  Астанада 

басталды.

Басты  мақсат  –  жұртшылыққа  қызмет  ету  орындарында 

мемлекеттік тілдің сауатты қолданылуына үлес қосу.

Акция  арқылы  қазақ  тіліне  қоғамдық  ортаның  мүддесін 

туғызу  үшін  сауда  орындарында,  сервистік  орталықтар  мен 

базарларда ақпараттық флаер, буклет, шара нышаны басылған 

жейделер  таратылып,  сатушыларды  қазақ  тілінде  сөйлеуге 

шақыруға арналған кездесулер жүргізілді.

2009  жылғы  тамыз  айында  республикалық  теларналарда 

мемлекеттік  тілді  үйренуге  шақыру  мақсатында  түрлі  сала 

жұлдыздары мен қазақтілді азаматтар: И. Ильин, Н. Әлімжанов, 

Н. Дементьевалар үндеу тастаған видеороликтер көрсетілді.



24

25

«Балаларымыздың болашағы – 

қазақ тілінде» жобасы

«Балаларымыздың  болашағы  –  қазақ  тілінде»  жобасы  этностық 

диаспоралар өкілдеріне балаларын қазақтілді мектептерге беруге үгіт-

насихат жүргізуді қарастырды. Оларға 2010 жылы барлық мемлекеттік 

органдар қазақ тіліне көшетінін, сондықтан да балаларының болашағы 

қазақ тілінде екенін түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жоба  түрлі  диаспоралар  тығыз  орналасқан  аймақтардағы  елді 

мекендерде жүзеге асырылды. Грант мөлшері – 1 млн. теңге. Жоба иесі – 

«Ұлт тағдыры» РҚБ (Жетекшісі – Дос Көшім).

«Қазақ тілі мен әдебиеті пәні 

оқытушыларының қауымдастығы» 

жобасы

Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  мұғалімдерінің 

Астана  қалалық  қауымдастығын  құру 

идеясына  түрткі  болған  -  орыстілді 

мектептер мен балабақшаларда қазақ тілін 

үйрету мен оқыту деңгейінің төмендігі.

Жоба  мақсаты  -  орыстілді  мектептер 

мен  балабақшаларда  қазақ  тілін  оқыту-

дың  жаңаша  сипатын  іздестіру  мен 

қалыптастыру  және  оқытушылардың 

кәсіби деңгейін заман талабына сай үнемі 

жетілдіріп отыру.

Қауымдастық Астана қалалық балалар үйлерінде Қордың қолдауымен 

қазақ  тілін  оқыту,  домбыра  және  қолөнер  шеберлігі  үйрмелерін 

ұйымдастырып оларды өз қамқорлығына алды.

2009  жылғы  қараша  айында  мемлекеттік  тіркеуден  өткен 

Қауымдастық,  сондай-ақ,  қазақ  тілі  оқытушыларының  біліктілігін 

арттырумен де айналысады.



Грант мөлшері – 1 млн. теңге.

«Мемлекеттік тіл»

Қоғамдық қозғалысының жобасы

«Мемлекеттік  тіл»  қоғамдық 

қозғалысының  Астана  филиалы 

(Сайлау  Батыршаұлы)  қазақ  тілін 

дамытуда  біршама  тәжірибесі  бар, 

сынақтан  өткен  бағдарламалары 

мен  әдістемелерін  ұсына  отырып, 

Қордың  500  мың  теңге  грантын 

ұтып  алды.  Бұл  қаржы  орыс 

мектептерінде  қазақ  тілін  оқыту 

әдістемесін  жақсартуға,  сондай-

ақ, 


мемлекеттік 

органдардағы 

қазақ  тілінде  іс  жүргізуді  енгізуге 

қатысты  семинар-кеңестер  өткізуге 

жұмсалуда.

Қазақтілді БАҚ-тарды 

қолдау

Арнайы 


гранттық 

конкурс 


қорытындысы  бойынша  қазақ  тілінде 

жаңадан  жарық  көрген  «Есіл»  және 

«Мырза» 

газеттеріне, 

сондай-ақ, 

халықаралық  «Қазақ  тілі»  қоғамының 

ұйымдастыруымен  жарыққа  шығатын 

жаңа басылымға қаржы бөлінді.

Халықаралық  «Қазақ  тілі»  (Ө.  Айт-

баев)  қоғамының  жобасы  «Білім  және 

ғылым»  ғылыми-көпшілік  журналын 

шығаруға  негізделген.  Басылымның 

тұжырымы  –  білім  беру  мен  ғылым 

мәселелерін жария ету және қазақтілді 

ғылыми-техникалық 

терминдердің 

жағдайын тұрақты түрде талдап отыру.

Грант мөлшері – 1 млн. теңге


26

27

Сондай-ақ,  «Мырза»  мен 

«Есіл» газеттеріне де 300 және 

200  мың  теңге  бөлініп,  қазақ 

тілі  мен  тарихына,  әдебиетіне 

арналған  мақалалар  жарық 

көруі  үшін  және  «Қазақша 

сөйлесейік!»  акциясына  ақпа-

раттық  қолдау  көрсету  тапсы-

рылды.


Биылғы 

жылдың 


қазан 

айында  Қор  «Алтын  жүрек» 

сыйлығының  иегері,  «Алматы 

ақшамы»  газетінің  фототілшісі 

Самат  Құсайыновтың  «Сайын 

дала,  салт-дәстүр  сыр  шертеді 

суретте»  атты  жеке  көрмесін 

ұйымдастыруға  200  мың  теңге 

бөлді.

Көрмеге  автордың  іріктелген 



100  фотожұмысы  қойылды.  Олар 

ұлттық  дәстүр  мен  мәдениетке 

және  Қазақстанның  бай  табиғатын 

насихаттауға арналған.



«Абай жолы» 

аудиокітаптарын тарату

Аталмыш аудиокітаптардың 

тіл  үйретуші,  сөздік  қорын 

молайту, жүргізіп оқуды дамыту 

мен  дыбыстау  және  дикция 

қабылетін  шыңдау  мүмкіндігін 

ескеріп, Қор «Жазушы» баспа-

сынан  М.  Әуезовтың  «Абай 

жолы» аудиоэпопеясының 500 

данасын 1 млн. теңгеге сатып 

алды.

Аудиокітаптың  бір  бөлігі 



Дүниежүзілік  қазақтар  қауым-

дастығы  арқылы  шетелдік 

қазақ  диаспораларына  тегін 

таратылуда.



Шетелдегі қазақ диаспораларын 

қолдау

2009 жылы Қор Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының ресейлік 

филиалына 1 млн. 250 мың теңге грант бөлді. Бұл қаржы арнаулы 

әдебиеттер  сатып  алуға,  тіл  үйрету  курстарын  ашуға,  ұлттық 

мейрамдар өткізуге жұмсалады.

Мұнымен бірге Қор «Мәскеудегі қазақ тілі күнін» өткізуге қолдау 

көрсетті. Шара осы жылғы 24 қарашада болып, оған РФ-дағы ҚР 

Елшісі Зауытбек Тұрысбеков қатысты.



28

29

Қордың сыйақысы

2009 жылғы 8 шілдеде Қор «Атамекен» Ұлттық экономикалық 

палатасымен  бірлесіп  150  мың  теңге  көлеміндегі  сыйақысын 

қазақ  тілі  мен  қазақ  ұлтын  дамытуға  қосып  жүрген  үлесі  үшін 

жазушы Герольд Бельгерге, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты 

Алдан Смайылға, «Алтын орда» газетінің редакциясына, «Хабар» 

телеарнасының журналисі Ринат Кертаевқа және отаншыл әнші 

Ерболат Құдайбергенге тарту етті.



Кітаптар, оқулықтар 

мен сөздіктер шығару

«Қазақ тілі: еркін сөйлеймін, сауатты жазамын және аударамын» 

оқыту құралы

Қор 500 мың теңгені мемлекеттік қызметшілерге, іс жүргізушілерге, 

аудармашылар мен тіл үйренушілерге арналған «Қазақ тілі: еркін 

сөйлеймін,  сауатты  жазамын  және  аударамын»  оқыту  құралын 

әзірлеуге бөлді.

Жоба  мақсаты  -  мемлекеттік  қызметшілерге,  іс  жүргізушілерге, 

аудармашылар  мен  тіл  үйренушілерге  іс  жүргізуге  және  ресми 

хаттарды жазуға үйрету. Оқу құралында стандарттық синтаксистік 

құралымдар мен іскери тілде барынша жиі қолданылатын сөйлемдер 

қамтылған.



Қазақ тілін өз бетінше үйрену 

жобасы

Қор  «ДемОрда»  қоғамдық  қорына  «Самоучитель  казахского 

языка  для  начинающих»  оқу  құралын  басып  шығаруға  үлес 

қосты. Грант сомасы – 700 мың теңге.

Оқулық  қазақ  тілінің  фонетикасы  бойынша  жасақталған  15 

сабақтан тұрады. Кітап авторлары қазақ дыбыстарын барынша 

ұғынықты  жазып,  дыбыстарды  меңгерудің  дәл  дыбыстау 

жолдарын барынша қарапайым түрде сипаттап, тиімді тәсілдерін 

келтірген.

Сынақ жүзіндегі «Қазақ тілі» 

оқулығы

«Ассалазар»  ЖШС  ересек  тіл  үйренушілер  үшін  Сынақ 

жүзіндегі  «Қазақ  тілі»  оқулығын  әзірлеу  мен  басып  шығаруға 

арналған  Қордың  700  мың  теңге  грантын  ұтып  алды.  Оқулық 

материалы орта және егде ұрпақтың жасы мен психологиялық 

ерекшеліктерін ескере отырып құрылған.



«Балғын шаққа – 

бал шығарма»

500  мың  теңге  көлеміндегі  Қордың 

гранты  Ақмола  облыстық  мемлекеттік 

тілді дамыту қорына берілді.

Бұл    қаржыға  аталмыш  қор 

балаларға  арналған  кітаптар 

шығаруда.   

70 беттік безендірілген жинаққа 

қазақ тіліндегі қызықты әңгімелер, 

өлеңдер мен ертегілер енгізілген.

Гранттың    бір    бөлігі  қысқаша 

«Нарық  терминдерінің  орысша  - 

қазақша терминдер сөздігін» шы-

ғаруға  пайдаланылды.



30

31

Тіл үйретуші «Қос» құралы

Қордың  300  мың  теңге  гранты  қазақ  сөздерін  жедел  түрде 

меңгертуге арналған Е. Нарымбаевтың авторлық «Қос» тіл оқыту 

жүйесіне бөлінді.

Жоба 4-7 жасар балаларға арналған. Тіл оқыту ойын түрінде 

жүргізіледі  де,  балдырғандардың  қазақ  тіліне  деген  орнықты 

қызығуын  дамытады,  сәби  шақтан-ақ  қазақ  әліпбиі  мен  тілдің 

негізін игеруге ықпал етеді.

Грант  талабы  бойынша  300  дана  оқыту  өнімі  тегін  түрде 

Балалар үйі мен балабақшаларға таратылуда.



Қазақ тіліндегі 

«Этносаяси сөздік» жобасы

«Этносаяси  сөздік»

  -  көпшілік  оқырманды  жаңаша  қоғамдық-

саяси  сөздік  қормен  таныстыруға  арналған  Этносаяси  сөздік 

шығару жөніндегі жоба.

Сөздікте негізгі этносаяси ұғымдар мен тарихи-саяси терминдер 

қамтылған.

Жобаны жүзеге асыруға 850 мың теңге грант бөлінді.

  

 

«Ұлттық рух»



Мемлекеттік  тілді  дамыту  Қоры  қызметінің  жарғылық 

мақсаттарының  бірі  –  мемлекеттілік  пен  қазақстандық 

отаншылдықты нығайту болып табылады.

Қор бұл мақсатқа басым түрде назар аударады.

Сондықтан да, Қор өзінің гранттық конкурс аясында тарихи-

патриоттық  «Ұлттық  рух»  бағдарламасының  жүзеге  асуына 

қолдау көрсетті.

Бұл бағдарлама бірнеше бағыттан тұрады:

Бұрын жарық көрмеген тарихи-сараптамалық   



 

материалдарды басып шығару;

«Халық батыры» акциясын жүзеге асыру;



«Кенесары хан» жобасын жүзеге асыру ;

«Нәубет. Казахская трагедия» жобасын жүзеге  



 

асыру ;


Зияткерлік «Қазақ альманағы» журналын шығару.

Жобаның жалпы құны - 10 млн. 700 мың теңге.



Жобаны жүзеге асырушылар: «Атақазақ» қоғамдық бірлестігі, 

«Бастау» қоғамдық қоры, «Ұлттық даму инситуты» ЖШС.



32

33

«Қазақ альманағы» журналы

«Қазақ альманағы» – қазақ тілі мен ұлтының даму болашағын 

тұжырымды  түрде  сараптауды  көздейтін,  ұлтымыздың  бірлігін 

нығайтуға бағытталған, өзара тығыз идеялы-саяси, рухани-әдеби, 

мәдени-тарихи тақырыптарды қозғайтын 250 беттік журнал.

Бүгінге дейін альманахтың 4 саны жарық көрді. Оның авторлары 

–  белгілі  отандық  саясатшылар,  ғалымдар  мен  зиялы  қауым 

өкілдері.

Басылымның 6 нөмірін 7 мың таралыммен шығаруға Қор 3 млн. 

теңге бөлді.



Бұрын жарық көрмеген 

тарихи құжаттар мен әдебиеттер

Бүгінгі  таңда  тарихи-құжат-

тардың  3  жинағын  басып 

шығаруға  әзірлік  жасалуда. 

Біріншісіне – Ж.  Аймауытовтың 

бұрын  жарияланбаған  еңбек-

тері, екіншісіне – Н.Е. Бекмаха-

нованың  ұлт-азаттық  күрес 

туралы  еңбектері  енгізілді. 

Соңғы кітапқа Т. Омарбековтың 

«Голодомор  в  Казахстане» 

еңбегі жоспарланды.

Көрсетілген әдебиеттерді басып шығаруға бөлінген грант мөлшері 

– 3 млн. теңге.



«Наизломе.  

Алаш  в этнополитической истории 

Казахстана»

«Нұр  Отан»  ХДП  қолдауымен 

«Ұлттық  рух»  бағдарламасы  аясында 

тарих 


ғылымдарының 

докторы 


Дина  Аманжолованың  «На  изломе. 

Алаш  в  этнополитической  истории 

Казахстана»  кітабы  жарық  көрді.  Бұл 

еңбекте жиырмасыншы ғасыр басында 

жоғары  білімдар,  жанжақты  білікті 

қазақ  зиягерлері  саясат  сахнасына 

ұлттық мемлекеттілік мәселесін жалау 

етіп алып шыққан еді.

Бұл  зерттеудің  құндылығы  «Алаш»  қозғалысының  қазақ 

этносын  рухтандырудағы  рөлін  ашуында,  қазіргі  Қазақстан 

жағдайында да өзекті болып отырған олардың ұсынған ұлттық 

мүдделерді қорғау жөніндегі саяси тетіктері мұқият сарапталған.

Кітаптың ресми тұсау кесері Мәскеу және Астана қалаларында 

өтті.


«Халық батыры» акциясы

«Халық батыры» акциясы Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 65 

жылдық мерекесіне арналған. Мақсат – 1941-1945 жылдардағы 

соғыста көрсеткен жанқиярлығы үшін Кеңес Одағының батыры 

атағына ұсынылып, бірақ түрлі себептермен ол атақ бұйырмаған 

қазақстандықтардың ерлігін паш ету мен есте сақтау.

Бұл  жобаны  атқарумен  айналысатын  «Атақазақ»  ҚБ  ел 

бойынша  осы  мақсатқа  сәйкес  келетін  мұрағаттық  материал-

дарды  жинастырып,  мұқият  сараптап,  Үкіметке  әскери  ерлігі 

Кеңес кезінде лайықты аталмаған халық батырларын мәңгі есте 

қалдыруды ұсыныс етпек.

Акция отаншылдық сипатта болғандықтан, ол тарихи әділет 

орнатуға ғана емес, сонымен бірге жас ұрпақты өз отанын сүюдің 

жарқын үлгісімен тәрбиелеу.

Бұл жобаға «Ана тілі» және «Алаш айнасы» газеттері, Қазақ 

радиосы ақпараттық қолдау көрсетуде.



34

35

«Казахское сопротивление. ХХ век»

                       жинағы

Қор  қаржыландырып  отырған  бұл  жобаның  мәні,  қазақ 

халқының  патшалық  отарлау  мен  кеңестік  ұлттық  саясат 

әдістеріне  қарсы  бағытталған  ұлт-азаттық  көтеріліс  тарихына 

арналған жинақ әзірлеу.

Жоба  мақсаты  –  қазақ  халқының  тарихына  объективтік 

көзқарас  қалыптастыру;  отаншылдық  идеясын  тарату;  ұлттық 

абырой мен ауызбірлікті нығайту.

Кітапта баяндалатын отаншыл адамдардың қазақ мемлекет-

тігін  қалпына  келтіруге  деген  өрлігі  мен  бостандық  пен 

тәуелсіздікке  деген  қыршын  ғұмыры  нәтижелі  тәрбие  болары 

күтіледі.

Жобаны бітіру мерзімі – 2010 жылғы наурыз.

«Кенесары хан» 

статуэткасын әзірлеу

Қор  1837-1847  жылдардағы  ұлт-азаттық  қозғалысының 

көшбасшысы,  соңғы  қазақ  ханы  -  Кенесары  Қасымұлының 

60  дана  статуэткасын  жасауға  арналған  патриоттық  жобаға 

қаржылай қолдау көрсетті.

Жоба  мақсаты  –  ұлттық 

батырымыз,  көрнекті  мемле-

кет  қайраткері  әрі  дарынды 

мәмлегер  бейнесі  арқылы 

өскелең  ұрпақ  арасында 

қазақстандық  патриотизмді 

нығайтуға,  төл  тарихымызды 

қадірлеу  мен  ұлттық  бірлік 

пен  тұтастықты  насихаттуға 

арналған.

Қымбат  металлдан  жасал-

ған  естелік  бұйымның  бір-

қатары барлық   республика-

лық және облыстық өлкетану 

мұражайларына тегін тараты-

лады. 

Сондай-ақ, республикалық теле-радио компанияларға ұлттық-



патриоттық  бағыттағы  хабарлар  мен  байқаулардың  қатысу-

шыларына сыйға тарту үшін беріледі.



«Нәубет. Казахская трагедия»

                                    бестомдығы

«Нәубет.  Казахская  трагедия»  бестомдығы  қазақ  халқының 

қасіретті тарихи парағы болып табылатын – 1931-1933 жылдардағы 

2 миллиондай қазақ өмірін қыршын еткен, яғни, ұлттың 50% санын 

азайтқан  аштыққа  арналған  мақалалар  мен  құжаттар  жинағы 

әзірлену үстінде.

Қор бестомдықты қаржыландыра отырып, ол қазақ нәубеті-

нің  жаңа  беттеріне  қарай  жарық  себеді.  Сонымен  бірге, 

қазақ  халқының  тарихына  толық  енбей  отырған  бұл  қаралы 

тарихи  парақтың  ұлт  шежіресіне  жаңаша  қарауды  ресми 

қалыптастырады.

Бектұр Жүсіпбекұлы Аймауытовқа

 

  

 

 

 

 

құлыптас қою

Биылғы жылдың мамыр айында Қор бірқатар жас саясатшылар 

мен ғалымдардың бастамасын қолдап, көрнекті қазақ жазушысы, 

ғалымы,  ағартушысы  Жүсіпбек  Аймауытовтың  ұлы  –  Бектұр 

Аймауытовтың бейітінің басына құлыптас қоюды ұйымдастырды.

Әкенің  қайғылы  ғұмыры  ұл  өміріне  қатал  із  қалдырды.  1929 

жылы Жүсіпбек Аймауытов «халық жауы» ретінде атылып кеткен 

соң,  оның  ұлы  Бектұр  өткен  ғасырдың  50-жылдарына  дейін 

жазалау  органдарының  аңдуында  болды,  абақтыға  қамалды, 

елінен  ажырады.  Бұл  жылдар  ішінде  Бектұр  Аймауытов  Алтай 

өлкесінде тұрып, тек қана 2006 жылы Қазақстанға оралды. Бектұр 

Жүсіпбекұлы екі жыл бойы Алматыдағы қариялар үйінде тұрды. 

Оның соңғы саясы белгісіз бейіт болып бұйырды. Бейіттегі нөмір 

болмағанда, оны табу мүмкін де болмас еді.

Б.  Аймауытовқа  құлыптас  орнатуға  120  мың  теңге  бөлінді. 

Қария құрметіне ас берілді.



36

37

Ынтымақтастық туралы 

меморандумдар

2009 жылы Қор мемлекеттік тілдің рөлін одан әрі арттыруды 

негізге  ала  отырып,  азаматтардың  мемлекеттік  тілді  кеңінен 

меңгеруіне барлық жағдай жасау, тіл саясатын тиімді іске асыру, 

тіл  заңдылықтарын  жетілдіру  жөнінде  бірлескен  ұсыныстар, 

қазақ  тілін  оқытатын  тиімді  әдістемелер  әзірлеу,  ана  тілімізді 

бизнес-кеңістігіне  енгізу  мақсатында  «Нұр  Отан»  Халықтық 

Демократиялық партиясымен, Қазақстан халқы Ассамблеясымен 

және  «Атамекен  Одағы»  Ұлттық  экономикалық  палатасымен 

бірлескен қызмет туралы меморандумдарға қол қойды.

Осы  меморандумдар  аясында  «Нұр  Отан»  ХДП-сымен 

«Қазақстанның  болашағы  –  қазақ  тілінде»  атты  аймақтық 

дөңгелек  үстелдер,  «Қазақша  сөйлесейік»  акциясы  және  «На 

изломе.  «Алаш»  в  этнополитической  истории  Казахстана» 

кітабын жарыққа шығару сияқты бірлескен жобалар жүзеге асты.

Қазақстан  халқы  Ассамблеясымен  аймақтық  Этномәдени 

топтарға  және  оларға  қазақ  тілін  үйрететін  оқытушыларға 

арналған семинар-тренингтер сериясы өткізілді.

«Атамекен  Одағы»  Ұлттық  экономикалық  палатасымен 

орыстілді журналистер арасында байқау өткзіліп, тіл жанашыр-

ларына арнайы сыйлықтар тағайындалды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет