Kazakh national pedagogical university after Abai хабаршы вестник bulletin «Тарих және саяси-әлеуметтік ғ ылымдар»


Key words: Islamic finance, the Republic of Kazakhstan, «Al-Hilal»



Pdf көрінісі
бет136/493
Дата06.01.2022
өлшемі9,77 Mb.
#13132
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   493
Байланысты:
2018 №3 Абай аты ҰПУ хабарщыс

Key words: Islamic finance, the Republic of Kazakhstan, «Al-Hilal». 

 

Ислам қаржыландыру жүйесіне деген жаңа көзқарас әлемдік экономикалық дағдарыс толқынынан соң 

күшейе түсті. Өйткені, ислам қаржы институттары дағдарысқа қарсы тұра алатындығымен әлем назарын 

өздеріне  аударды.  Қаупі  жоғары  активтерден,  жоғары  тәуекелділікті  ипотека  мен  алыпсатарлық 

деривативтерден сақтағандықтан дағдарыстың айтулы 2008-2009 жылдары да исламдық қаржыландыру 

жүйесі пайдамен шыққан [1]. 

Қаржылық дағдарыс ғаламдық экономиканың рецессиясына әкеп соқтырған дүниежүзілік қаржылық 

жүйенің мәселелерін анықтады. Қаржылық дағдарыстың пайда болуына қаржылық нарықтың екіжақты 

қадағалануы  мен  жалған  капиталдың  жасақталуы  септігін  тигізді.  Дәстүрлі  қадағалау  мен  реттеу 

жүйесінен тыс пайда болған жаңа қаржылық құралдар мен институттардың қалыптасуы нақты активтерге 

негізделмеген  ақша  массасының  пайда  болуына  әкелді.  Күрделі  схемалар  арқылы  жасалып,  реттелетін 

қаржылық капитал экономиканың нақты секторындағы өндірістің көлеміне сәйкес келмейтін виртуалды 

капиталға  айналды.  Қаржылық  ресурстар  нақты  тауарлар  мен  материалды  құндылықтарды  қамтамасыз 

етудегі  негізгі  мақсаттарын  жоғалтты.  Бұл  өз  ретінде  спекулятивті  капиталдың  өсімі  мен  дүниежүзілік 

экономиканың  дамуындағы  дисбаланстың  пайда  болуына  әкелді.  Мәселен,  Халықаралық  есептесу 

банкінің  мәліметі  бойынша  2008  жылдағы  дүниежүзілік  деривативтердің  биржадан  тыс  нарығының 

көлемі  591,9  трлн.  АҚШ  долл.  құраған,  бұл  дүниежүзілік  жалпы  өнімнен  9,5  есе  артық  еді  (62,2  трлн. 

АҚШ долл.), басқа сөзбен айтқанда, деривативтердің тек 10% ғана нақты экономиканы қамтамасыз еткен. 

Осылайша, нақты өндіріс процессімен және нақты активтермен қамтамасыз етілген тиімді қаржылық 

жүйені қалыптастыру мұқтаждығы пайда болды. Бұл жерде өндірістік үрдіспен тікелей байланысқан және 

пайда  болған  тәуекелдерді  болдырмауға  мүмкіндік  беретін  исламдық  қаржыландыру  ерекше  рөлге  ие 

болады [2].  

 



ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3(58), 2018 г. 

94 


2009  жылдың  7  шілде  күні  «Қазақстан  Республикасының  Үкіметі  мен  Біріккен  Араб  Әмірліктерінің 

Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасындағы Ислам Банкін ашу туралы келісімді ратификациялау 

туралы» Заңға қол қойылды. Осы рәсім барысында Ислам Даму банкінің президенті Ахмад Мохаммед 

Әли  әл-Мадани  өз  сөзінде:  «Ислам  банкі  Қазақстанға  қажетті  қолдау  көрсетуге  дайын.  Бұл  –  әсіресе, 

дағдарыс  жағдайында  өте  маңызды.  Біз  сіздердің  елдеріңіздің  орнықты  әрі  сенімді  әріптесі  болып 

табыламыз» - деді [3].  

Қазақстанда исламдық қаржыландырудың тетіктерін дамытудың еліміз үшін песрпективасы зор екенін 

Елбасымыздың  2010  жылғы  29  қаңтардағы  «Жаңа  онжылдық  –  жаңа  экономикалық  өрлеу  – 

Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы тағы да дәлелдейді. Онда Елбасы 

отандық  қор  рыногын  жұмыс  істеуге  мәжбүрлеп,  ол  2020  жылы  ТМД  мен  Орталық  Азиядағы  ислам 

банкингінің өңірлік орталығына айналуы және Азиядағы жетекші қаржы орталықтарының ондығына енуі 

тиіс екендігін айқындаған [4].  

Астана халықаралық қаржы орталығы болашақтың қаржы нарықтарында серпіліс жасауды көздейді. 

Бұл  туралы  Astana  Finance  Days  халықаралық  форумының  жұмысына  қатысқан  Үкімет  басшысы 

Бақытжан Сағынтаев мәлімдеді.  

Өз  кезегінде  Ислам  даму  банкі  тобының  президенті  Бандар  Хаджар  Қазақстанның  исламдық 

қаржыландыру  көшбасшысы  боларына  сенім  білдіріп:  «Сіздердің  елдеріңізде  аймақтық  хабқа  айналу 

үшін  барлық  мүмкіндік  бар.  Исламдық  қаржыландыру  Қазақстанда  да  өседі  деп  күтемін.  Сукук 

құралының  көмегімен  бұған  біз  де  өз  үлесімізді  қоса  аламыз.  Қазақстанның  саясатын  қолдаймыз. 

Қазақстан  үшін  жалпы  қаржыландыру  2,4  миллиард  доллардан  асады.  Ол  қаражат  негізінен  ауыл 

шаруашылығы, көлік және қаржы секторларында шоғырлануда» – деді [5].  

 

Кесте 1.Ислам қаржы институттарының Қазақстанда орнығу хронологиясы 



 

 

 



 

Хронологиялық кестеде көрсетілгендей, Қазақстандағы исламдық қаржыландыру үрдісі 1992 жылдан 

басталып, 2009 жылы исламдық банктерді ұйымдастыру мен қызметі және исламдық қаржыландыруды 

ұйымдастыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. 2011 жылы шілдеде 

мемлекеттік исламдық бағалы қағаздарды шығаруға рұқсат ететін және корпоративтік исламдық бағалы 

қағаздарды шығарушылардың тізбесін кеңейтетін Заң қабылданды. Қазақстан Республикасының Үкіметі 

Исламдық қаржыландыруды дамытудың 2020 жылға дейінгі жол картасын бекітті. Бұдан басқа исламдық 

қаржыландыру жүйесін одан әрі дамыту жөнінде, оның ішінде исламдық сақтандыруды және исламдық 

лизингті  ендіру  жөнінде  де  іс-шаралар  асырылуда.  Ал,  2020  жылға  қарай  Қазақстандағы  жалпы  банк 

активтері көлемінің 3-5% исламдық банкинг үлесіне жеткізу жоспарлануда. 

Осы  мәліметтердің  мазмұнындағы  үміт  пен  жүзеге  асырылған  нәтижені  келістіру  арқылы, 

Қазақстандағы Исламдық қаржыландыру үрдісінің мүмкіндіктерін сараптауға кірісейік. Алдымен, ислам 

банкингінің  өзімізге  таныс  банктерден  айырмашылығын  түсіндіріп  өтуді  жөн  санаймыз.  Жалпы, 

банктердің іс-әрекетін үш сөзбен сипаттағанда ол қаражат беру, қадағалау, қаражатты өсімімен қайтарып 

алу болса, олардың іс-әрекетінің нәтижесін берген қаражатын қаншалықты қайтарып ала алғандығымен 

өлшеуге болады. Дегенмен, қарызға қаражат алсаң, «еселеп» қайтару керек болатынын әркім де түсініп 

болды.  

Ал,  Ислам  банкингі  —  Шариғат  заңдары  мен  ережелеріне  негізделген  банктік  жүйе.  Исламдық 

банкингтің  негізгі  қағидаттары  —  пайда  мен  шығынның  бөлінуі,  пайызға  тыйым  салу,  ақша  айырбас 

құралы  және  құн  өлшемі  болып  табылады.  Исламдық  қаржы  институттары  өз  қызметін  жүзеге  асыру 

барысында Шариғаттың қағидаттары мен ережелерін және әдеп қағидаттарын ұстануға міндетті. 

Ислам  банкінің  дәстүрлі  банктен  айырмашылығы  клиенттерге  банктік  қызметтер  мен  өнімдерді 

ұсынғанда әдеп қағидаттарын ұстануында. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   493




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет