Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3(58), 2018 ж.
95
Сондай-ақ, ислам банктерінде тәуелсіз бақылау органы — Шариғат Кеңесі бар, ол банктің
оқшауланған тәуелсіз құрылымы болып табылады. Кеңестің қызметі мен міндеттері Банк жарғысында
және Қазақстанның ислам банктерінің қызметін реттейтін заңнамасында анықталады. Шариғат Кеңесінің
міндеттеріне банктік қызметті жүргізуде Шариғат қағидаттары мен ережелерінің сақталуын бақылау
кіреді. Ислам банкіндегі барлық банктік үрдістер мен операциялар Шариғат Кеңесімен мақұлдануы тиіс.
Шариғат Кеңесі өнімдер мен қызметтердің Шариғаттың қағидаттары мен ережелеріне сәйкестігін
анықтайтын ақырғы орган болып табылады.
Ислам банкингінің негізгі қағидаттары:
Банк пен клиенттің серіктестігі (пайда мен шығынды бөлу);
Ақша – сатылатын зат емес, ол айырбас және құнның өлшем құралы;
Шарттың мәні мен оның талаптарына (гарар) қатысты тұрлаусыздыққа тыйым салу;
Кездейсоқ жағдайлардың нәтижесінде пайда көруге тыйым салу (майсир): құмар ойындар, туынды
қаржы құралдарымен (деривативтермен) ұтыс тігу және операциялар жасау;
Шариғат қағидаттарына сай белгілі бір қызмет түрлерін қаржыландыруға тыйым салу: темекі,
алкоголь, қару-жарақ өндірісін, есірткі заттарын, сонымен қатар порнография мен ойын бизнесін таратуға
қатысты қызметтерді (харам);
Өзгенің меншігін иемденуге тыйым салу;
Қарызды сатуға тыйым салу [6].
Бүгінгі таңда әлем бойынша 90 астам ислам банктері қызмет етуде. Ислам активтерінің 71 % Таяу
Шығыс елдерінің үлесінде, 24 % Азия мемлекеттеріне тиесілі. Батыс елдерінің ішінде Исламдық
қаржыландырудың көшбасшысы Ұлы Британия болып саналады. Әлемдік практиканы зерделейтін
болсақ, ICD-Thomson Reuters есептемелеріне сәйкес, 2018 жылы әлемде исламдық қаржыландырудың
активтері $2,5 трлн. (банкинг – 73%, сукук* (исламдық облигациялар) – 16%, қорлар – 4%, такафул*
(исламдық сақтандыру жүйесі) – 2%, басқа қаржы институттары – 6%) құраған [7].
ICD-Thomson Reuters мәліметтеріне сәйкес жасалған авторлық диаграмма
Ал, Қазақстанда қазіргі таңда 2 исламдық бөлшек сауда банкі өз қызметін жүзеге асыруда, олар - «Al
Hilal» және «Заман-Банк»ислам банктері. «Al Hilal» ислам банкі өз қызметін 2010 жылы бастаған,
Қазақстан және ТМД аумағындағы ең алғаш ислам банкі болып табылады. «Al Hilal» ислам банкінің
Алматы, Астана және Шымкент қалаларында бөлімшелері бар. 2017 жылдың тамыз айында «Al Hilal»
Банк Алматы қаласында бөлімшесін ашып, бөлшек сауда бизнесін бастағанын жариялады. Қазіргі күнде,
«Al Hilal» Банкінің активтері $70 млнға жуық. «Заман-Банк»-тің активтері $50 млнға жуық.
Сондай-ақ, бүгінде Қазақстанда 2 исламдық лизингтік компания бар – 2013 жылдан бастап Kazakhstan
Ijara Company және 2017 жылдың басында дәстүрлі лизингтік компаниядан исламдыққа қайта құрылған
ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3(58), 2018 г.
96
Al Saqr Finance. Kazakhstan Ijara Company-дің негізгі акционерлері - Жеке секторды дамыту жөніндегі
Ислам корпорациясы (ICD), «Al Hilal» Банк және «Заман-Банк». Al Saqr Finance 2017 жылы өз акционері
«Астана-Банкі»-мен бірлесіп исламдық қаржыландыру қағидаларына сәйкес дебет карталарын шығару
жобасын сәтті жүзеге асырғанын атап өткен жөн.
Ендігі кезекте атқарылған іс-шаралар және жоғары тараптардан артылған үміттің қаншалықты
ақталғанын сараптасақ. Зерттеуіміз барысында негізгі қарастырылатын сұрақтар: Қазақстандағы
исламдық қаржыландырудың үлесі қандай? Еліміздің зайырлы мемлекет құқығы және шариғат заңы
өзара қалай үйлеседі? Ішкі жалпы өнімге пайдасы қандай болмақ?
Исламдық қаржы құралдарын діни наным-сенімдеріне қарамастан кез-келген тұлға пайдалана алады.
Жаңа клиенттерді тарту, сондай-ақ, бай мұсылман елдерінен инвестиция тарту және қор жинауды
әртараптандыру мақсатында, Еуропа елдерінің мұсылман тұрғындарының жоғары сұранысына
байланысты бірқатар Еуропа және Азия елдері исламдық қаржы институттары да, дәстүрлі банктер де
исламдық қаржы өнімдерін ұсынуға мұрсат беретін заңнамалық өзгерістер енгізді. Мысалы, жақын арада
бірқатар мұсылман емес елдер мемлекеттік исламдық құнды қағаздар шығарды. Олардың ішінде –
Ұлыбритания, Люксембург, Германия, Оңтүстік Африка және Гонконг. Әлемдегі ең ірі банктердің бірі
Goldman Sachs 2014 жылы көлемі $500 млн құрайтын сукук шығарды. Малайзия және Дубай
Биржаларымен қатар, Лондон, Ирландия және Люксембург алаңдары сукук исламдық құнды қағаздарды
орналастыру және сату көлемі жағынан көшбасшы. Яғни байқағанымыздай, әлем нарығында исламдық
қаржы орталықтарының даму қарқыны айтарлықтай жоғары.
Қазақстан ТМД кеңістігі және Орталық Азия аймағындағы исламдық қаржыландыруды заңнамалық
деңгейде енгізген алғашқы мемлекет болды. Бүгінде Қазақстанда исламдық банк активтерінің үлесі банк
секторының жалпы үлесінен 0,08% құрайды [8].
Кесте 3. Қазақстан банктерінің активтері мен капиталы (қаңтар 2016-қаңтар 2017 жж.) [9]
Дәрежесі
(Rank)
Банк атауы
Активтері (мың
теңге)
Депозиттері (мың
теңге)
Капиталы (мың
теңге)
1
Halyk Bank
4890124825
3449457879
616194113
2
Qazkom
4869393937
2863689696
474298802
3
Цеснабанк
2081907387
1535291268
164582978
4
Сбербанк
1654861160
1154202441
147943786
5
АТФ
1371196437
1050065471
80463280
6
БанкЦентрКредит
1359211138
1021553884
98671147
7
Forte Bank
1218400388
865052545
176861992
8
Kaspi Bank
1200169091
808990742
123661055
9
Bank RBK
1020999031
774568023
82222989
10
Eurasian Bank
996601344
654150495
94086405
30
Al-Hilal
21225011
14591756
31
Заман-Банк
14455951
2247951
11729185
32
Қазақстандағы Пәкістан ҰБ 5678830
588894
4799466
Достарыңызбен бөлісу: |