Kazakh national pedagogical university after Abai хабаршы вестник bulletin «Тарих және саяси-әлеуметтік ғ ылымдар»



Pdf көрінісі
бет138/493
Дата06.01.2022
өлшемі9,77 Mb.
#13132
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   493
 

Барлығы (34 банк үшін) 

25 561 157 466 

17 268 614 786 

2 844 859 136 

https://forbes.kz/ranking/renking_bankov_kazahstana_-_2017 

 

Осы сәтте туындайтын парадокс: Қазақстан халқының 70% мұсылмандар, жалпы саны 11 млн адамнан 



астам.  Ендеше  неге  ислам  қаржы  орталықтарының  ұсынысы  олардың  тараптарынан  ойдағыдай 

қызығушылық таппауда?  

Мүмкін,  мәселе  заңнамалық  сәйкессіздіктерде  болар  деген  ниетте  «GRATA  International»  заң 

фирмасының  «Банк  және  қаржы»  департаментінің  жетекшісі  әрі  серіктесі  Шаймерден  Чиканаевпен 

жүргізілген сұхбат барысында осы сауал қарастырылды. Оның пікірінше, Исламдық қаржы орталығына 

айналу  мақсатында  Қазақстан  Үкіметімен  2009,  2011  және  2015  жылдары  жетілдіріліп  үш  пакет 

заңнамалық  жинақтар  бекітілді.  Осыған  сәйкес,  2012  жылы  29  наурызда  Үкімет  2020  жылға  дейінгі 

исламдық  қаржыландыруды  дамытудың  жол  картасын  бекітті.  Яғни,  еліміздегі  нормативтік-құқықтық 

базада тараптардың мақсат-мүдделері толығымен сәйкестердірілген.  

Демек, Үкімет тарапынан барлық қолайлы жағдайлар ұйымдастырылған. Бірақ, сегіз жылдың ішінде 

еліміздегі исламдық қаржыландыру үрдісінің қарқыны өте төмен болуының себебі неде? Бұл сұраққа өз 



Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3(58), 2018 ж. 

97 


жауабын  Қазақстандағы  «Al-Hilal»  басшысы  Прасад  Абрахам  ұсынған  болатын.  «Қазақстан  –  ислам 

қаржыландыруы  үшін  жаңа  мемлекет.  Адамдар  оның  механизмін,  жұмысының  артықшылығы  мен 

принципін  әлі  толық  түсінбейді.  Сондықтан,  біздің  басты  міндетіміз  -  адамдарға  бұл  қызметтің 

ерекшелігін  толыққанды  жеткізу.  Бұл  өз  кезегінде  исламдық  қаржыландырудың  қарқынын  дамытып, 

мәртебесін көтеруге ықпал ететініне сенемін» - деді.  

Осы  ретте,  Thomson  Reuters  агенттігіне  берген  сұхбатында  Қазақстан  Ұлттық  Банкі  Төрағасының 

орынбасары келесідей себептерді келтіреді: 

 

білім базасының жетіспеушілігі; 



 

төменгі деңгейдегі хабардарлық; 

 

шектеулі, бірақ біртіндеп дамып келе жатқан заңнамалық база.  



Осындай  тұжырымдар  Күлчманов  және  басқалар  тарапынан  Қазақстандағы  ислам  банкінің 

тәуекелдерін басқару бойынша жүргізілген зерттеуде баяндалған. Олардың зерттеулерінің қорытындысы 

бойынша  бұл  проблемалар  мекемелер,  құралдар  санының  артуымен  және  тұтыну  базасының  өсуімен 

біртіндеп жоғалады деген болжам жасалды [10].  

Сөйтіп,  біз  Қазақстандағы  исламдық  қаржыландырудың  дамуын  тежейтін  бірқатар  мәселелерді 

айқындадық.  Бір  қызығы,  олардың  ешқайсысы  жаңа  болып  табылмайды,  өйткені  мұндай  қиындықтар 

исламдық  қаржыландыру  институттары  бар  әр  елге  тән.  Олардың  шешімі  ретіндегі  айтар 

ұсыныстарымыз:  Исламдық  қаржыландырудың  құрамдас  бөліктері  тиімді  жұмыс  істеу  үшін  олар 

бірыңғай  жүйеге  біріктірілуі  керек  екені  түсінікті.  Мысалы,  исламдық  банкинг  исламдық  капитал 

нарықтарына, сақтандыруға және басқа да тетелес қызметтерге үздіксіз қолдау көрсетуі керек. Сонымен 

қатар,  Үкімет  пен  реттеуші  органдар  тәуекелдерді  нақты  бағалай  отырып,  мемлекетімізде  исламдық 

қаржыландыруды  дамыту  және  реттеу  жөнінде  тиімді  шаралар  қабылдауда  мүдделі  болып  қалулары 

маңызды.  Яғни,  Үкімет  қаржылық  сауаттылықтың  жоғары  деңгейіне  жету  үшін  қаржы  институттары 

және  білім  беру  мекемелерімен  байланысы  болуы  керек.  Исламдық  қаржы  институттары  біртіндеп 

халықтың  көпшілігін  қамтитын  әлеуметтік  жауапты  қаржылық  модельге  өтуі  тиіс.  Себебі,  исламдық 

қаржыландыру ережелері қазақстандықтардың санасы үшін күрделі/бейтаныс үрдіс.  

Қайрат  Келімбетов  IFN  CIS  Forum  –  2017  форумында  атап  өткендей  исламдық  қаржыландыру 

«Астана» 

халықаралық 

қаржы 


орталығының 

басты 


артықшылығына 

айналуы 


қажет. 

Еліміз үшін бұл – инвестиция тартудың қосымша құралы [11]. Сондықтан, Қазақстан Үкіметінің негізгі 

назарында  Астана  Халықаралық  Қаржы  Орталығы  арқылы  Парсы  шығанағының  араб  мемлекеттерінен 

исламдық  қаржыны  еліміздегі  ірі  инфрақұрылымдық  жобаларды  жүзеге  асыруға  жұмылдыру  ісін 

жеделдеткен жөн.  

Исламдық институттардың қазақстандық қаржы жүйесіндегі қазіргі үлесі шағын болғанымен,  төмен 

бастапқы базаның есебінен алдағы уақытта олардың даму қарқыны жоғарылауы әбден мүмкін. Мәселен, 

банктік  жүйенің  бес  жылға  жоспарланған  деңгейіне  жету  үшін,  айталық,  «Аl-Hilal»  жыл  сайынғы 

көрсеткіштерін  ондаған  пайыздарға  арттыруы  тиіс.  Бұдан  басқа,  жақын  арада  Қазақстанда  жаңа  ислам 

қаржы компаниялары пайда болады. Астана Халықаралық Қаржы Орталығының аумағында орналасуға 

ниет білдірген әлеуетті халықаралық қаржы институттарының ішінде, Жеке секторды дамыту жөніндегі 

Ислам  корпорациясы  (ICD),  Халықаралық  Ислам  сауда-қаражат  корпорациясы  (ITFC)  және 

Инвестициялар  мен  Экспорттық  несиелендiрудi  сақтандыру  жөнiндегi  Ислам  Корпорациясы  (ICIEC) 

сияқты Ислам Даму Банкінің еншілес ұйымдарын атауға болады. Сондай-ақ, Катар мемлекетінің Masraf 

Al Rayan, Бахрейннің Al Baraka сияқты ірі исламдық банктері, Малайзия, БАӘ, Ұлыбритания және тағы 

басқа  елдерден  инвесторлар  да  АХҚО  негізінде  орналасуды  қалады.  АХҚО  алаңында  өзінің  еншілес 

ұйымдарын ашқысы келетін жергілікті қаржы институттар да аз емес, олардың ішінде «Заман-Банк», Al 

Saqr Finance және тағы басқалары бар.  

Осылайша, алдағы жылдары Қазақстанда исламдық қаржы институттарының қалыптасуы мен жедел 

өсуі орын алады. Дегенмен, біздің ойымызша, осы институттардың елдегі қаржы секторындағы рөлі әлі 

де  қарапайым  болып  қалады.  Өйткені  қазақстандық  нарықтағы  ірі  қатысушылармен  бәсекелесу  үшін 

ислам  мекемелері  ұсынатын  операциялардың  санын  мыңдап  еселеуі  керек.  Бірақ  Қазақстанда  мұндай 

ауқымды қызметтің алғышарттары байқалмайды. Бұған қоса, араб және батыс елдеріндегі ислам қаржы 

институттарын дамытудағы әлемдік тәжірибе көрсеткендей (жүз пайыздық исламдық қаржы жүйесі бар 

Иранды есептемегенде), бұл мекемелердің нарықтағы үлесінен гөрі саны көп. Қазақстандағы исламдық 

қаржыландырудың даму үрдістерінің сипаты да осыған ұқсас болады. Яғни, бірнеше жыл бойы жоғары 

өсу қарқыны нәтижесінде әртүрлі операциялар бойынша қызмет көрсетіп, нарықтық үлесінің көлемі 2-3% 

шектеледі. 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   134   135   136   137   138   139   140   141   ...   493




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет