THE "SOFT POWER"POLICY ON THE EXAMPLE OF TURKEY
Annotation
This article describes the current state and direction of the "soft power" of the foreign policy of the Republic of
Turkey. This policy of "soft power" applies not only to neighboring countries and countries that share a common
cultural heritage with Turkey, but also to countries from different regions.
The author mentions the prerequisites of the Turkish policy of "soft power", its implementation in Turkey's
foreign policy. Also, key elements and spheres of influence of "soft power" were noted. The tools of Turkey's soft
power policy are the Maarif Foundation, the Yunus-Emre Institute, the Turkish Agency for Cooperation and
Development under the Office of the Prime Minister of the Republic of Turkey, the Foreign Languages Programs
of the Turkish Radio and Television Corporation, Turkish Airlines, etc.
Key words: Turkey, ‘soft power’ policy, Justice and Development Party, Erdogan, foreign policy, African
countries, Central Asian countries, Eurasian countries.
Түркияның «жұмсақ күші» әлеуеті негізінен оның тарихы, мәдениеті және географиялық орналасуына
байланысты. Тарихи мұра және мәдени байланыстар көрші елдермен өзара қарым-қатынастың жоғары
деңгейіне алып келді. Түрік Республикасының құрылуына дейін үш құрлыққа созылған Осман
империясы 600 жыл бойы өмір сүріп, ислам әлемінің діни беделінің орталығы болып табылатын
халифатты орналастырды. Еуразия аумағында тұратын түріктер, күрдтер, албандар, қазақтар, қырғыздар,
түрікмендер, армяндар, гректер Осман империясының құрамында болғаны мәлім. Осы факторлардың
үйлесуі арқасында Түркияның «жұмсақ күші» Балқаннан Таяу Шығыс пен Орталық Азияға дейін әсер
етеді. Басқа аймақтардағы ықпалының кеңеюіне байланысты, Түркия өзінің «жұмсақ күш» саясатының
жаңа құралдарын дамытуда, сол себепті қазіргі таңда Түркияның аймақтық және жаһандық байланыстары
Африка, Азия және Латын Америкасын қамтиды.
Түркияның «стратегиялық тереңдік» доктринасына негізделген сыртқы саясатындағы жаңа тәсілі
бұрынғы сыртқы істер министрі Ахмет Давутоғлының үлесімен дайындалды [1]. Жаңа тәсілдің негізгі
аспектісі болып «нөлдік проблема саясаты» болды, яғни Түркия көршілес мемлекеттермен
проблемаларды барынша шешеді, ал басты элементтері ретінде барлығының қауіпсіздігі, саяси диалог,
экономикалық өзара қарым-қатынас болып табылады.
Әділеттілік және даму партиясының (ӘДП) билікке келген сәтінен бастап, 2002 жылы түрік сыртқы
саясатында елеулі өзгерістер басталды. Сыртқы саясаттың белсенді эволюциялық жылдарынан кейін
Түркияның ықпалын жаһандық кеңеюге бағытталған белсенділікке байланысты ішкі және аймақтық
оқиғаларыАнкараның сыртқы саясаттың өзекті мақсаттарына жету қабілетіне қатысты сұрақтар туғызды.
Түркияның «жұмсақ күші» туралы саясаты ел өндірісінің үштұғырлы жүйесінде құрылған. Бұл жүйе
Түркиядағы және одан тыс жерлердегі сарапшылардың, академиктар және сыртқы саясатын
жақтаушылараяларында жұмыс істейді. Бұл аялар қызығушылықтың өзара қарым-қатынасы арқылы бір-
бірімен байланысты және қорғаушылары тарапынан келісіледі, яғни жақсы байланысқан тұлғалар.
Түркияның «жұмсақ күш» саясаты түрік сыртқы саясатының АҚШ-пен қарым-қатынасының өзіндік
нәтижесі болып табылады. Бұл саясат әртүрлі аялар арқылы жүзеге асып, әртүрлі және кейде
қайшылықты мүдделерге ие көптеген акторлардың өзара қарым-қатынасы арқылы жүзеге асатындықтан,
бұл мәселе өзекті. Алайда қысқа мерзім ішінде олар Түркияның жұмсақ күші туралы дерлік
гегемониялық дискурстардың пайда болуына үлес қосып, 2010 жылдың басында ӘДП режимін нығайтты
[2].
2009 жылы Ахмет Давутоғлы Түркия демократиясын елдің ең үлкен жұмсақ саясаты деді. Соңғы
жылдары Түрік үкіметі өзінің жұмсақ саясатының таралу аумағын сыртқы саясатында кеңейтті.
2000 жылдардың басынан бері Түркияның әлемдік деңгейдегі бейіні айтарлықтай өзгерді. Реализм
доктринасы мен Батысқа бағдарынан алғанда, Түркияның сыртқы саяси элиталары, оның ішінде
|