Kazakh national pedagogical university after Abai хабаршы вестник bulletin «Тарих және саяси-әлеуметтік ғ ылымдар»



Pdf көрінісі
бет202/493
Дата06.01.2022
өлшемі9,77 Mb.
#13132
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   493
Байланысты:
2018 №3 Абай аты ҰПУ хабарщыс

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3(58), 2018 ж. 

145 


Әділеттілік және даму партиясы (ӘДП) жетекші кадрлары елге дегенәлемнің сыртқы саяси көзқарасын 

жағымдыбағытқа өзгертті. Алайда, аймақтық басшылыққа ұмтылу, мұсылман әлемін патронаждау және 

оның маңайындағы көптеген ірі қақтығыстарға қатысуы, көп кешікпей созылмалы, хубрис және сыртқы 

саясатты бұзу эпизодтарына айналды.  

Кеңес  Одағының  ыдырауы  Орталық  Азиядағы  бес  түркі  республикасының  тәуелсіздігі  мен 

Кавказдағы  жаңа  мемлекеттерді  құруға  әкелді.  Американдық  және  түрік  сыртқы  саяси  қайраткерлері 

Түркияны осы үш ел үшін үлгі ретінде белгіледі: біріншіден, Түркия орталықтандырылған жоспарланған 

кеңестік  экономиканың  жетпіс  жылынан  кейін  капитализмді  қабылдауға  дайын  Орталық  Азия 

экономикалары  үшін  даму  үлгісі  ретінде  қарастырылды;  екіншіден,  демократияландыру  үлгісі  ретінде 

ұсынылды;  үшіншіден,  Түркия  -  мұсылмандардың  басым  көпшілігінің  модернизациясының  зайырлы 

моделі ретінде көрсетілді. Сонымен қатар, Түркия мен Орталық Азия республикалары арасындағы ортақ 

тарих пен мәдениеттің негізгі дәлелі Хантингтонның әлемдік саясатта өркениеттерге баса назар аударуы 

бола  алады.  Түрік  моделі  идеясының  сәтсіз  болғанымен,  қазіргі  таңдағы  жұмсақ  саясатының  қарқыны 

белең алуда. 

Түрік  «жұмсақ  күш»  саясатыжалпыланған  ақпараттар  мен  іс-әрекеттердің  аморфты  денесі  тәрізді 

болғанымен,  2001  жылы  пайда  болғаннан  кейін  академиялық  ортада  және  орталықтарда  жалпылама 

түсіндірмеге  ие  бола  бастады.  Ол  Түркияның  азаматтық  билігі,  демократиялық  нормалар  және 

экономикалық  табыстарына  негізделген  идея,имидждің  таралуының  негізгі  элементтері  болып 

табылатындығына  негізделген.Халықаралық  масштабтағы  жұмсақ  күштің  сипаттамасы,  әрине, 

Түркияның  сыртқы  саясатына  тән  емес.  Жұмсақ  күштің  идеясы  АҚШ-тан,  яғни  американдық  сыртқы 

саяси пікірталастардан бастауын алады, атап айтқанда Джозеф Найдың реалистік көзқарастарынан. Оның 

идеясынБразилия,  Ресей,  Үндістан  және  Қытай,  сондай-ақ  Түркия  сияқты  дамып  келе  жатқан 

мемлекеттердегі  сыртқы  саясат  сарапшылары  жылы  қабылдады.  Сонымен  қатар,  тұжырымдама 

халықаралық  аренада  мемлекеттіңдипломатиялық  ойындары  жүзеге  асуыныңсаяси  көрсеткіші  ретінде 

қызмет  етеді:  ол  Түркияны  жұмсақ  күшке  негізделген  басқа  әлемдік  көшбасшылардың  қатарына 

кіретіндігін  көрсететін  фактор.  Бұл  тұрғыда  Түркия  Еуропалық  Одақ  және  дамушы  БРИК  елдеріне 

еліктеуге тырысады. 

Сыртқы  алға  жылжу  және  елдің  «жұмсақ  күші»  негізін  құрайтын  түрік  мәдениетін  көрсету 

стратегиясы жеткіліксіз, өйткені Таяу Шығыста «қатты күш» және белгісіздік факторлары басым. 

Түріктердің  «жұмсақ  күші»  ерекшелігі  -  оныңкөпбайланысты  дискурстық  құрал  ретінде  жұмыс 

істеуінде.  Бұл  саясат  Түркияның  Құрама  Штаттар/Еуропалық  Одақ  пен  батыстық  ықпалды  талап 

ететінтөртінші  әлемдік  аймақ  арасындағы  қарым-қатынас  үшін  үлгі  болу  қызметіне  қатысты.  Түрік 

моделі, біріншіден, қырғиқабақ соғыстан кейін Орта Азияға сілтеме жасай отырып пайда болды. 90-шы 

жылдарда  Түркияның  ішкі  дағдарыс  кезеңі  немесе  салыстырмалы  тыныштықтан  кейін,  11  қыркүйек 

оқиғаларынан  Таяу  Шығысқа  саясаты  қайта  пайда  болды.  Кейіннен  2011  жылдағы  араб  әлемін 

сілкіндірген халықтық көтерілістерден кейін шыңдалды. 

Түркияда  «жұмсақ  күш»  саясатын  қолдану  ӘДП-ның  саяси  күн  тәртібіне  көптеген  деңгейде  қызмет 

етті.  Түркияның  Таяу  Шығыстағы,әсіресе  мұсылман  әлеміндекөшбасшылығына  баса  назар  аудара 

отырып,  билеуші  партия  өзінің  ішкі  сахнасына  қайта  оралуға  мүмкіндік  алды.  Бұл  саясат  ӘДП-ның 

құндылықтарды  көтермелеу  және  елдің  ұлттық  идентификациясын  қалпына  келтіру  әрекеттері  оның 

сыртқы  саясатының  2000-шы  жылдардағы  Ердоғанның  сайлау  алды  үгіт-насихатынаайналғанын 

көрсетеді. Сайлауда жеңіске жету аспектілерінен басқа, «жұмсақ күш» және көшбасшылық дискурстары 

ӘДП-ын жақтаушылар үшін Түркияның сыртқы  саясатының демилитаризациялануының белгісі болды. 

Ол  бұрынғы  бюрократиялық  элитаны  маргинализациялауға  көмектесіп,  әскери  күштердіңішкі  саясатқа 

әсерінің шамалы болуын заңдастырды. 

 «Жұмсақ  күш»  саясаты  ӘДП-ның  саяси  жобасындағы  басты  рөл  атқарады.  Ол  тіпті  қазіргі  таңдағы 

президент Режеп Тайип Ердоғанның гегемониялық саяси жүйені құру стратегиясы мен билікті ұстауды 

тереңдетуінде маңызды орын иеленетінін ескерсек болады.  

2010  жылдың  басынан  бері  Түркиядағы  сыртқы  саясатының  сәтсіздіктері  және  авторитаризм 

деңгейінің  өсуі  «жұмсақ  күш»саясатын  біршама  ығыстырды.  Мұндай  саясаттың  пайда  болуы  мен 

бәсеңдеуіТүркияның  мемлекет  ішінде  және  шетелде  сыртқы  саясат  элитасын  таң  қалдырып,  назарын 

аудару мақсатында өте маңызды мәселе болып қала береді. Түркияның бұрынғы сыртқы істер министрі 

Ахмет  Давутоғлу  бірнеше  рет  атап  өткендей,  Түркия  ӘДП-ның  басшылығыменаймақтық  тәртіпті 

орнатқан мемлекет болмаса да, ол өзінің сыртқы саясатының дискурсын көрсетуге қабілетті болды [3]. 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   493




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет