Kazakh national pedagogical university after Abai хабаршы вестник bulletin «Тарих және саяси-әлеуметтік ғ ылымдар»



Pdf көрінісі
бет291/493
Дата06.01.2022
өлшемі9,77 Mb.
#13132
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   493
Байланысты:
2018 №3 Абай аты ҰПУ хабарщыс

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3(58), 2018 ж. 

215 


себебі елдің тыныштығын ойлағандығынан және жеке беделіне байланысты болғандығын автор шегелеп 

айтады.  Қалай  болғанда  да  басты  мәселе  Абылайдың  тұтқыннан  босатылуына  патшалық  көмегінің 

болмағандығы.  Е.Ж.  Уәлихановтың  пікірінше,  Абылай  «құрметті  тұтқын»  ретінде  ұсталып, 

ақылдылығымен өлім жазасынан құтылып, Галдан Цереннің берген бағалы сыйлықтарымен елге оралған 

[20,  30-б.].  Абылайдың  тұтқыннан  босатылуының  себебін  Қ.  Әбуев  те  көрсетуге  тырысқан.  Ол  Галдан 

Церен – Абылайдың кемеңгерлік қасиетін түсініп, өз саясатының мүддесіне пайдаланбақшы болғандығын 

жазады. Тарихшының ойынша, қоңтайшы өзінің қазақ еліне тұтқиылдан шабуыл жасағандығының қате 

екендігін  сол  кезде  ғана  түсінген.  Бұған  себеп  болған  сол  тұстағы  Жоңғар  хандығының  Ресей,  Қытай 

империясымен  қатынастағы  қарама-қайшылықтың  ұлғайып  шиеленісуі  және  өз  хандығындағы 

алауыздықтың  байқалуы.  Сонымен  қатар  еліне  беделді  Абылай  хан  қазақ  хандығымен  келіссөз 

жүргізілгенде оның барысына әсер ете алатын күш деп есептелінгені анық екендігін автор түйіндейді [3, 

22-23-бб.].  Тарихшы  З.  Қинаятұлы  бұл  мәселеге  орай  өз  аргументтерін  келтіреді.  Оның  ойынша,  егер 

орыстар  шынымен  Абылайды  азат  етуді  ізгі  мақсат  тұтса,  патшаға  патша  хат  жазуы  керек  еді,  бірақ 

Миллер  Галдан  Церенге  патшаның  емес,  Орынбор  губернаторының  хатын  апарған.  Жоңғарияға  бара 

жатқан жолында К. Миллер қазақтармен кездескенде Ұлы жүздің батыры Наурыз оның «Абылайды азат 

етуге  бара  жатырмын»,  -  деген  сөзіне  сенбей  хатты  көрсетуін  талап  еткенімен,  оның  хатты  қазақтарға 

көрсетпегенін  келтіреді  [21,  21-бб.].  Автордың  пікірінше,  Абылайдың  тұтқыннан  босатылуына  моңғол 

билеушілерінің салты әсерін тигізген, ол бойынша Шыңғыс хан тұқымынан тараған ұрпақты құрмет тұту 

парыз болған. Соны көрсеткен зерттеушінің жазғаны: «...моңғол билеушілерінде Шыңғыс ханнан тараған 

хан ұрпағын қастерлейтін салт бар. Аблай хан ұрпағы». Нәтижесінде Галдан Церен Абылайды азат етіп 

қана қоймай, онымен қазақ пен жоңғар арасындағы бейбіт келісімге, яғни «қазақ-жоңғар арасында тату 

көршілік  бітіміне»  қол  қойған  [22,  40-б.].  Қоңтайшының  бұл  құжаты  туралы  басқа  да  авторлардың 

еңбектерінде сөз етілген. 

Жоғарыда көрсеткен топтастыру бойынша М. Мағауин, К. Аманжолов, А. Тасболатов, Е. Уәлиханов, 

Н.  Мұқаметқанұлы,  Қ.  Әбуев  екінші  топтағы  зерттеушілер  қатарын  толықтыра  түскен.  Ал  Р.Б. 

Сүлейменов  пен  В.А.  Моисеев  бірінші  топтағыларды  қолдаған.  Абылай  ханның  жоңғар  елінің 

тұтқындығынан босатылу себебіне қатысты берілген көптеген концепциялардың бары анық. Бұл әлі басы 

ашық тұрған мәселе ретінде белгіленеді. 

К.Ш. Хафизова Орта және Ұлы жүз хандарының ойраттардың өз ішіндегі алауыздықтарға араласып, 

кезіндегі мықты жауының әлсіреуіне ықпал еткендігін түйіндеген [23, с. 15]. С.А. Урашев мақаласында 

Абылай  хан  мен  оның  ұрпақтарының  елдің  саяси  өміріндегі  рөлін  бағамдай  отырып,  Абылай  ханның 

1745  ж.  Галдан  Церен  өлгеннен  кейінгі  Жоңғариядағы  алауыздықтарға  араласуы  Орталық  Азия 

аймағының кезіндегі мықты мемлекетінің құлауына әсерін тигізгендігін айту артық болмас деп санаған 

[24,  с.  91].  Яғни  ол  Жоңғар  хандығының  күйреуіне  Абылай  ханның  қызметінің  де  өз  әсері  тигендігін 

қорытыныдылап  отыр.  Абылай  ханның  ел  мүддесін  ойлағандықтан,  жоңғарлардың  ішкі  саясатындағы 

алауыздықты  өз  халқының  пайдасына  қарай  қолданып  баққандығы  туралы  деректер  кездесіп  отырады. 

Осындай ойды Н. Мұқаметқанұлы да қолдайды [15, 53-б.]. Зерттеушілердің көпшілігінің пайымдауынша, 

Абылай  мықты  хан  болып,  сыртқы  саясатты  жақсы  жүргізген  және  ел  мүддесі  үшін  дипломатиялық 

тәсілдердің әр түрін қолдана білген. 

Ә.  Мұқтар  2013  ж.  жарыққа  шыққан  мақаласында:  «...ұлы  ханымыз  Абылайдың  1780  ж.  қайтыс 

болғаны дәлелденсе де, баспасөз құралдары оқырманды әлі де 1781 ж. деп шатастыруда», - деп көрсетті 

[25, 139-б.]. Автордың мәліметі бойынша нақты деректі көрсетпеуінен, Абылай ханның 1781 ж. өмірден 

өткендігі  туралы  нақты  кім,  қашан,  қалай  дәлелдегеніне  көз  жеткізу  мүмкін  болмады.  Алайда  2014  ж. 

еңбекте де, атап айтсақ, «Еще раз о месте погребения хана Абылая» мақаласында Абылай ханның 1781 ж. 

өмірден  озғандығы  туралы  дерек  келтірілген  [26,  с.  25].  Белгілі  проблема  көлемінде  зерттеу  жүргізіп 

жүрген тарихшылардың өз тақырыптары айналасында соңғы шыққан еңбектермен танысып, ондағы жаңа 

ой-тұжырымдарды  қарастырып  жүруі  ескеретін  жайт.  Бұл  мәселеге  қатысты  К.Ш.  Хафизова  «Тайна 

смерти Абылай хана» атты мақаласында Абылай ханның өлуіне алып келген жағдайлар, оның туу тарихы 

жасырын  сырларға  толы  әрі  аңыздандырылғанын  жазған:  «точная  дата  и  подробные  обстоятельства 

смерти  Абылай  хана  в  казахской  исторической  науке  еще  не  выяснены  до  конца»  [27,  с.  47].  Абылай 

ханның  өмірден  озған  күні  мен  жағдайлардың  нақты  шешіміне  нүкте  қойылмағанын  соңғы  зерттеуші 

анық көрсеткен. 

А.  Күзембайұлы  мен  Е.А.  Әбілев  еңбегінде  Абылай  ханның  Қ.А.  Яссауи  мешітінің  қасында 

жерленгенін  жазды  [28,  с.  143].  Абылай  ханның  көмілген  орнына  қатысты  зерттеу  мақаласында  О. 

Исмагулов, М. Қожа, А. Исмагулова заманауи ғылыми зерттеу жетістіктерін, тарихи фактілерді қолдана 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   287   288   289   290   291   292   293   294   ...   493




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет