Kazakh national pedagogical university after Abai хабаршы вестник bulletin «Тарих және саяси-әлеуметтік ғ ылымдар»


ЕУРАЗИЯ КӨШПЕЛІЛЕРІНІҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ



Pdf көрінісі
бет293/493
Дата06.01.2022
өлшемі9,77 Mb.
#13132
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   493
Байланысты:
2018 №3 Абай аты ҰПУ хабарщыс

 

ЕУРАЗИЯ КӨШПЕЛІЛЕРІНІҢ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ  

 

Аңдатпа  

Мақалада  тарих  ғылымындағы  көшпелітану  бағытындағы  зерттеулердің  теориялық-методолгиялық 

негіздері,  ғылыми  концепциялар  мен  зерттеу  бағыттарының  қалыптасуы  мен  ерекшеліктері  талданады. 

ХХ ғасырдың 30-шы жылдары кеңестік тарих ғылымында үстемдікке ие болған маркстік формациялық 

теорияның  көшпелілердің  әлеуметтік-саяси  ұйымдасуы  мен  мәдени  дамуына  қатысты  зерттеулерге 

тигізген  әсері  көрсетілген.  Жаңа  тарихнамалық  кезеңде  ақпан  төңкерісіне  дейінгі  патшалық  Ресей 

тарихнамасында  қалыптасқан  эволюциялық  теорияға  негізделген  көшпелітану  ғылымының 

жетістіктерінен толықтай қол үзгені айқындалған.  

Кеңестік  кезеңде  орнаған  тоталитарлық  жүйе  гуманитарлық  ғылымдарды  өзіне  идеологиялық  құрал 

есебінде  пайдаланды.  Ғылымға  араласу,  оны  көпе-көрінеу  бұрмалау  бел  алды.  Кеңестік  кезеңдегі 

зерттеулердің  теориялық-методологиялық  негізін  құраған  маркстік-лениндік  ілім  өзінің  негізінен 

айырылып, догмаға айналдырылды.  

Батыстық  тариханамада  соғыстан  кейінгі  кезеңде  жаңа  тарихи  парадигмалар  (өркениеттік, 

құрылымдық  (структурная),  антропологиялық)  қалыптаса  бастады.  Жаңа  методологиялық  бағыттар, 

мысалы  ментальдық  тарихы,  неоэволиционизм,  әлем-жүйелік  талдау  (мир-системный  анализ), 

микротарих дамыды. Пәнаралық байланыстар негізіндегі зерттеулер көбейді. Батыстық зерттеушілер 50-

70  жылдары  түрлі  бағыттардың  синтезі  туралы  пікірталастарды  өрбітті.  Әлеуметтік  және  тарихи 

антропология пайда болды, социогенездің неоэволиционистік схемасы нақтылана бастады. 

Кеңестік  тариханамада  шет  елдік  тарих  ғылымында  қалыптасқан  жаңа  методологиялық  ұстанымдар 

мен  жаңа  теориялық  бағыттарды  тарих  ғылымының  барлық  саласына,  соның  ішінде  көшпелітану 

ғылымында қолдану ХХ ғасырдың 90-шы жылдарынан кейін қарқынды орын алды. ХХ ғасырдың 80-ші 



ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3(58), 2018 г. 

218 


жылдарынан  бастап  кеңестік  тариханамда  өркниеттік  парадигма  догмаға  айналған  марсктік-лениндік 

концепцияға  альтернатива  ретіне  қең  қолданыла  бастады.  Бүгінгі  таңда  неоэволюционистік  теория, 

дәстүрлі  қоғамдардың  политогенезі  мен  социогенезін  зерттеудегі  түрлі  концепциялар,  этнологтар, 

мәдениеттанушылар,  антропологтар,  социологтар  және  т.б.  ғылымдардың  әдістері  тарих  ғылымына, 

көшпелітану бағытындағы зерттеулерге қолдану қарқынды дамып келеді 

Кілт сөздер: көшпелітану, тарихнама, эволюционизм, формациялық теория, жаңа ұстанымдар.  

 

М.С. Ногайбаева





1

к.и.н., ассоциированный профессор КазНУ имени аль-Фараби 

Алматы, Казахстан 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   289   290   291   292   293   294   295   296   ...   493




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет