Kazakh national pedagogical university after Abai хабаршы вестник bulletin «Тарих және саяси-әлеуметтік ғ ылымдар»


Сұрау: Саяси тұрғыдан бұл қай сипатта берілген баға?   Жауап



Pdf көрінісі
бет31/493
Дата06.01.2022
өлшемі9,77 Mb.
#13132
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   493
Байланысты:
2018 №3 Абай аты ҰПУ хабарщыс

СұрауСаяси тұрғыдан бұл қай сипатта берілген баға?  

Жауап: Бұл ұлтшылдық сипатта берілген баға [17]. 

Бекежан Сүлейменов тергеу барысында өзін қайсар, қайратты, өжет тұлға ретінде ұстаған. Бірақ оның 

да  сынған,  шаршап,  тергеушінің  айтқанына  көнген  сәттеріде  болған.  Солардың  бірінде  ол  тергеушінің 

талап етуі бойынша мынадай мазмұндағы көрсетулерге қол қоюға мәжбүр болды. 

«Қазақстандағы идеологиялық майданда ұлтшылдық бұрмалаушылықтардың көрініс табуы кездейсоқ 

емес.  Оны  бағыттап  отырған  ұлтшылдар  тобы  бар,  мүмкін  оны  ұлтшылдар  «ұясы»  деп  атауға  болар. 

Мұнда  негізгі  рөл  қазақтың  көрнекті  жазушылары  Мұхтар  Әуезовке,  Сәбит  Мұқановқа,  Ғабит 

Мүсәреповке тиесілі» [18]. Тергеушінің бұл арада Б.Сүйлейменовтың аузына салып отырған көрсетуінен 

сол бұрынғы 30- шы жылдардағыдай ұлтшылдардың контрреволюциялық орталығы болды деп тұжырым 

жасауға негіз іздестіргенін байқау, әрине, қиынға түспейді 

Одан  ары  Б.Сүлейменов  1951-жылы  жазда  М.Әуезовтің  өзімен  және  басқа  да  біренеше  адамдармен 

болған  әңгіме  барысында  1917-жылы  Қаныш  Сәтбаев  екеуінің  бүкілресейлік  құрылтай  жиналысына 

депутаттар  сайлауға  даярлық  кезінде  алашордалық  ұйымның  үгітшісі  болғандарын  айтқаны  есімде  деп 

көрсетеді. 

Бұл да сол ескі әуеннің жаңғырығы еді. 

Сонымен,1951-1952  жж.  Есмағамбет  Исмаилов  және  Ермұқан  Бекмаханов  сияқты  ірі  ғалымдардың 

ғылыми-зертеу  жұмыстарына  байланысты  ұйымдастырылған  сот  процестері  барысында  құпия  қызмет 

мекемелері тергеушілері қандай мақсаттарды көздеді? 

Тергеудің  барысы  көрсеткендей  олардың  көздеген  мақсаты  Отан  соғысындағы  жеңістен  кейінгі 

уақытта  қазақ  қоғамында  жаңа  серпін  алған  ұлттық  сана-сезімге  соққы  беріп,  жаңадан  қалыптасып 

үлгерген  шығармашылықтағы  зиялылар  буыны  арасында  үрей  сеуіп,  еркін  ойға  ешқандай  да  жол 

бермеудің  әрекеті  еді.  Басқаша  айтқанда,  гуманитарлық  ғылым  саласындағы  зиялыларға  қарсы 

бағытталған бұл шаралар Кеңестік билік жағдайында ұлттық саяси басқарушы топты тедеп, ұстап оның 

санасында  кезекті  рет  үрей  туғызу  мақсатында  жүргізілген  тынымсыз  жүргізіліп  отырған  перманентті 

репрессиялық актілердің кезекті бір көрінісі болатын.  

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 



1. Академия наук Казахской ССР ( хроника событий). Составители Ж.А. Аханов, И.М. 

Қозыбаев.Алматы, 1990. С.42-43 

2. Социалистік Қазақстан.1951,28 октябрь,№255 

3. Письма Анны Михайловны Панкратовой // Вопросы истории, 1988,№11,с 37 

4. Социалистік Қазақстан.1947,1 ақпан 

5. Сонда 

6. Сонда, 1951. 4 ноябрь, № 261 

7. Сонда 

8. Сонда 

9. Сонда  

10. Академик К.И,Сатпаев. Сборник документов и материалов. Астана , 2009, с.409-410. 

11. Сонда: 410б. 

12. Қойгелдиев М.Алаш қозғалысы 1 кітап, г.Алматы,2008, 411 б. 

13. Академик К.И.Сәтбаев . Сборник ....с.420-421. 

14. ҚР ҰҚК Алматы қаласы мен облысы бойынша департаментінің мұрағаты. Ысмайылов Е. 

Айыптау ісі, Арх № 04010,1т,206-207 п.п. 


ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3(58), 2018 г. 

14 


15. Сонда. Бекмаханов Ермұханның айыптау ісі. Арх №06771. 1т,51 п. 

16. «Табалдырық» «Хан Кене» және социалистік реализм// «Қазақ әдебиеті»2009,9 қазан 

17. ҚР ҰҚК Алматы қаласы және облысы бойынша департаментінің мұрағат. Сүлейменов 

Бекежанның айыптау ісі. Арх № 04082.1 т., 174-176 п.п 

18. Сонда, 213 п 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   493




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет