Kazakh national pedagogical university after Abai хабаршы вестник bulletin «Тарих және саяси-әлеуметтік ғ ылымдар»



Pdf көрінісі
бет364/493
Дата06.01.2022
өлшемі9,77 Mb.
#13132
1   ...   360   361   362   363   364   365   366   367   ...   493
ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3(58), 2018 г. 

280 


Қазақтар арасында білім мен ілімнің практикалық пайдасын сезіну білімнің таралуының қозғаушы күші 

болғаны сөзсіз. Осы құбылысты М. Красовский былай атап өтті: «Қырғыздың өз ұлының сауатты болуын 

тілеуі өте күшті, бұл ниет халықтың даланы басқарудың жаңа мәнін түсінген кезінен бастап күшейе түсті. 

Қырғыздардың  мүддесін  қорғайтын  болыстық  тілмәш  қызметі  үшін  қомақты  ақы  алады  және  үлкен 

құрметке ие болады; осыдан кейін кім өз баласын тілмәш ретінде көргісі келмейді (қырғыздар арасында 

болыстық  тілмәштар  сирек  кездеседі),  тым  болмаса,  болыстың  хат  жазушысы  немесе  сауатсыз  ауыл 

старшинасының  көмекшісі  болғанын  қалар  еді.  Татар  сауатын  және  жазуын,  орысша  тіл  сындырған 

қырғыз  осы  үш  орынның  біреуін  алмаса  да,  халық  арасында  көрнекті  және  табысты  орынға  ие 

болады»[9]. 

Сауаттылықтың практикалық пайдасын ғана емес, ғылымның қажеттілігін сезініп, көз жеткізуі қазақ 

халқының білімге құштарлығын арттыра түсті. Көптеген қазақ ағартушылары ұлттық мәдениеттің дами 

түсуіне ықпал ететін білім мен ғылымды қолдады. 

Қазақтардың  білім  алуға  деген  орасан  зор  ұмтылысын  Ресей  зиялыларының  өкілдері  де  атап  өтті. 

Мысалы,  П.П.  Инфантьев  жазды:  «Қырғыздар  Ресей  империясының  басқа  көшпелі  халықтарының 

арасында білімді болуға қабылетті … және қазіргі күні қырғыз даласында орта білімді ғана емес, сонымен 

қатар  жоғары  білімділерді  жиі  кездестіруге  болады.  Және  балаларына  білім  беруге  ұмтылатын 

қырғыздардың саны жылдан-жылға артып келеді»[10].  

Қазақтар  оқыту  мақсатында  балаларын  ауылдық  мұсылман  мектептеріне  берді.  Ал  бай  қазақтар 

балаларын Бұхара медреселеріне, Орынбордың «Хасания» мектебіне, Уфаның «Ғалия» медресесіне берді. 

Байлардың  ауылдарында  арнайы  шақырылған  молда  оқытатын  ресми  емес  мектептер  болды. 

Молдалардың тәрбиелік рөлі біршама болды. Қазақ балаларына ислам негіздерін оқыту құқығын қорғай 

отырып,  Ы.  Алтынсарин  одан  бас  тарту  «қырғыздардың  имандылық  тәрбиесіне  нұқсан  келтіреді, 

үкіметтің  балаларды  дінді  оқытудан  шеттетуі  қызғыздар  арасында  ағартушылық  қызметтің  таралуына 

кедергі  болып,  ата-аналардың  балаларын  мектептерге  бермеуіне  ықпал  етеді»  деді[11].  Моллалардың 

қабылетті  шәкірттері  өздері  де  кейіннен  бала  оқытатын  болды.  Осылайша,  моллалар  қазақ  балаларын 

оқытуға мұғалімдердің өте жетіспеушілігі мәселесін шешуге көмектесті. 

Дегенмен де, архив материалдарында молдалардың балаларға терең білім бермей, тек түсініксіз араб 

тілінде оқытатын теріс рөлін көрсететін құжаттар бар[12].  

Балаларды тәрбиелеу мектепте және отбасында жүзеге асырылады. Оқушының мектеп қабырғасында 

алған  тәрбиесінен  оның  болашағы  айқындалады.  Тәрбиенің  маңызы  жөнінде  А.  Байтұрсынов  тамаша 

айтқан еді: «Баланы ерше тәрбиелесең, ер болмақшы, құлша тәрбиелесең, құл болмақшы». 

Отбасында  бала  тәрбиесіне  зор  мән  берілді.  Білімділікке  және  сауаттылыққа  құрмет  сезімін  дарыта 

отырып,  отбасында  балаларды  мұсылмандық  имандылық  рухында  тәрбиелеу  бірінші  орынға  қойылды. 

Адалдық,  шыншылдық,  жауапкершілік  пен  қайырымдылықты  насихаттайтын  Құран  ең  басты  кітап 

болды. Құранға сәйкес балалардың санасына өз арының, қоғамның, Алланың алдында адал болу қажеттігі 

сіңірілді. 

Қазақ шаңырағында жас ұрпаққа үлкендерді сыйлауға байлу маңызды міндет еді. Балаларының ата-

анасын  құрметтеуіне  үлкен  маңыз  берілді.  Құранда  ата-анаң  қартайса,  оларға  дауыс  көтерме,  оларға 

қамқор  бол  делінген.  Балаларды  ата-анасын  әлпештеп  күтуге,  оларды  жақсы  істермен  қуантуға, 

материалдық тұрғыдан қолдауға, сөз қайтармауға, ренжітпеуге, қартайғанда жалғыз қалдырмауға үйретті. 

Әсіресе, анаған деген құрмет сезімін тәрбиелеуге ерекше мән берілді. «Анаңды жүз рет Меккеге арқалап 

апарсаңда, ақ сүтін ақтай алмайсын» дейді халық мақалы.  

Қазақ халқы адамға жақсы да, жаман да ана сүтімен беріледі деп санаған. Тәрбие ана сүтімен бойға 

дариды, оның салдары ғұмырлық болады (сүтпен берген – сүйекпен кетеді). 

«Ана жүрегі» деген халық әнінде үлкен тәрбиелік мағына бар. Баласын жан-тәнімен сүйген анасы ол 

үшін жүрегін құрбан етеді. Ал қатыгез, мейірімсіз  баласы анасының жүрегін сүйген қызы үшін алады. 

Әнде қайырымсыз балалардың қылығына деген үлкен наза, ата-ананы сүюге және құрметтеуге үндеу бар. 

Туған-туыстарын  құрметтеу  қазақ  отбасындағы  тәрбиенің  маңызды  бағыттарының  бірі  болды. 

Қазақтар  құрандағы  «Ата-анаңды  аяла,  туыстарыңа,  жетімдер  мен  кедейлерге  мейірімді  бол»  деген 

қасиетті  сөздерді  қатаң  ұстанды.  Дінге  сенуші  қазақтар  ата-аналары  мен  балаларына  деген 

қайырымдылықпен ғана шектелмей, жақын туыстарына да мейірбанды болған. Олармен араласпай кету 

үлкен күнә саналған.  

Қазақ  қоғамында  отбасы,  отбасылық  және  рулық  қатынастар  бұлжымас  және  қасиетті  деп  саналды. 

Сондықтан  да  әділетсіздік,  көре  алмаушылық,  отбасы  мүшелерінің  басқаларына  тәкаппар  қарауы 

отбасылық,  рулық  қатынастардың  үзілуіне  себеп  болатындығы  балаларға  жас  кездерінен  түсіндірілді. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   360   361   362   363   364   365   366   367   ...   493




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет