Kazakh national pedagogical university after Abai хабаршы вестник bulletin «Тарих және саяси-әлеуметтік ғ ылымдар»



Pdf көрінісі
бет367/493
Дата06.01.2022
өлшемі9,77 Mb.
#13132
1   ...   363   364   365   366   367   368   369   370   ...   493
Байланысты:
2018 №3 Абай аты ҰПУ хабарщыс

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3(58), 2018 ж. 

283 


Исламның имандылық мәдениетінің әлемі мұсылман хадистерінде (Мұхаммед пайғамбар және оның 

серіктестіктері  туралы  аңыздарда)  жазылған:  дінге  сенуші  дөрекілікке,  бейпіл  сөзге,  арсыздыққа 

салынбауы  керек;  сізді  алдаған  адам  сіздің  қатарыңыз  емес,  өзіңе  жамандық  жасағанға  қастық  қылма, 

әрдайым  шындықты  айт,  ақша  мен  дүниенің  құлы  болма,  біреудің  орнын  тартып  алма,бір-біріңе 

күншілдік  жасамаңдар;біреудің  сөзіне  құлақ  тікпеңдер,  өзімшіл  және  қорқау  болмаңдар,  басқалардың 

кемшілігін  іздемеңдер.  Осы  аталған  адамгершілік  құндылықтар  қазақ  халқы  ұрпақтарын  тәрбиелеген, 

тілін, ділін, мәдениеті мен салт-дәстүрін мұқият сақтаған моральдық кодекс болып табылады.  

Орта  Азия  мен  Қазақстан  халықтарының  білгірі  Н.П.  Остроумов  халықтың  дамуындағы  тілдің 

маңызын  былай  атап  көрсетті:  «қырғыз  тілі  өз  халқының  қазіргі  замандағы  рухани  қажеттіліктерін 

қанағаттандыра алады. Ол өзіне басқа тілдердің қабылдай отырып, өз халқының дамуын сай дамиды… 

Мұны  қырғыздың  білімділікке  біртіндеп  жетілуінің  және  осы  арқылы  жалпыадамзаттың  прогреске 

ұмтылуға қабылеттілігінің үздік дәлелі деп санаймыз»[14].  

«Қырғыздардың дала газеті» ата-аналар педагогика негіздерін білмесе-дағы балалары жеткілікті дұрыс 

тәрбие берген. Олар ақыл, жеке тәжірибе және сенімді басшылыққа алған. Осындай тәрбиенің өзегі – ата-

ананың махаббаты, балаларын жан-тәнімен сүю. Ал бала үшін әке-шешесінің сүйіспеншіліген артық не 

бар. Қырғыздар ұрпақтарын асырап-сақтап, жамандықтан қорғаған, жақсылыққа баулыған. Жақсы өнеге, 

ғибратты  сөздер  балалардың  жүрегіне  қайрымдылықтың  алғашқы  тұқымдарын  сепкен»[15]  деп  жазды. 

Қазақтардың  педагогикасының  негізіне  гуманизм,  жас  ерекшеліктерін  және  жеке  ерекшеліктерді  және 

т.б. ескеру алынды. 

Практикада  балаларды  тәрбиелеудің  әр  түрлі  әдістері  қолданылды:  үлгі-өнеге  көрсету,  ақыл-кеңес 

беру,  меңзеу,  қызметке  бастау,  ересектердің  үлгілері,  мадақтау  және  жазалау.  Баланы  тәрбиелеу 

әдістемесінде қоршаған ортаның баланың қалыптасуына ықпал етуі факторына маңыз берілді. Сондықтан 

мұсылман қазақ өз баласының қоршаған ортасын, оның қызығушылықтары мен қажеттіліктерін зерттеді. 

Ата-анасы  баланың  қоршаған  айналасы  оған  жағымсыз  ықпал  етеін  болса,  олардың  жаман  ықпалынан 

сақтай  көр,  баламызды  дұрыс  жолға  сал  деп  деп,  Құранға  жүгінді.  Бала  күндерінен  әділдік,  адалдық, 

жауапкершілік  сияқты  мінез-құлыққа  тәрбиеледі.  Болашақ  ана,  отбасының  сақтаушысы  ретінде  қыз 

баланың  тәрбиесіне  үлкен  назар  аударылды.  Дала  қыздары  еркін  өсті,  ата-аналары  жат  жұрттық  деп 

еркелете отырып, сәби күндерінен әдептілікке, инабаттылыққа қатаң үйретті. Тәрбие үдерісінің осындай 

ерекше  болуына  рухани  қайраттылықты,  сабырлылықты,  қайырымдылықты,  оптимизмді,  мықты  ерікті 

талап еткен қазақтардың көшпенді тұрмысы әсер етті. 

XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамындағы діни тәрбиенің ерекшеліктерін 

қарастыра  отырып,  діншілдікке  шектен  шыға  берілмей,  өз  балаларын  мұсылмандық  және  ұлттық 

дәстүрлерге сәйкес үйлесімді тәрбиелегенін көреміз. Олар адамгершілік, еңбек, жыныстық, санитарлық-

гигиеналық  тәрбиеге  үлкен  маңыз  берген.  Қазақ  қоғамындағы  тәрбиенің  ерекшелілігі  –  қазақтар  білім 

алуға, сауатты болуға ұмтылған. Қазақ қоғамында жинақталған исламның және рухани құндылықтардың 

ықпалымен туған жерге, отынға деген сүйіспеншілік, үлкендерді құрметтеу, ата-анаға қамқорлық, туған-

туыстарға  деген  бауырмалдық  сияқты  асыл  қасиеттерді  бойына  жинақтаған  идеал  адамның  тұлғасы 

жасалды.  

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

1. Сиверс И. Письма из Сибири / Пер. с нем. – Алматы: Ғалым, 1999. – С. 134.  

2. Коран / Под ред. И.Ю. Крачковского… – сура «Завернувшийся», аят 41 

3. Бабаджанов М.С. Сочинение… – С. 67.  

4. Из истории казахов: Сборник документов / Сост. С. Ешмухамбетов, С. Жекеев. – Алматы: Жалын, 

1999. – С. 481. 

5. Евразийство в экономической и этнополитической истории Казахстана / Под ред. К.А. Берденовой. 

– Алматы, 1997. – С. 173. 

6. Из истории казахов: Сборник документов... – С. 323–324. 

7. Бабаджанов М.С. Сочинение… – С. 68. 

8. Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких, орд и степей… – С. 350–351. 

9. Красовский М. Область сибирских киргизов… – С. 457.  

10.  Инфантьев  П.П.  Этнографические  рассказы  из  жизни  татар,  киргизов,  калмыков,  башкир, 

вогулов и самоедов. – СПб.: Изд. А.Ф.Девриена. – б.г. – 262 с. – С. 3. 

11. Алтынсарин И. Соч.: В 3 т. – Алма-Ата: Наука КазССР, 1978. – С. 292–293. 

12. ГА ПО. – Ф. 699. – О. 1. – Д. 447. – Л. 23. 



ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3(58), 2018 г. 

284 


13. Коран. – сура «Корова», аят 265 . 

14. О киргизах // Терджуман. – 1897. – 10 ноября. – С. 169. 

15. Киргизская степная газета. Человек, общество, природа (1888–1902).  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   363   364   365   366   367   368   369   370   ...   493




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет