Kazakh national pedagogical university after Abai хабаршы вестник bulletin «Тарих және саяси-әлеуметтік ғ ылымдар»



Pdf көрінісі
бет366/493
Дата06.01.2022
өлшемі9,77 Mb.
#13132
1   ...   362   363   364   365   366   367   368   369   ...   493
ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3(58), 2018 г. 

282 


Қазақстан қонақжай халық ретінде балаларын меймандарды дұрыс күтуге,  өздерін қоғамда тәрбиелі 

ұстауға үйретті. Ғасырлар бойы дастархан басында тыйым салынған отыру түрлері үлкен қызығушылық 

туғызады. «Бірдемеге сүйеніп отыруға болмайды – бұл ауру адамның отырысы.  

а) жерді таянып отыруға болмайды – бұл о дүниелік болған адамды қайғыру кезіндегі отырыс;  

б)  белді  таянып  болмайды  –  бұл  күшi  кеткен,  яғни  «ер  адамның  белсіздігі»  немесе  жоқтау  айтып 

отырған әйелдің отырысы;  

в) бетін немесе маңдайын таянуға болмайды (бұл қайғырудың немесе уайымға салынудың белгісі)». 

Нағыз  қазақ  дастархан  басында  отырып,  бөтен  адамдардың  көзінше  керілмеуге,  қолдарын 

айқастырмауға,  аяғын  созбауға,  жүрелеп  отырмауға  тиіс  еді.  Олай  отыратын  болса,  үй  иесі:  «Жөндеп 

отырсаңшы! Қойың кетiп бара ма?» деп түзейтін. 

Қазақ  отбасыларында  жеке  гигиена  нормаларын  орындауға  көп  көңіл  бөлінген.  Мысалы,  ас  ішер 

алдында  қол  жуу,  ас  ішіп  болғаннан  соң  ауызды  шаю  міндетті  болды.  Қолыңды  жумай,  дастарханға 

отыруға болмайды. Қонақтарға ас берер алдында және тамақ ішілгеннен кейін үй иелері немесе туыстары 

әр адамның алдына келіп, құмғанмен (шайнекпен) жылы су құйып, қолдарын шайғызған. Қолды жуғанда, 

әр саусақты салалап шаю қажет. Ислам нормаларына сәйкес қазақ отбасында  денені таза ұстау, киімді, 

тұратын  үйді  ұқыпты  ұстау  қажет  болды.  Қазақстан  арасындағы  кейбір  ырымдар  тазалықты 

насихаттайды. Мысалы, суды шелектен ішу тазалыққа жатпайды, жаман ырым деп саналды. Қазақтардың 

тазалыққа ұмтылуы моңғолдардан артық екендігін ұлы тарихшы И. Андреев байқаған. Қазақтар байырғы 

заманнан әдебиетте және халықтың жадында сақталып қалған сабын қайнату дәстүрін білген. Мысалы, И. 

Андреев былай деп жазады: «Варят мыло из сала и золы в тех же котлах чугунных, в коих варят и пищу. 

Мыло сие весьма черно и крепко как камень, но для мытья весьма хорошо и мылко, ибо оным из белья 

выводятся всякие пятна».

 

Белгілі этнограф Г.Н. Потанин «Қазақ және моңғол халықтарын салыстыру» атты мақаласында басқа 



тайпалармен  салыстырғанда  қазақтардың  ерекшеліктерін  атайды:  «Моңғолдар  киім  жуудың  не  екенін 

білмейді.  Киімдерін  моңғолдар  тозығы  жеткенше  киеді.  Олар  сабын  жасамайды  және  оны 

пайдаланбайды.  Уақыт  өте  келе  беті-қолдарында  жинақталған  кір  жуылмайды,  өздігінше  эпидерма 

қабатымен ысырылып түседі. Қырғыздар бұл орайды моңғолдардан ерекшеленеді; олар киімдерін жуады, 

өздері  сабын  дайындауды  біледі.  Қырғыз  әйелдерінің  ұлттық  киімінің  өзі  тазалыққа,  ұқыптылыққа 

баулиды».  Сондай-ақ  Павлодар  облысы  Баянауыл  ауданының  тұрғыны  Мұқанова  Хадиша  сабын 

дайындау  рецептімен  бөлісті:  «Қара  сабын  қайнатуды  қазақтар  –  «сақар»  қайнату  деп  те  атаған.  «Ала 

бота» деген шөпті, сиырдың тоң майын және күл қосады екен».  

Қазақтардың  көшпенді  тұрмысы  көнтерлілікті,  рухтың  мықтылығын  талап  етті.  Сондықтан  да 

отбасылық  тәрбиеде  мұсылман  өсиеттеріне  назар  аударылды:  ешқашан  сары  уайымға  салынбай, 

ұнжырғаны түсірмей өз өмірін жақсартуға ұмтылу қажет. Өзіңді сыйла және есіңде сақта: «кім бай болса, 

тәубеге келсін, кім кедей болса, абыроймен ас ішсін».  

Көшпенділер  өздерінің  табын-табын  малдарымен  жыл  сайын  үлкен  қашықтықтарға  көшіп  отырған. 

Мал  өсіру  –  ұзақ  үдеріс.  Бұл  жай  көшпенділердің  психологиясында  диқаншылық  мәдениеттерден 

ерекшеленетін «үлкен уақыт» деген айрықша сезімді қалыптастырды. Сондықтан да климаттың өзгеруін 

алдын  ала  болжауға  мүмкіндік  беретін  жыл  санау  жүйесі  қажет  болды.  Және  ол  төрт  түлік  малдың  – 

жылқының,  қойдың,  сиыр  мен  түйенің  түлігінің  өсіп,  төл  беретін  уақытына  есептелген  ұзақ  мерзімде 

жұмыс  істеуі  керек.  «Үлкен»  уақыттың  бұл  тұжырымдамасы  шыдамдылыққа,  сынақтарға, 

байсалдылыққа және өмірдің өтпелі ұсақ-түйектеріне төтеп беруге бағытталды.  

Дүниені түсіну, қасиетті өмірлік цикл 12 жылды – мүшелді құрайды. Қазақтар басқа орталық азиялық 

номадтар сияқты әр жылдың не әкелетінін жақсы білді – ылғал мен жел, шөп және ашық күндер, жылы 

күндер  мен  аяздар  қанша  болатынын  болжады.  Олар  сиыр,  барыс,  жылан,  жылқы  жылдары  олардың 

басты еңбегі үшін сәтті болатынын білді, ал тышқан, ұлу, мешін, тауық, доңыз сәтсіз жылдар болды. Әр 

адамның  өмірі  уақыт  шеңберіне  –  он  екі  жылдықтар  тізбегіне  тәуелді.  Адам  12  жыл  өткен  соң  мүшел 

жасқа  толады.  Бұл  кезең  жеке  бас  жағдайларының  күрделі  болуымен,  денсаулықтың  нашарлауымен, 

психологиялық  және  әлеуметтік  қиыншылықтармен  сүйемелденеді.  Бұл  жылдар  аса  сақтықты  қажет 

етеді. Мүшел жас заманауи медицинадағы белгілі адамның гормоналдық жүйесінің қайта құрылуымен, 

организмді  және  психиканы  тепе-теңдік  жағдайынан  ауытқыту  кезеңімен  сәйкес  келеді.  Бір  мүшелден 

екінші мүшелге өту адамның ауруларға және басқа да қиындықтарға қарсы  күшінің әлсірейтін өмірдің 

қауіпті кезеңі деп саналды. Мұндай ауысулар мифологиялық тұрғыда өлімнің аяқталуының және туудың 

басталуын білдіреді. Аралық кезең өткен соң қазақтар өзінің сүйікті затын кіші туысына немесе досына 

оның алдындағы сынақтан сәтті өтуді тілеп, сыйға тартады. Бұл салт ұзақ, бақытты өмір сүрген қарияның 

заттарын тарату әдетімен ұқсас. Ол о дүние мен осы дүниенің арасындағы ауыспалы сәтті аңдатады.  





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   362   363   364   365   366   367   368   369   ...   493




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет