Kazakh national pedagogical university after Abai хабаршы вестник bulletin «Тарих және саяси-әлеуметтік ғ ылымдар»



Pdf көрінісі
бет378/493
Дата06.01.2022
өлшемі9,77 Mb.
#13132
1   ...   374   375   376   377   378   379   380   381   ...   493
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3(58), 2018 ж. 

291 


шегарасы болуы ықтимал деген болжам жасайды. Байқонырлық жартас суреттеріндегі жылқы бейнелерін 

ертеандроновтық  этникалық  топтың  синташты-петровтық  шеңберіне  жатуы  мүмкін  деген  жорамал 

жасайды [9,39-40,42 б.].  

Жартас  суреттерінде  қарастырылып  отырған  жалы  мен  кекілі  ерекше  кескінделген  жылқы 

бейнелерінің таралу аймағы өте кең. Олардың баламаларын аталып өткен Сары Арқа мен Үлкен Қаратау 

жартас  суреттерімен  қатар  Алтай,  Шығыс  Қазақстан,  Жетісу,  Қырғызстан  жартас  суреттерінде 

кездестіруге  болады.  Ал  Саймалы  Таш  петроглифтерінде  осылай  кескінделген  жылқы  бейнесі  қола 

дәуірінің бейнелерімен бірге кездеседі [11,106 б.,рис.34]. Шығыс Қазақстандағы осы стильде бейнелеген 

жылқы бейнелері З.Самашев б.з.д. І мыңжылдық. немесе одан да ертерек болуы мүмкін деп мерзімдейді 

[12,152  б.,рис.167-168].  Зайсан  петроглифтерінден  осы  үлгіде  кескінделген  қос  жылқы  екі  дөңгелекті 

арбаға  жегілген  жануар  ретінде  бейнеленген  [13,  493-194  б.]  Бұл  көріністегі  оларға  жегілген  арба 

жылқылардың  хронологиялық  шеңберін  анықтай  түседі.  Жалпы  Орталық  Азия  петроглифтерінде  жиі 

кездесетін  арбалардың  бұл  түрінің  пайда  болуы  шамамен  б.з.д.  ІІ  мыңжылдық.  ортасы  мен  І 

мыңжылдыққа  дейінгі  аралықты  қамтитыны  мәлім.  Қаратау  жотасындағы  зерттеулер  барысында 

анықталған осы типтес арбалар да бұл мерзімдеу шеңберінің аясынан үлкен алшақтығы байқалмайды.  

Сонымен  жоғарыдағы  келтірілген  ерекшеліктерді  ескере  отырып  Үлкен  Қаратау  петроглифтері 

арасында сейма-турбалық мәтінде орындалған бейнелерді бөліп көрсетуге болады. Мысалығы, Дәуітбай 

саз,  Сауысқандық  жартас  суреттерінде  жұптасып  немесе  бір-бірінің  артынан  еріп  келе  жатқан  бірнеше 

жылқы  бейнесін  кездестіруге  болады.  Үлкен  Қаратаудың  жартас  суреттерінде  бір-біріне  байланған  – 

қосақталған жылқы бейнелері жиі кездеседі. Бұл мүмкін көптеген халықтарда  кейінгі уақыттарға дейін 

қолданып  келген  мінілмеген  жабайы  жылқыны  қолға  үйрету  мақсатында  үй  жылқысымен  қосақтау 

әдісінің көрінісі болар. Сеймалық қанжар сабындағы жылқы мүсіндерінің бірі ноқталы, келесісі ноқтасыз 

етіліп көрсетілуі мүмкін осы «қосақтау» әдісін меңзеп тұрған болар. Джумба қанжарының сабындағы қос 

бұқа образы да Қаратауда жиі кездеседі. Ежелгі суретші бұл жерде тек қана бұқалардың сүзісу сәті ғана 

емес,  сондай  –ақ  басқа  да  ішкі  мағналық  астарды  көрсеткісі  келген  сияқты.  Жалпы  бір-біріне  қарама- 

қарсы ораласқан зооморфты бейнелерге қарап, адамзаттың  түйсігі  мен дүниетанымында қарама-қайшы 

болғанымен бір-бірінен ажырамас қос ұғымды меңзейтін тәрізді (өмір-өлім, оң-сол, аспан мен жер т.б).  

Ростовка қанжарының сабында мүсінделген жылқы бейнесі мен Сауысқандық IV тобындағы жылқы 

бейнесінің  тек  қана  кескенделу  пішіні  ғана  емес,  сонымен  қатар  жалпы  көріністегі  композиция  құру 

тұрғысынан  да  бірін  бірі  қайталайтындығын  байқауға  болады  (1-сурет,  1;  2-сурет,1).  Дегенмен  бұл 

ұқсастықтар  бір  бірінен  алшақ  жатқан  осы  екі  аудан  арасында  тікелей  ықпал  немесе  байланыстың 

негізінде  пайда  болды  деп  айту  қиын.  Әйтседе  бірін  бірі  дәлме  дәл  қайталайтын  бұл  композицияға 

қарағанда  сол  кезеңдерге  тән  ежелгі  тұрғындар  арасында  ұқсастық  не  ортақ  дүниетаным  мен 

мифологиялық  персонаждар  болуы  мүмкін.  Қанжар  сабы  осылай  әшекейленген,  яғни  «таза»  сейма-

турбалық  ескерткіштердің  таралу  аймағы  тек  қана  орманды-жазықтық  аймақтарды  қамтиды,  далалық 

аймақтарда  олар  кездеспейді.  Сондай  ақ  қару  түрінің  ұқсастығына  қарамастан  сейма-турбалық  металл 

мен  сол  кезде  қола  балқыту  орталықтары  қалыптасып  қойған  Орталық  Қазақстандағы  металдың 

химиялық құрамы да өзгеше екені мәлім [1, 174-175 б.]. 

Ал  тек  қана  қару  түрінің  ұқсастығы  бұл  мәселені  шешуде  негізгі  көрсеткіш  ретінде  үлгі  бола 

алмайтыны туралы Б.Н.Пяткин, Е.А.Миклашевич әділ атап көрсетеді. [14, 151 б.] 

Ал  енді  Үлкен  қаратау  жотасының  жартас  суреттеріндегі  осындай  жылқылардың  хронологиялық 

шеңберлеріне  келетін  болсақ,  оларды  Қазақстанның  орталық  бөлігінде  орналасқан  Сары  Арқа 

петроглифтеріндегі  жылқы  бейнелерімен  кезеңдес  екенін  айта  отырып,  бірқатар  толықтырулар  енгізу 

қажет. 


Сейма-Турма  мәтініде  орындалған  заттай  бұйымдардағы  бейнелердің  негізгі  таралу  аймағы,  яғни 

жерлеу  орындарында  жүргізілген  арнайы  зерттеулер  барысында  анықталған  қанжар  саптарында 

кездесетін жылқы бейнелері тік жалды етіп кескінделген. Ал басқа аймақтарда, көп жағдайда кездейсоқ 

табылған  мүсінделген  жылқы  бейнелерінің  кекілдері  (Минусинск  ойпатынан,  Жетісу,  Қырғызстан) 

сейма-турбалық  мәдениеттің  негізгі  «отанындағы»  жылқы  кекілдерінің  кескінделуінде  өзгешілік 

байқалады:  біріншіден,  кекілдері  маңдай  тұсынан  аздап  салбырап,  үшкірленіп  барып  аяқталады  (1-

сурет,6-8),  екіншіден,  олардың  хронологиялық  шеңбері  алғашқыларға  қарағанда  әлдеқайда  кейінгі 

кезеңдерді қамтиды (әсіресе қарастырылып отырған ауданға жақын орналасқан Мыңшұқыр мен екінші 

Қаракөл  көмбесіндегі  қанжарлар).  Дегенмен  оңтүстік  өңіріндегі  бұл  мәтінде  кескінделген  жылқы 

бейнелері «негізгі» аймаққа қарағанда кейін пайда болды деген сөз емес әрине. Осы тұста айта кететін 

және  бір  қызықты  жәйт  сейма-турбалық  мәтіннің  негізгі  «отанында»  бұл  бейнелер  тек  қана  санжар 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   374   375   376   377   378   379   380   381   ...   493




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет