Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3(58), 2018 ж.
303
Сары түсті алу технологиясы осыған ұқсас Иран, Ирак және Сирия елдерінің керамикасынан біршама
бөлектеу.
Сырды дайындауда жоғары дәрежеде қорғасын пайдаланылған Шу-Талас және Қаратаудың
солтүстігіндегі қалаларының керамикасы Өзбекстандағы Ахсикет қаласындағы ислам керамикаларына
өте ұқсас [28].
Шу-Талас өңірлерінің ортағасырлық қалаларында сырлы керамикалар Х ғ. бастап кездеседі. Аталған
ғасырда өте сирек болғанымен, бояуының түсінде де ерекшеліктер бар. Көбінде жасыл түсті ыдыстар
алғаш тараған. Мұндай ыдыстардың қатарына сырлы түбектерді жатқызуымызға болады. Сыр ыдыстың
жарылмауын қамтамасыз етіп, сапасын жоғарлатса, бір шетінен олардың асханада кеңінен қолданылуы
сәндік ретінде де болуы мүмкін.
Ортағасырлық қалалардың сырлы керамикаларына жүргізілген химиялық талдау жұмыстарының
нәтижесі бойынша бірқатар пікірлер айтуға болады:
1. Әрбір қаланың керамикасындағы сырының химиялық элементтері пайыздық үлесі бойынша бір-
бірінен аса алшақ емес. Бірақ ХІV–ХV ғғ. жататын қабатынан алынған Аспара қаласының керамикасы
сырында біршама ауытқушылық байқалады. Яғни, уақыт өте сыр дайындау технологиясы өзгеріске
ұшыраған.
2. Керамика сырларының түсіне де байланысты химиялық элементтердің көрсеткіші өзгеріп отырады.
Бұл сырға қосатын қоспаларға байланысты екендігі белгілі. Дегенмен, Шу-Талас өңірлерінің керамика
сырына қорғасынды көп қосқандығы анықталды. Мұны сырдың қатты жылтырауынан да байқауға
болады.
3. ХІ–ХІІІ ғ. басы аралығында сырлы керамикаларды жақсы күйдіргендігін, температураны
бірқалыпты, жоғарғы дәрежеде болғандығын, сырының мөлдірлігінен және шыныға айналған сырдың
арасында ауа көпіршігінің мен сызатты сызықтарды аздығы көрсетеді. Ал, Аспара қаласының сырында
ауа көпіршіктері біршама басым және майда жарықтардың жиі екендігін көреміз.
Жалпы ортағасырлық қалалардың керамикасындағы сырға қарағанда бояуды жергілікті жерлерде
дайындағандығын байқауға болады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1 Бурдейный М. Искусство керамики. – М.: Профиздат, 2009. – 104 с.
2 Джаббаров И.М. Новые материалы к истории гончарного ремесла Хорезма // Труды Хорезмской
археолого-этнографической экспедиции. – М., 1959. – Т. 4. – С. 379-396.
3 Ақышев К.А. Ертедегі ескерткіштер елесі. – Алматы: Қазақстан, 1976. – 120 б.
4 Қожаев М. Отырардағы керамика өндірісі. – Түркістан: Мұра, 1996. –159 б.
5 Шәлекенов У.Х. Түріктердің отырықшы өркениеті. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 202 б.
6 Алдабергенов Н.О. Ортағасырлық Ақтөбе // ҚазМУ хабаршысы. Тарих сериясы. – 1999. – №12. – Б.
119-124.
7 Байпақов К.М., Воякин Д.А. Ортағасырлық Қиялық шаһары. – Алматы, 2007. – 224 б.
8 Байпақов К.М., Сағұлов Е.А. Ортағасырлық Сауран шаһары. – Алматы: Gredo, 2005. – 202 б.
9 Байпақов К.М., Смағұлов Е.А., Ахатов Ғ.А. Ортағасырлық Жайық қала жұрты. – Алматы: Gredo,
2005. – 221 б.
10 Байпақов К., Нұржанов А. Ұлы жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан. – Алматы:
Қазақстан, 1992. – 208 б.
11 Елеуов М. Орта ғасырлық Қарашық 1 қаласының цитаделіндегі кесік // ҚазҰУ Хабаршысы. Тарих
сериясы.– Алматы, 2004. – №1 (32). – Б. 114-117.
12 Қасенов М. Талас өңірінің ортағасырлық қалалары мен елді мекендерінің мәдениеті (VІ-ХІІІ ғғ.):
тарих ғыл. канд... дис. – Алматы, 1995. – 206 б.
13 Русско-киргизский словарь. 51000 слов. – М., 1957. – 991 с.
14 Русско-татарский словарь. – Баку, 1909. – 416 с.
15 Русско-узбекский словарь. 50000 слов. – М., 1954. – 1046 с.
16 Русско-казахский словарь. – Алматы: Дайк-Пресс, 2005. – 1152 с.
17 Қазақ тілінің сөздігі. – Алматы, 1999.–776 б.
18 Древнетюркский словарь. – Ленинград: Наука, 1969. – 677 с.
19 Вяткин В.Л. Афрасиаб – городище былого Самарканда. – Ташкент, 1926. – 65 с.
20 Шишкин В.А. Археологические работы 1937 г. западной части Бухарского оазиса. – Ташкент: Изд.
УзФАН, 1940. – 51 с.
ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3(58), 2018 г.
304
21 Бернштам А.Н. Памятники старины Таласской долины. – Алма-Ата, 1941. – 66 с.
22 Григорьев Г.В. Городище Тали-Барзу // Тр. отдела Востока Государственного Эрмитажа. –
Ленинград, 1940. – Т. 2. – С. 87-105.
23 Тереножкин А.И. Вопросы историко-археологической периодизации древнего Самарканда // ВДИ. –
1947. – №4. – С. 127-135.
24 Вактурская Н.Н. Хронологическая классификация средневековой керамики Хорезма (ІХ-ХVІІ вв.) //
Труды ХАЭЭ. – М, 1959. – Т. 4. – С. 261-342.
25 Материалы и исследования по археологии СССР. – М.; Ленинград, 1950. – №14. – 158 с.
26 Орта ғасырдағы Отырар керамикасы. – Алматы, 1991. – 212 б.
27 Kaczmarczyk, A. "Digital Downloads." Analytical Data for Islamic Ceramics. University of Oxford: School
of Archaeology, n.d. Web. 20 Mar. 2014. http://www.arch.ox.ac.uk/dl-tite2.html.
28 Henshaw, Christina M. Early Islamic Ceramics and Glazes of Akhsiket, Uzbekistan. Diss. – U College
London, 2006.
Достарыңызбен бөлісу: |