Kazakh national pedagogical university after Abai хабаршы вестник bulletin «Тарих және саяси-әлеуметтік ғ ылымдар»



Pdf көрінісі
бет384/493
Дата06.01.2022
өлшемі9,77 Mb.
#13132
1   ...   380   381   382   383   384   385   386   387   ...   493
Байланысты:
2018 №3 Абай аты ҰПУ хабарщыс

ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3(58), 2018 г. 

300 


Басқа түстегі ангоб ақ түсті ангоб массасына табиғи және синтетикалық пигменттер: кобальт оксидін 

(көк  түсті  бояу  үшін),  хром  оксидін  (жасыл),  марганец  оксидін  (қызыл  қоңыр),  мыс  оксидін  (көгілдір), 

темір оксидін (қызғылт қоңыр), темір, хром мен кобальт оксидтерінің қосындысын (қара) қосу арқылы 

алынады [1, с. 32].  

Қала  керамикаларында  ангобтың  негізінен  екі  түрін:  ақ  және  түсті  түрлерін  көруге  болады.  Бұл 

аталған екі түр кез-келген бұйымдарда кездесе бермейді. Керамикалардың түсті ангоб түрлеріне: қоңыр 

қызыл, қызғылт, қошқыл қызыл, қоңыр түстері жатады. 

Ақ немесе ашық түсті ангоб негізінен сырланатын ыдыстарға, онда да түсірілетін сырға байланысты 

жағылады.  Егер  саз  тура  сондай  түсте  болса,  онда  оны  тек  микроскоп  арқылы  ғана  құрылымдық 

ерекшелігін ажыратуға болады. Олардың түсі, сапасы, жылтырауы мен қалыңдығының ерекшелігі сазды 

минералдың түріне байланысты.  

Қалалардан табылған бұйымдардың ішінде негізінен асханалық ыдыстарда: табақ (табақтың бірнеше 

түрі), тостаған және шаруашылық бұйым: түбек, шырақтардың сыр астына ақ ангобты қолданғандығын 

көреміз.  Пайыздық  үлесі  бойынша  табылған  бұйымдардың  арасында  аталған  ыдыстардың  жартысына 

жуығына ақ түсті ангоб сыр астына пайдаланылған. 

Қоңыр қызыл, қызғылт, қошқыл қызыл, қоңыр түсті ангоб (бұдан былай «түсті ангоб» деп аталады) 

барлық ыдыс түрлерінде кездеседі. 

Қалалардан табылған керамикаларда жағылған ангобтың үш түрі кездеседі. Бірінші, ыдыстың белгілі 

бір бөлшегіне, негізінен ернеуіне жаққан ангоб аққан күйінде ыдыс бетінде қалады. Екінші түрі, жаққан 

ангобты  былайша  анықтау  өте  қиын,  тек  сулы  қолмен  сүрткен  жағдайда  ғана  өте  ұсақ  бөлшектерінен 

көрінеді.  Үшіншісі,  күйдіріліп  болғаннан  кейін  беті  суарылған  немесе  батырылып  алынған  ыдыстағы 

пигменттер,  не  құрамындағы  әк  түстеніп  шығады.  Жағудан  суарудың  айырмашылығы  –  скользит 

күйдіргенге дейін, ал шаю күйдіргеннен кейін қолданылуында.  

Қыш бұйымдарға (күйдіруге дейін) жүргізілген ақ немесе түсті лайдан жасалынып көмкерілген ангоб 

оның бетіндегі ақауларды жойып, оған қандай да бір түсті көрік береді.  

Ангоб  жағу  әдісі  үш  жағдайда  қолданылуы  мүмкін:  1)  ыдыстың  бетін  біркелкі  кейіпке  түсіреді;  2) 

бетіндегі тесіктер (саңылаулар) мен сызаттарды бекітеді; 3) кедір-бұдырлы жерлерін тегістейді.  

Ыдыстың  бойында  кішкене  ылғал  бар  кезде,  жағылған  ангоб  бірқалыпты  шығады.  Өте  ылғалды 

ыдысқа  жағылған  ангоб  біркелкі  болып  түспейді.  Дұрыс  жағылмаған  жерлері  шөппен,  терімен  немесе 

көзешінің қолымен сүртілуі мүмкін. Бірақ жиі сүрту біркелкі болмай, кішкентей жарықтар түсіріп, бетін 

бүлдіруі  мүмкін.  Сондықтан  да  қала  керамикаларының  бетіне  жағылған  ангоб  сол  күйінде  қалған. 

Негізінен ернеуінен төмен ағызған ангоб сол қалпында, аққан күйі жағылады.  

Кейбір ангобтар жоғарғы жарқылға ие, бірақ олардың көбі таспен басып ысу арқылы жылтыратылады. 

Ангоб  жағылған  керамикалар  кептіру  мен  күйдіру  үдерісі  кезінде  мәселе  туындатады:  ыдыс  тұрқы 

әрқалай  көлемде  кішірейеді.  Осыған  байланысты  ангоб  әдетте  толық  кепкен  кезде,  күйдірер  алдында 

ұқыптылықпен жағылады. Егер ангоб пен ыдыстың көзелік сазы әр түрлі коэффициентте болса, онда ол 

көп жағылады және күйдіру барысында немесе одан кейін қабыршықтануы мүмкін.  

Бұйымның  бетін  жауып  тұрған  ангоб  сипаттамасы  оның  құрамы  мен  күйдіру  кезіндегі 

температурасына тікелей байланысты. Мұны негізінен жоғарғы температурадағы керамикаларды жасауда 

қолданған. Ангоб ыдыстың түсін тәртіп бойынша ақ және қоңыр қызыл түске ендіріп қана қоймай, оның 

отыруын немесе кішіреюін төмендетіп, ыдыс тұрқын жақсы сақтайды.  

Жұқа скользит ыдыс тұрқына жақсы сіңуі үшін бірнеше рет жағылады. Кейде оның жақсылап жағып, 

сіңдіруде ыдыс бетіне күйдіру алдында май жаққан.  

Әйткенмен  де,  ангоб  бұйымды  қатпарлап  жапқанымен,  соңында  оның  бетін  өңдейді.  Басқа  да 

жағдайда  ангобтау  екі  аралық  амал  болып  табылады,  яғни  сырлау,  әшекейлеу  және  т.б.  қолданылады. 

Ангоб жүргізілгеннен кейін түсірілген сыр айрықша әдемі болады. Бірақ көп жағдайда ангобталған қыш 

бұйымдар күйдіріліп барып бетіне сыр жағылады.  

Сыр ыдыстың бетін балқыған шыны секілді жауып тұрады. Ол да ангоб сияқты қолданылып, оған түс 

беріп,  су  өткізгіштігін  төмендетеді.  Бірақ  мұның  скользиттен  ерекшелігі  көп,  себебі  оны  қыздыру 

температурасы жоғары және беті су өткізбейді, сонымен қатар белгілі композицияда болады.  

Осы іші-сырты түрлі түстегі көркем ыдыстардың пайда болуы мен таралуы жөнінде бірқатар пікірлер 

бар.  Орта  Азия  мен  Қазақстанның  әр  түрлі  өңірлеріндегі  көркемдік  қыш  бұйымдар  өндірісінің  дамуын 

зерттеушілер түрлі кезеңдерге жатқызады.  

В.Л. Вяткин сырлы қыш Самарқанда V ғ. пайда болды десе [19, с. 49-64], В.А. Шишкин Бұқара алқабы 

үшін бұл мерзімді VI–VIII ғғ. [20, с. 18], А.Н. Бернштам Тараздан шыққан алғашқы сырлы үлгілерді VII–



Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3(58), 2018 ж. 

301 


VIII ғғ. [21, с. 37] жатқызады. Сырлы ыдыс Орта Азияның дамыған өңірлерінің өзінде VIII ғ. ортасында 

пайда  болды.  Бұл  Г.В.  Григорьевтің  Тали-Барзу  мен  Кафыр-Кала  [22,  с.  98-99]  қалаларына,  А.И. 

Тереножкиннің Афрасиаб [23, с. 132] қаласына жүргізген қазбаларынан белгілі. Хорезм жерінде сырлы 

бұйымдардың пайда болуын Н.Н. Вактурская IХ ғ. жатқызады [24]. Шу өңіріндегі Ақбешімнен табылған 

сырлы  бұйымды  А.Н.  Бернштам  ІХ–Х  ғғ.  мерзімдеді  [25,  с.  129].  Олай  болса,  Оңтүстік  Қазақстан  мен 

Жетісу жеріне бірлі-жарым сырланған қыш бұйымдар ІХ ғ. тарала бастаған деп айтуға болады.  

К.М.  Байпақов  пен  Л.Б.  Ерзакович  «Оңтүстік  Қазақстан  мен  Отырарға  жылтыратып  боялған  қыш 

бұйымдар ІХ–Х ғғ. Орта Азиядан келген. ІХ ғ. – ХІІІ ғ. басында Орта Азия, Таяу Шығыс пен Қазақстан 

арасындағы  мәдени-экономикалық  байланыстардың  дамуы  қыш  бұйымдар  мен  басқа  да  көркем  өнер 

туындыларының  тек  сәнділігі  мен  сапасын  ғана  емес,  жетілдірілген  технологиялық  тәсілдерінің  де  тез 

таралуына барынша әсерін тигізді. Осы дәуірдің көркем қыш бұйымдары ортағасырлық қоғамның өзіндік 

талап-тілегіне сай болды» – деп жазады [26, б. 10].  

Дегенмен, ІХ–ХІІ ғғ. Орта Азия жерінің біраз бөлігі Түрік қағанаттарына бағынғандықтан, ол жерлер 

бір-бірімен  тығыз  байланыста  болған.  Яғни,  көркемделген  қыш  ыдыстар  үлкен  аумақты  қамтыған 

түріктердің  иелігіндегі  жерлерге  бір  мезгілде  тарала  бастаған.  Олай  болса,  Орта  Азия  мен  Қазақстанда 

сырлы қыштар Х ғ. – ХІІІ ғ. басында кең тараған.  

Сырдың  негізгі  компоненті  диоксид  кремний  болып  табылады.  Әр  түрлі  заттектер,  яғни  флюстер 

балқыту температурасын төмендетсе, металл тотықтарын бояғыш зат ретінде қосады. Флюс күл күйінде 

(негізінен калий мен сода), айта кетсек ағаш, шөп, жапырақ немесе басқа да материалдардан алынған күл 

сырдың компонентін құрайды. Керамикаларға әр түрлі сырдың түсін қолданылуы күлдің сілтілі түрінің 

болуына байланысты.  

Сырдың  мұншама  түрін  алуда  жергілікті  көзешілер  дәстүрлі  емес  заттарды  да  пайдалануы  мүмкін. 

Шайыр секілді органикалық материалдарды кейде сырдың тұтқырлығын күшейту және кептіру кезінде 

кездейсоқ зақымданудан, пешке қою барысындағы жұмыстардан қорғау үшін жағады.  

Сыр түп негізінде химиялық жағынан сілтілі, сілтілі топырақты және тағы басқалар, алюмосиликатты 

және алюмоборосиликатты шыны. Сыр қыш бұйымдарды кір болудан, қышқылдың әсерінен қорғайды, 

оны  су  өткізбейтін  етеді  және  сәулетті  көркемдік  талаптарға  сәйкес  бұйымға  сәнді  көрініс  береді.  Сыр 

мөлдір не мөлдір емес, түссіз немесе боялған, жылтыраған не күңгірт болуы мүмкін. Оның негізі – кварц, 

дала  шпаты,  каолин  (ақ  балшық).  Сонымен  бірге,  сырдың  құрамына  металдар  тотығы  (тотық  немесе 

химиялық  элементтердің  оттегімен  бірігуі)  кіреді.  Көркем  бұйымдарға  ашық  (мөлдір)  түрлі-түсті  сыр 

бояуы, яғни шыны тәрізді қорытпа қолданылған. Түссіз сырға металдардың тұзы мен тотығы қосылуы түс 

береді. Сонымен, кобальт тотығы – ашықтан қараға дейінгі көк түс; хром тотығы – жасыл; ал қалайының 

болуымен  –  қызғылт,  қызыл  түс  береді;  мыс  тотығы  зүбаржат-жасыл,  көкшіл  жасыл  глазурь  алуға, 

сонымен  қоса  қалпына  келтіріп  күйдіру  үшін  мысты  қызыл  реңкті  глазурь  қолданылады;  марганецпен 

бірігуі қызыл қоңыр, қызғылт түс береді; темір  тотығы – сары мен қызылдан  қызыл қоңыр  мен қараға 

дейінгі түс береді және т.б. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   380   381   382   383   384   385   386   387   ...   493




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет