Kazakh national pedagogical university after Abai хабаршы вестник bulletin «Тарих және саяси-әлеуметтік ғ ылымдар»



Pdf көрінісі
бет404/493
Дата06.01.2022
өлшемі9,77 Mb.
#13132
1   ...   400   401   402   403   404   405   406   407   ...   493
Байланысты:
2018 №3 Абай аты ҰПУ хабарщыс

Key words: ethnogenesis, people, nation, sign, tamga, genus. 

 

Соңғы  кездері  қазақ  халқының  этногегенез  мәселелеріне  келгенде  таңбаларды  зерттеуге  деген 



қызығушылық  күннен  күнге  артып  отырғанын  байқауға  болады.  Аталмыш  мәселеге  қатысты  Қ. 

Сартқожаұлы, З. Самашев, Н. Базылханұл, Я. Құмарұлы, С.Әжіғали сынды ғалымдардың еңбектері бар. 

Бұл  еңбектерде  ғалымдар  ежелгі  жазба  деректермен  қатар,  неміс  және  орыс  ғалымдарының,  қазақ 

даласында  болған  өзге  ұлт  өкілдерінің  мәліметтерінқолданып,  ел  арасынан  жинаған  жеке 

мұрағаттарындағы  деректерге  де  барынша  саралау  жасаған.  Қазақ  рулары  мен  тайпаларының  арғы 

тарихын  зерттеуде,  ең  алдымен  олардың  таңбалық  белгілерін  зерттеудің  қажеттілігін  алғаш  аңғарған 

Николай Аристов болса, оның пікірлерін тереңдете зерттеген Сәрсен Аманжолов болды. Олар белгілі бір 

атадан рудың, одан тайпаның, одан тайпалық одақтың қалыптасу жолдарын  рулық таңбаларды зерттеу 

арқылы  анықтауға  болатынына  кәміл  сенді.  Таңбаны  бір  жағынан  түркі  халықтарының  этникалық 

құрылымының  сыртқы  рәміздік  белгісі  деп  қарасақ,  оның  терең  де  басты  мағынасында  таңба  -  рудың 

қасиеті, ары, тегі, шежіресі, жаршысы. 

Қазақтың ру-тайпаларының таңбаларының шығу тарихын оқып білу, зерттеу, оған ғылыми анықтама 

беру  үшін  «логограммалардың»  алатын  орны  ерекше.  Бұл  жазу  түрін  1960  жылдарға  дейінгі 

идеографиялық  жазу  деп  атаған.  Соңғы  уақытта  бұл  атауды  ғалымдар  логограммалық  жазу  деп  атады. 

Атауды  америка  ғалымы  Л.  Блумбилд,  П.А.Будберг,  Ф.Эджертон,  И.Гельб,  Кеңес  одағының  В.А. 

Истриндер  ғылымға  енгізіп  келді.  Логографиялық  деп  аталатын  жазу  жүйесіне  ежелгі  қытай,  ежелгі 

шумер,  ежелгі  египет,  крит-миной  жазуларын  ғалымдар  осы  жүйеге  енгізіп  қарастырады.  Жазу  жүйесі 

пиктографиядан бастау алады. Мұнда жазу таңбалармен берілген. Таңба кескіндері жеке-жеке сөздердің 

мәнін береді. Нақтылап айтсақ сөйлеу әрекетіндегі сөздің жеке дара семантикалық бірлігі. Бұл жағынан 

алып  қарағанда  логографиялық  жазуды  пиктографиямен  салыстырғанда  коммуникативтік  ақпаратты 

неғұрлым анық дәлме-дәл береді. Логографиялық жазу таңбаларының негізгі ерекшеліктері төмендегідей 

екенін ғалымдар анықтаған. Онда: 1. Ойлау түйіскен өткен болмыс, түсінік ретінде жалпылама абстракт 

түрде  ақпарат  береді.  2.  Пиктографиядан  айырмашылығы  көз  алдыңдағы  көрнекті  бейнені  оның  мән-

мазмұнына сай шартты белгілермен жанама түрінде схемалық таңбамен береді. 3. Таң- балармен беріліп 

отырған ақпараттың ерекше қасиеттері графикалық арнайы кескіндермен ерекшелінеді [1, 95-97 бб.].  

Көне  түркілер  осы  таңбаларын  «tamץa»  деп  атады,  ол  екі  мағынаны  білдіреді.  Біріншісі  -  «ру, 

тайпалардың белгісі, таңбасы», екіншісі «қағанның алтын мөр белгісі». Көне түркі бітік тілінде аталмыш 

сөздің  түптөркіні  *tab  //  *tab-  (семантикасы:  бірдеңенің  ізі,  қалдығы,  із  қалдыру  –  «таптау,  табы, 

табандау») // > tam (семантикасы: «тамызу, күйдіру, белгіен басу») > tam+ץa > tamץan (tamץa+n / tamץa+čï 

семантикасы:  мөр  жасаушы,  мөр  таңба  сақтаушы)  >  taŋba  («таңба,  таңбалау»)  деген  бағытта  дамып 

өрбіген.  Көне  моңғол  тілінде  taba  >  тав  (табы,  бірдеменің  ізі),  tamץa>тамага>тамга  (таңба)  тұлғасында 

сақталған.  Көне  түркі  этномәдени  ерекшеліктерінің  ішінде  «қаған  әулиетінің  таңбасы»  деп  аталатын 

ерекше  бітімді  таңбаның  орны  бөлек.  Ол  —  тауешкінің  арқа  жон  тұсына  түзу  сызық  салған  кескінді 

таңба.  Яғни  «екінші  түрік  қағандығының  (680-745жж.)  қытайша  «ашина»  әулетінің  геральдикалық 

белгісі» деп те қарастырылады. Бұл таңба орхон ескерткіштері – Күлте мен Білге қаған бітіктастарында, 

Онгин  ескерткіші,  яғни  Ел  етміш  йабғұға  арналған  бітіктаста  басы  иілген  аса  таяқ  іспетті  (таяқша) 

қосымша белгімен екі рет қашалған. Мұндай кескін таңбалар кейбір бәдіздерде, «Дэл уул» жартасында 

және т.б. ескерткіштерде кездеседі (2). 

Таңбаның  мән-мағынасына  және  оның  қызметіне  қатысты  ғалымдар  арасында  әр  түрлі  пікірлер 

қалыптасқан. Мәселен, М. Полубояринованың пікірінше, таңбаның ең көп қолданатын аясы - жылқыны 

және өзге малды таңбалау - археологиялық мәлімет қалдырмайды (3, 56 б.). Бұл көзқарас қате екендігін 

Батыс Қазақстанның ескерткіштері ғана емес, сонымен қатар ортағасырлық Қырымдағы ру таңбалары бар 

әйгілі ескерткіштер дәлел болатынын С.Е. Әжіғали айтады. Оның зерттегн ескерткіштеріндегі (негізінен 

құлпытастар мен қойтастардағы) таңбалар жинағы ортағасырдағы және жаңа кезеңдегі Арал-Каспий өңірі 

көшпенділерінің ру-тайпалық құрылымы, қоныстануы және жалпы этникалық  тарихы бойынша жүйелі 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   400   401   402   403   404   405   406   407   ...   493




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет