Kazakh national pedagogical university after Abai хабаршы вестник bulletin «Тарих және саяси-әлеуметтік ғ ылымдар»



Pdf көрінісі
бет407/493
Дата06.01.2022
өлшемі9,77 Mb.
#13132
1   ...   403   404   405   406   407   408   409   410   ...   493
Байланысты:
2018 №3 Абай аты ҰПУ хабарщыс

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3(58), 2018 ж. 

333 


зерттеушілердің  назарын  ұдайы  аударып  келеді.  Алайда  ұлан-ғайыр  Еуразия  даласындағы  түркі  тілді 

халықтардың таңбалары мен белгілері, олардың шығу тегі мен даму барысы, трансформациясы жайында 

толыққанды біртұтас ғылыми зерттеу әлі де жасала қойған жоқ. Тарихи диахрондық тұрғыдан қарағанда, 

таңба қолданысы қоғамдық құбылыс ретінде бірнеше даму сатыларын өткізгенін аңғаруға болады. Атап 

айтқанда, тас дәуірінің әр түрлі кезеңдерінде белгілер мен символдар белгілі бір жердің, қастерлі өңірдің, 

қару-жарақ пен алуан түрлі заттардың айқындаушысы болып келді. Алайда палеолит-неолит дәуірлерінде 

қоғамдық 

институттардың 

дамып 

жетілмегендігіне, 



этноәлеуметтік 

қатынастардың 

айырмашылықтарына,  тағы  да  басқа  факторларға  байланысты  «таңба  қолданысы»  болды  деп  айту, 

сондай-ақ  аталмыш  дәуірде  таңбалар  кеңінен  қолданылды  деп  қарастыру  әлі  де  болса  жан-жақты 

талдауды қажет етеді. Көне түркі дәуіріндегі бітіктастарда аталатын оғыз, тоғыз оғыз, сегіз оғыз, үш оғыз, 

түргеш, он оқ, құрықан, үш құрықан, байырқұ, ұйғыр, он ұйғыр, қырқыз, чік, қарлұқ, басмыл, отұз татар, 

қытан, татабы және т.б. көптеген көшпелі этностардың өз алдына жеке-жеке арнайы таңбалары болды. 

Онда  жалпы  тайпалық  таңбалары,  одан  өрбіген  туынды  әрі  күрделі  таңбалары,  сонымен  қатар  жеке, 

отбасылық,  рулық,  тайпалық  секілді  олар  билік,  меншік  иелерінің  қоғамдық  мәртебесін  айқындайтын 

саяси-әлеуметтік белгілер болып табылады (9, 2 б.). 

Адам  баласының  саналы  түрде  нобайлап  сызу,  кейіптік  пішіндерді  тегістік  бетіне  таңба  етіп  түсіру 

еңбегінің  жарқын  үлгісі  ретінде  Каспий  теңізі  жағалауындағы  Қосқұдық  ескерткішінен  көре  аламыз. 

Уақыт өте келе жалғасын тапқан бейнелеу өнері арқылы таңба түсіру, шеку, бейнелерді қашау, бояуларды 

пайдаланып  сурет  пен  таңба  жазу  үлгілерін  қалдыру  ісінің  жалғасын  қазақ  жерінде  пайда  болған  жазу 

өнері және оның ең алғашқы нұсқалары мерзімдік кезеңделуі жағынан тас дәуірінен бастау алады. Оның 

нақты дәлелі еңбек құралдарындағы мақсатты  түрде ойылған ойықтан бастап,  өрнек түрінде түсірілген 

таңба,  белгілерді  де  айтуға  болады.  Адам  баласының  саналы  түрде  нобайлап  сызу,  кейіптік  пішіндерді 

тегістік бетіне таңба етіп түсіру еңбегінің жарқын үлгісі ретінде Каспий теңізі жағалауындағы Қосқұдық 

ескерткішінен көре аламыз. Уақыт өте келе жалғасын тапқан бейнелеу өнері арқылы таңба түсіру, шеку, 

бейнелерді  қашау,  бояуларды  пайдаланып  сурет  пен  таңба  жазу  үлгілерін  қалдыру  ісінің  келесі  кезеңі 

көне түрік таңбалары мен белгілерінің үлгілерімен алмасады. Олардың этномәдени жөн-жосығын талдау, 

болмысын  айқындау  ісі  дүниежүзі  ғалымдарының  басты  мақсаттағы  зерттеу  нысаны  болып  келеді. 

Байырғы түрік халқының  билеушілері құрған еуразиялық ауқымдағы құдыретті империясының  мәдени 

жетістіктерінің айқын айғағы – таңба жазулы үнсіз мәдени куәгерлері еліміздің шығысынан бастап Алтай, 

Тарбағатай,  Ұлытау  және  Алатау,  Мерке  қатарлы  киелі  де  қасиетті  тауларда,  Ертіс,  Сырдария,  Талас, 

Жем сынды өзендердің бойында кездеседі. Алуан түрлі таңба мен белгілер безендірілген ескерткіштерде 

иелік  меншікті  білдіретін  әйгілі  «қаған»  таңбасынан  бастап  қарапайым  белгілердің  Қазақстанмен 

шекаралас қазіргі Моңғолия жерінің Арханғай, Бұлғын, Төв, Баян-Өлгий және тағы басқа аймақтарында 

кең таралған [10, 1 б.) 

Қорыта  айтқанда,  таңба  -  ақпарат  сақтау  мен  таратудың  коды  дейді  таңба  зерттеушілері.  Осы 

шифрдың кілтін таппаған бөгде жұртқа қазақтың ішкі сыры мен рухын ұғыну жұмбақ күйінде қалады. 

Бағзы  қазақтың  ойлау  жүйесінде  геометриялық  өлшем,  симметриялық  дәлдік  –  таңбатану  өте  жоғары 

деңгейде  дамыған.  Бұл  түркі  халықтарының  этникалық  біртұтастығын  сақтап  тұрған  киелі  қорғаны,  ең 

маңызды ұлттық құндылығы екенін мойындауымыз тиіс. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   403   404   405   406   407   408   409   410   ...   493




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет