Kazakh national pedagogical university after Abai хабаршы вестник bulletin «Тарих және саяси-әлеуметтік ғ ылымдар»



Pdf көрінісі
бет413/493
Дата06.01.2022
өлшемі9,77 Mb.
#13132
1   ...   409   410   411   412   413   414   415   416   ...   493
Байланысты:
2018 №3 Абай аты ҰПУ хабарщыс

ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3(58), 2018 г. 

336 


байланысты іс-әрекетті жүзеге асырудағы дербестігі. Танымдық белсенділік пен оқушылардың дербестігі 

бір-бірінен  ажыратқысыз:  неғұрлым  белсенді  оқушыларға,  соғұрлым  дербес;  оқушылардың  жеткіліксіз 

дербестігі басқаларға тәуелді етеді және дербестіктен айырады 

Психологиялық-педагогикалық  әдебиеттердегі  талдауда  көрсетілгендей,  «танымдық  белсенділік» 

терминінің негізінде белсенділік жөнінде түсінік жатыр. Белсенділік әртүрлі салада талдауды талап етуші 

көп аспектілі феномен ретінде көрінеді:  

- биологиялық белсенділік (П. К. Анохин, В. М. Бехтерев, Н. А. Бернштейн, А. Илиади, И. М. Сеченок 

т.б.); 


- психологиялық белсенділік ( Б. Г. Ананьев, М. Я. Басов, Л. С. Выготский, Б. Ф. Ломов, В. С. Мухина, 

В. А. Мясищев.); 

-  педагогикалық  белсенділік  (Ш.  А.  Амонашвили,  Я.  А.  Коменский,  Д.  Локк,  Ж.  Ж.  Руссо,  К.  Д. 

Ушинский, Г. И. Щукина, Т. И. Шамова т.б.); 

Биологиялық  аспект-  белсенділік  мәселелері  түсінігімен  байланысты  белсенді  бастама  адамда 

энергияның  жиналуының  нәтижесі  болып  табылатындығы  жөнінде  түсінікпен  тығыз  байланысты.  Ол 

өзін-өзі ретке келтірумен негізделеді. Биологиялық белсенділік - адамның ортаға бейімделуін қамтамасыз 

ететін  оған  тән  тұқым  қуалау  қасиеті.  Осы  өзара  қарым-қатынас  кезінде  ағза  мен  оның  тіршілік  ету 

шарттарымен аралығында туатын қарама-қайшылықты жоюға бағытталған физиологиялық механизмдер 

ғана туып қоймайды, сонымен қатар осы әсерді жоюға мүмкіндік беретін және мінез-құлық құруға өткен 

оқиғаға  емес,  алдағы  оқиғаға  бағытталған  мүмкіндік  беретін  физиологиялық  механизмдер  де  туып 

отырады (П. К. Анохин). 

Белсенділік  бейне  белгісін  тұрақтандырушы  сана  болып  табылады,  бұл  тірі  материяның  іштей 

детерминацияланған іс-әрекетінің бір түрі болып табылады (В. З. Козган). Белсенділік көзі болып сыртқы 

орта  және  ағзада  тұратын  және  өтетін  ішкі  үрдістер  табылады.  Адам  өзіндік  табиғи  сапаларының 

күшімен, әлеуметтік мәнділік күшімен де белсенді келеді.  

Психологиялық  аспект  тұрғысынан  белсенділік  С.  Л.  Рубенштейн  көзқарасындағы  жалпы  психика 

жөніндегі детерминисттік түсінік беру сұрағының бір бөлігі ретінде қарастырылады. Мұнда белсенділік 

ішкі  шарттар  арқылы  болатын  сыртқы  себептерінің  әрекетінде  көрінеді,  сыртқы  шарттардың  нәтижесі 

және  ол  ішкі  сапаларға  тәуелді.  Ішкі  мен  сыртқының  қарым-қатынасы  өзбеттіліктің  және  сыртқы  әсер 

жауап  беру  белсенділігінің  өсуінде  көрінетін  күрделі  шарттардың  жоғарылауына  сай  өзгеріп  отырады. 

Белсенділік адамның жаңа қарым-қатынасына айналады, бұл – адам жеке тұлға ретінде көрінгенде және 

белсенді әрекет қарым-қатынас иесі болған жағдайда болады.  

С.  Л.  Рубенштейн  адамның  белсенділігін  былай  түсіндіреді:  «Сыртқы  себептер  мен  сыртқы  әсерлер 

әрқашан  ішкі  шарттар  арқылы  әрекет  жасайды»[2.35].  Белсенділік  субъектінің  объектіге  қатынасын 

қарастырады.  Ол  қатынас  мына  сәттердің  болуын  қалайды:  объектілерге  бағытталған  ыңғайлы 

таңдаушылық;  объектіні  таңдаудан  кейін  мақсаты,  тапсырмаларды  қою;  іс-әрекетте  объектінің 

қалыптасуы;  мәселені  шешуге  бағытталуы.  Практикалық  әрекеттің  жүру  барысында  субъект  қоршаған 

әлемге әсер етеді, таниды, өз қажеттіліктері мен мақсаттарын сәйкес құрады. 

Әлеуметтік  тұлғалық  аспект  мәселелері  іс-әрекет  кезіндегі  тұлғаның  белсенділігін  зерттеумен 

байланысты. Тұлғалық белсенділік – адамның тек табиғи қасиеті ғана емес дегенге сүйенеді. 

Бұл  орайда  субъект  белсенділігі  сыртқы  материалды  және  ішкі  психикалық  әрекетті  өз  қатарына 

қосатын затты іс-әрекеттің бірдей жүйесі болып табылады. Тұлға белсенділіктің өзіне ғана тән түріне ие - 

әлеуметтіктің  өзіндік  әрекет  өз  жеке  тұлғасының  өзгеруімен  және  әлеуметтік  ортаның  өзгеруімен 

байланысты өзгеруі мүмкін.  

Белсенділікті  тұлғаның  әлеуметтік  сапасы  деп  қарасақ,  оны  әрекеттің  қысқа  сипаттамасында 

қарастырып көрген дұрыс.  Әрекет бұл адамның қоршаған әлемді меңгеруінің  және белсенді құруының 

бір  түрі.  Жеке  тұлға  әрекет  барысында  қалыптасады,  дамиды.  Тұлғаның  әрекетке  қарым-қатынасына 

байланысты,  әрекет  мақсатқа  жете  алуы  бойынша  әртүрлі  болуы  мүмкін.  Белсенділік  болмыстық 

қоғамдық формаларын құруға және адамның қоғамдық мәнін жүзеге асыруға бағытталған әрекет болып 

табылады. 

Белсенділік–оқушының  белгілі мақсатқа ұмтылған әрекеті. Оқытудағы белсенділік-оқытушымен оқу 

процесіндегі оқушылар бойында құлшыныс пен өз  бетімен жұмыс істеуді, білімді беріп, терең игеруді, 

қажетті  білікті,  дағдыны  жүйелі  қалыптастыратындай  және  олардың  байқампаздық,  ойлау,  сөйлеу, 

шығармашылық  және  есте  сақтау  қабілеттерін  дамытатындай  етіп  құруды  талап  ететін  дидактикалық 

қағида.  

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   409   410   411   412   413   414   415   416   ...   493




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет