Kazakh national pedagogical university after Abai хабаршы вестник bulletin «Тарих және саяси-әлеуметтік ғ ылымдар»



Pdf көрінісі
бет414/493
Дата06.01.2022
өлшемі9,77 Mb.
#13132
1   ...   410   411   412   413   414   415   416   417   ...   493
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3(58), 2018 ж. 

337 


Т.Сабыров  оқыту  процесінде  оқушының  белсенділігі,  негізінен,  екі  түрлі  сипатта  болатындығын 

айтты.  Олар  сыртқы  және  ішкі  белсенділік.  Сыртқы  белсенділік  дегеніміз  –  оқушы  әрекетінің  сыртқы 

көріністері  (белсенді  қимыл-қозғалыстары,  практикалық  әрекеттер,  мұғалімге  зейін  қойып  қаруы  т.б.) 

Бірақ осы кезде ол басқа нәрсені ойлап отыруы да мүмкін.  

Оқушының ішкі белсенділігіне - оның белсенді түрде ойлау әрекеті жатады.  Белсенділік жеке басқа 

тән, маңызды бір қасиет болып саналады. Бұл қасиетсіз адамның қандай да болмасын жұмысы нәтижелі 

болуы мүмкін емес [ 3.202]. 

К. Маркс «Адам пассивті жеміс емес. Ол қоршаған ортасын, жағдайларды және өзін белсенді (активті) 

түрде  өзгерте  алады»  -  деді.  Демократиялық  педагогикалық  классиктер  де  И.Г.  Песталоций,  Я.А. 

Коменский, К.Д. Ушинский, Ы. Алтынсарин жеке тұлғаның өзіндік белсенділігіне үлкен мән берген. 

Оқыту  процесінде  оқушылардың  белсенділігін  арттыру  принципін  жүзеге  асыруды  мақсат  еткен 

мұғалім, сабақтың барлық кезеңінде олардың ой-дербестігін дамытуға тырысады. Оқушыда белсенділік 

бір  қалыпты  болмайды,  оның  қарапайым  (еліктеушілікке  орындауға  негізделген  белсенділік)  және 

күрделі  шығармашылық  белсенділік  түрлері  болады  Әрбір  сабақта  дидактикалық  ойындарды 

жаттығуларға,  тақырыпқа  байланыстырып  кіріктіруі,  оларды  өзара  біріктіруі  тиіс.  Бұл  –  дидактикалық 

ойындар арқылы оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беруді жетілдірудің негізгі бағыты. 

Педагогикалық  аспектідегі  белсенділік  мәселесін  зерттеу  берілген  түрлі  түсіндірумен  байланысты: 

белсенділік баланың таным іс-әрекетіне (мақсатқа жетудің тиімді жолдарын таңдау, талпыныс, дайындық 

жүзеге  асыру)  деген  қатынасын  сипаттайтын  тұлғаның  бір  белгісі  ретінде  түсіндіріледі;  белсенділік 

субъектінің іс-әрекетке қатынасын (қажеттілік, мотив, ерік күші, эмоция) көрсететін негізгі белгілермен 

қатар тұлғаның сипаттамасы ретінде түсіндіріледі. 

Белсенділік  жөнінде  қысқаша  сипаттамадағы  таным  мақсаты  –  объективті  шындықтағы  индивидтің 

санасындағы бейнемен шектеледі. Әйтсе де, 

белсенді  танымның  ерекшелігі  немен  байланысты  екенін  түсіну  үшін,  таным  процесінің  болуымен, 

бір-бірінен айырмашылығы бар репродуктивті және продуктивті атты таным шындық әлемінің көрінісі 

ретінде  субъект  санасында  екі  деңгейге  ие  екенін  ескеру  қажет.  Белсенділіктің  дамуы  репродуктивті 

деңгейден  іздеу-орындау  арқылы  продуктивті  деңгейге  дейінгі  тұлғалық  даму  процесі  қамти  отырып 

жүзеге асады. 

Репродуктивті  таным  деңгейіндегі  объект  (оқу  материалы)  сырттай  қабылдауда  сол  күйінде 

қабылданады.  Т.  И.  Шамова  репродуктивті  танымның  мәнін  мақсатқа  бағытталған  іс-әрекет  ретінде 

ашады. Танымның жоғары деңгейі - өнімді келген белсенді таным болып табылады. 

Педагогикалық аспект тұрғысынан белсенділіктің үш түрін бөліп қарауға болады:  

-ақыл-ой белсенділігі; 

-интеллектуалды;  

-таным белсенділігі. 

Ақыл-ой  белсенділігі  элементарлы  іс-әрекеттен  бастап  шығармашылықтың  күрделі  түріне  дейінгі 

барлық деңгейдегі нағыз әмбебап іс-әрекет шарты болып табылады. Ол түрлі модификацияларда көрінуі 

мүмкін:  интеллектуалды  ынталылық  түріндегі  (Д.  Б.  Богоявленская)  көрінетін  тұлғалық  белсенділік 

ретінде;  ынталандыру  жаңалығынан  туған  зейін  белсенділігі  және  бағдарлы  –  зерттеу  іс-әрекетіне 

бағытталған  зерттеу  белсенділігі  ретінде;  Белсенділіктің  негізгі  мақсаты  оқушылардың  белсенділігін 

қалыптастыру, оқу-тәрбиенің саласын көтеру. 

Адам  белсенділігінің  табиғатын  тани  білу,  еңбек  және  моральдық  белсенділік  дәрежесі  бойынша 

адамның қоғам мен ұжым үшін жарамдылығын жете анықтау - мұғалімнің басты міндеті. Белсенділік деп 

адамның іс-әрекеті үстіндегі жағдайын айтады. Тіршілік және іс-әрекеттері барысында адамның қарым-

қатынас жасау, таным және өзін-өзі тәрбиелеу белсенділігі дамиды [4.200]. 

Бала  белсенділігінің  ең  алғашқы  формасының  бірі  қарым-қатынас  жасау  белсенділігі.  Бұл  адамның 

бүкіл өмірінде дамитын белсенділік. Балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес басқа адамдар мен қарым-

қатынас  жасау  белсенділігінің  мазмұны  өзгеріп  отырады.  Мектеп  жасына  дейінгі  балалар  ересек 

адамдардың  әрекеттеріне  үңіле  қарап,  үйренеді,  оларға  еліктейді.  Балалардың  саналы  түрде  істейтін 

мұндай  әрекеттерін  ырықты  немесе  ерікті  белсенділік  дейді.  Бұл  жастағы  балалардың  үлкендердің 

әрекеттеріне  және  олармен  өзара  қатынас  жасауға  еліктеуі  рөлді  ойындарды  атқару  барысында 

байқалады.  Ойын  барысында  балалардың  құрдастарымен  де  өзара  қатынасы  өзгереді.  Олар  басқа 

балалармен  ойнауға  тілек  білдіреді,  еңбекке  байланысты  тапсырмаларды  бірігіп  орындауға,  өз 

қылықтарын ережеге бағындыруға, керексіз әдеттерді тежеуге, кедергіні ығыстыруға үйренеді. Осындай 

бірігу  іс-әрекеттерінің  қуанышы  балалар  арасында  жолдастық,  достық  сияқты  жаңа  қатынастарды 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   410   411   412   413   414   415   416   417   ...   493




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет