Kazakh national pedagogical university after Abai хабаршы вестник bulletin «Тарих және саяси-әлеуметтік ғ ылымдар»



Pdf көрінісі
бет416/493
Дата06.01.2022
өлшемі9,77 Mb.
#13132
1   ...   412   413   414   415   416   417   418   419   ...   493
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3(58), 2018 ж. 

339 


2. Мазмұндық – амалдық  (тіректік білім, жалпы дидактикалық және арнайы дидактикалық дағдылар 

және білімін жетілдіру дағдысы). 

3.  Процессуалды  –  жігерлік  (танымдық  іс  -  әрекет  үрдісінде  кездесетін  қиындықтарды  жеңуге 

дайындық, танымдық белсенділікке деген ұмтылыс) [7.67]. 

Мотивациялық  –  тұлғалық  бөлік  оқушылардың  оқу  үрдісіне  ынталылығын  қамтамасыз  ететін 

қызығудан, қажеттіліктен, ізденімпаздықтан құралады, ал мазмұндық – амалдық бөлік негізгі білім жүйесі 

мен  білімді  өз  бетінше  жұмысты  жетілдіру  мүмкіндігін  ашатын  басты  білімдер  жүйесінен  және  оқу  – 

танымдық іс- әрекеттер тәсілдерінен құралады.  

Процессуалды  –  жігерлік  –бөліктің  негізінен  оқушыларды  таным  кезіндегі  кездесетін 

қиыншылықтарды жеңу үшін жұмсалатын ерік – жігердің болуы және оқушы оны өзінің іс- әрекетінде 

жүзеге асыру дайындығын құрайды.  

Сонымен,  белсенділіктің  әр  бөлігі  өзіне  тән  белгілі  бір  қызмет  атқарады  және  оқу-  танымдық 

белсенділіктің белгілі кезеңін жүзеге асырады. Егер: 

а) оқу белсенділіктің мотивациясы тұрақты болып, қызығудан қажеттілікке ауысатын болса: 

ә)  оқушылар  негізгі  интеллектуалды  іс-  әрекеттерді  және  өзіндік  жұмыстарды  жүзеге  асыра  алатын 

болса; 


б) оқушылар өзінің танымдық іс-әрекетін басқару сипаты сыртқыдан ішкі қажеттілікке ауысса; 

в)  оқушылардың  оқу  –  танымдық  іс-  әрекеті  шығармашылық,  зерттеушілік  сипатқа  ие  болса,  онда 

олардың танымдық белсенділігі қалыптасты деп саналады. 

Оқушылардың белсенділігін қалыптастыруда мынадай дидактикалық шарт орындалуы тиіс: оқытудың 

алдыңғы қатарлы әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы қалыптасатын теориялық білім болуы керек. 

Оқушылардың белсенділігі үш деңгейге бөлінеді: төменгі, орташа, жоғары. 

Төменгі  деңгей  белгілі  бір  көлемде  теориялық  білімнің  толық  еместігімен,  үлгі  бойынша 

тапсырмаларды орындауда өз бетімен жұмыс істемеуімен, оқушылардың оқуға тиісті көңіл қоймауымен 

сипатталады. 

Орташа деңгей білім негізінің болмауы, оқушылардың өзіндік жұмысқа құштарлығының қалыптасуы, 

орташа  дәрежедегі  тапсырманы  игеру  және  оны  орындай  алу  қабілеті  арқылы  анықталады.  Яғни, 

оқушылардың оқу-танымдық белсенділігі даму үстінде деп саналады. 

Ал, жоғары деңгей терең теориялық білімнің болуы, өзіндік жұмысқа деген қажеттіліктің қалыптасуы 

арқылы танылады. Яғни, оқушының оқу-танымдық белсенділігі жеткілікті дәрежеде дамыған [8.68]. 

Қазақстан  Республикасының  Жалпы  білім  беретін  мектептерінің  тұжырымдамасына  орай  мектеп 

қызметіндегі  өзгерістер  мен  оның  құрылымы  оқушыларға  сапалы  білім  беруді  талап  етеді.  Сондықтан, 

оқу  басқа  іс-әрекетке  қарағанда,  оқушылардың  танымдық  белсенділігін  дамытады.  Ғылымның  бүкіл 

саласында  білім  мазмұны  тереңдеп,  оның  ауқымы  қауырт  өсіп  отырған  қазіргі  ғылыми  –  техникалық 

өрістеу кезеңінде бұл міндеттердің жүзеге асуы әрбір оқушының танымдық белсенділігінің қалыптасуына 

тікелей  байланысты.  Оқушы  ұстазы  берген  ақпаратты,  іс-әрекет  тәсілдері  мен  бағалау  өлшемдерін 

қамтитын  қоғамдық  және  ұжымдық  тәжірибе  тағылымдарын  игеріп  қана  қоймай,  оны  әрі  қарай  өзінің 

белсенді, зерделі іс-әрекетімен сабақтастыруға тиіс. 



 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі 

1. Қоянбаев Ж.Б. Педагогика – Алматы, 2002. 

2. Гетманова А.Д. Логика. – Москва: Высшаяя школа, 1986. 

3. Петухов В.В. Психология мышления. – Москва: МГУ, 1987. 

4. Қаңтарбаев С.Е. Бастауыш сынып оқушыларының өз бетімен жұмысын ұйымдастыру. Ақтөбе. 

5. Загашев И.О., Заир-Бек С.И. Критические мышление: технология развития. – СПб: Альянс-Дельта, 

2003. – 284с. 

6. Имжарова  З.У.  Педагогическая  технология  развития  критического  мышления  как  средство 

достижения  целей  12-летнего  образования.  Вестник  Актюбинского  государственного  педагогического 

института, № 2, 2007г. 

7. Имжарова З.У. Оценивание учебных достижений обучающихся, Актобе, 2009г. 

8. Имжарова З.У. Инновационная педагогическая технология «Дебаты», Актобе, 2007г





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   412   413   414   415   416   417   418   419   ...   493




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет