Kazakh national pedagogical university after Abai хабаршы вестник bulletin «Тарих және саяси-әлеуметтік ғ ылымдар»



Pdf көрінісі
бет428/493
Дата06.01.2022
өлшемі9,77 Mb.
#13132
1   ...   424   425   426   427   428   429   430   431   ...   493
Ключевые  слова:  Кабылбек  Сарымолдаев,  Аулие-ата,  революция,  Национально-освободительное 

движение, голод. 

 

 



Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3(58), 2018 ж. 

349 


Еліміз  тәуелсіздік  алып,  жеке  іргелі  мемлекет  болып  жариялануының  арқасында  қазақ  халқынан 

шыққан  ұлт  зиялылары  мен  қайраткерлерінің  жеке  тарихын,  олардың  өмірі  мен,  саяси  қызметін,  оның 

ішінде  қоғамдағы  белсенді  іс-әрекетін  жан-жақты  немесе  әр  қырынан  зерттеу  үшін  Қазақстан 

ғалымдарына  үлкен  мүмкіндіктер  туды.  Жалпы,  ХХ  ғасырдың  басында  Ресей  мен  оның  ішінде 

Қазақстандағы саяси жағдайдың басы-қасында жүріп қызмет еткен қазақ зиялыларының тарихын зерттеу 

отандық  тарихнамада  тұлға  танудың,  ел  танудың,  заман  танудың  оңтайлы  шарасы  ретінде  қолдауға 

лайықты, әбден заңды үрдіс болып табылады. Сондықтан да, қазіргі уақытта еліміздің тарих ғылымында 

жеке тұлғалардың ғұмырнамасына сұраныс өсіп отыр.  

Еліміздің саяси, рухани өмірі бостандық лебін бойына сіңіре бастаған кезеңде халқымыздың ғасырлар 

бойы жинақтаған ұлттық мәдениеті мен оның құрамдас бөлігі – тәуелсіз еліміздің шынайы тарихын, сол 

тәуелсіздік  жолында  күрескен  ұлт  зиялыларының  өмірі  мен  қызметін  зерттеу  қазіргі  таңда  аса  өзекті 

болып отырған мәселелердің бірі. Бұл туралы президент Н.Ә. Назарбаев өзінің “Тарих толқынында” атты 

кітабында ХХ ғасыр зиялыларының тағдыры жайында: “Ғасыр басында мемлекет мүддесін ойлаған ұлы 

қазақтардың жеке басының тағдыры да қасіретті болды. Алайда ұлттық жігер мен толысқан зерде сабағы 

ұмыт болған жоқ. Жүзжылдықтың алғашқы жартысындағы қазақ зиялыларының жеке басының қасіреті 

мен қатар өрілген қызметі өзінің бірегей құбылыс ретіндегі тұжырымды деңгейімен ғана емес, азаматтық 

һәм  адамгершілік  деңгейімен  де  осы  заманмен  үндес.  Егер  жиырмасыншы  ғасырдың  тарихына  зер 

салатын  болсақ,  оның  алғашқы  отыз  жылында-ақ  қазақ  зиялыларының  аса  көрнекті  қайраткерлерінің 

тұлға танытып үлгергенін байқаймыз” – деп жазды [1]. 

Қабылбек  Сарымолдаев  Меркідегі  орыс-түзем  мектебінде  білім  алып  әрі  қарай  өз  білімін 

Әулиеатадағы училищеде жалғастырады. Басқа түскен сан түрлі қиындықтарға қарамастан, 1914 жылы 

төрт  жылдық  училищені  бітіріп  [2]  шығады.  Жастайынан  елгезектігімен  танылып,  қатарластарынан  оқ 

бойы  алда  жүрген  Қабылбек  Әулиеатадағы  училищені  тәмамдағаннан  кейін  жоғары  оқу  орнына  түсе 

алмады. Бұған күнделікті тіршілік мүмкіндік бермеді. Осыған орай, 1915 жылы Меркідегі пошта-телеграф 

мекемесінде  қызметке  өтеді  [3].  Мұнда  1915-1917  жылдары  пошта,  хат  тасушы  қызметінде  болып, 

қоғамда  болып  жатқан  саяси  жағдайлардың  бәрін  көзімен  көріп,  көңілге  түйіп  жүрген.  Оның  басты 

мысалы  ол  осы  поштада  қызмет  етіп  жүрген  кезде  1916  жылғы  ұлт-азаттық  көтеріліс  басталып,  ол 

Әулиеата мен Жетісуда болып жатқан көтеріліс фактілеріне ерекше өзіндік талдау жасайды.  

1916  жылы  25  маусымда  император  ІІ  Николай  жариялаған  «Империяның  бұратана  халықтарынан 

мемлекеттік  қорғаныс  жұмыстарына  пайдалану  тәртібі  туралы  ереже»  қабылдауына  байланысты 

Қазақстанда  ұлт-азаттық  көтерілісі  орын  алды.  Басты  себеп  –  аталған  император  жарлығы  бойынша 

Түркістан  мен  Дала  өлкесінен  майданға  окоп  қазуға  400  мың,  соның  ішінде  Қазақстанның  далалық 

облыстарынан  –  100  мыңнан  астам,  Жетісудан  87  мың  адам  жіберу  көзделді.  Ер  азаматтарды  соғыс 

қимылдары кезіндегі армияның қорғаныс және әскери құрылыстарын салуға, сонымен бірге мемлекеттік 

қорғаныс  үшін  қажетті  нысандарды  салуға  пайдалану  көзделді.  Бұратаналарды  тыл  жұмыстарына 

шақыруды  жариялай  отырып  үкімет  арзан  жұмысшы  күшін  пайдалануға  бел  байлады  және  жасақты 

армияны  толықтыруға  керек  орыс  жұмысшыларын  босатып  алғысы  келді.  Келесі  бір  жағынан  өкімет 

орындары  қазақ,  өзбек,  түркмен,  қырғыз  және  сол  сияқты  басқа  да  халықтарға  қару  беруге  қауіптенді, 

болашақта олар қаруды Ресейге қарсы жұмсайды деп сескенді.  

Жұмыстан  немесе  әкімшілік  ережелері  мен  талаптарын  орындаудан  бас  тартқан  жұмысшыларды 

түрмеге  отырғызуға,  немесе  үш  ай  мерзімге  тұтқынға  алуға,  болмаса  айып  ретінде  ақша  өндіріп  алуға 

кесетін болды. Азық-түліктің екі-үш есе қымбаттауы да халықтың наразылығын өршіте түсті. Қазақстан 

мен  Орталық  Азиядағы  1916  жылғы  ұлт-азаттық  көтеріліс  тұтас  алғанда  Ресей  империясындағы  саяси 

және  әлеуметтік-экономикалық  дағдарыстың  одан  әрі  асқына  түсуіне  себепші  болды.  Ол  Ресейдегі 

әскери-отаршылдық басқару жүйесінің іргесін шайқалтып, шығыстың отар халықтарының импералистік 

езгіге қарсы XX ғасырдың басында өріс алған бүкіл ұлт-азаттық қозғалысының құрамдас бөлігі болды. 

1916  жылғы  ұлт-азаттық  көтерілісі  кезінде  Меркіде  түрлі  саяси  жиындар  өткізіп,  қара  халықты 

көтеріліске шақырады. Меркідегі көтерілісшілерді Жетісудағы көтерілісшілермен біріктіруге тырысады. 

Сол  кезде  небары  18  жасар  жас  жігіт  болғанына  қарамастан,  ол  осы  қозғалыстың  Меркідегі  жағдайын 

көріп көтерілісшілерге жаңа, тың саяси идеялар білдіріп, көтерілістің идеялық дем берушісі ретінде көзге 

түсті.  Қабылбек  өзінің  бойындағы  алғырлығымен,  ұйымдастырушылық  қабілетімен  және  басқа  да 

қоғамдық жұмыстардағы ерекшеліктерімен көзге түседі. 1917 жылы Т. Рысқұлов ұйымдастырған «Қазақ-

қырғыз  жастары  революцияшыл  Одағына»  белді  мүше  болып,  Қазан  төңкерісі  өте  салысымен  Меркі 

болыстық атқару комитетінің хатшысы қызметіне тағайындалды. Бұл қызмет – Қабылбектің аз ғана уақыт 

ішінде  мемлекетті  нығайтуға,  әрі  ұлты  үшін  атқарған  бірқатар  жауапты  жұмыстарының  бастамасы 

болатын [4].  






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   424   425   426   427   428   429   430   431   ...   493




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет