Kazakh national pedagogical university after Abai хабаршы вестник bulletin «Тарих және саяси-әлеуметтік ғ ылымдар»



Pdf көрінісі
бет429/493
Дата06.01.2022
өлшемі9,77 Mb.
#13132
1   ...   425   426   427   428   429   430   431   432   ...   493
Байланысты:
2018 №3 Абай аты ҰПУ хабарщыс

ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3(58), 2018 г. 

350 


1917  жылғы  екі  бірдей  төңкерістен  кейін  халық  әлі  есін  жинай  қоймаған  еді.  Осындай  қиын  сәтте 

Тұрар  Рысқұлов  Қабылбек  Сарымолдаевты  Түркістан  Орталық  Атқару  комитетіне  мүшелікке  сайлап, 

азық-түлік  жөніндегі  халық  комиссарының  орынбасарлығына  тағайындаған  еді.  Осыдан  соң  1919 

жылдың  қараша  айында  Әулиеата  уезінің  төңкеріс  комитетінің  отырысының  шешімімен  Қабылбек 

Сарымолдаев Қызыл армияның мұсылмандық бөлімшесінің әскери дайындық бөлімінің басшысы болып 

сайланды [6]. Бұл жағдай енді Қ. Сарымолдаевты Азамат соғысына бел шеше кірісуіне тура келді. 

Азамат соғысы жылдарында елде орын алған аштыққа қарсы күресіп, оның ауыртпалығын арқалады. 

Ол  1919  жылы  елдің  кейбір  өңірлерінде  орын  алған  аштыққа  қарсы  күрес  жөніндегі  комиссияны 

басқарып, жүздеген мың адамды аштықтан аман алып қалу жолында күресті. Қабылбек Сарымолдаев осы 

тұста үлкен ұйымдастырушылық қабілетін танытып, аштық жайлаған елді одан аман алып қалуға жанын 

салды.  Оңтүстік  Қазақстан  мен  Түркістандағы  аштық  негізінен  қуаңшылық  пен  азамат  соғысының 

салдарынан пайда болып, халықты ауыр күйзеліс жағдайын алып келді.  

Осыған қарамастан, Қ. Сарымолдаев Т. Рысқұловпен бірге өлкеде қазақ кедейлерін ұйымдастыруды, 

ауылдарда атқару комитеттерін құруды, ағарту жұмысын және кулактармен, патша әкімшілігімен күрес 

жүргізуді,  базарларды  үгіт-насихат  жұмыстарын  жүргізу  үшін  пайдалануды  басты  мақсат  етіп  қойды. 

Уақытша комитеттің позициясын әлсіретумен қатар, тіпті оны талқандап, барлық халықты солдат және 

жұмысшы  депутаттары  кеңестеріне  тартуды  қолдан  келгенше  жүргізді.  Түркістанда  қазақтар  арасында 

тұңғыш  рет  азық-түлік  комитеттерін  ұйымдастырылды.  Базарларда  көп  адам  қатысқан  митингтер 

ұйымдастырылды, аштық төніп келе жатқандығын айтып, сақтандырып, қолда бар ақша жинаған.  

Осындай қиын-қыстау кездерде Азамат соғысының майданын азық-түлік, киім-кешек, тағы басқа да 

қажеттіліктермен қамтамасыз етіп, сонымен бірге елде болып жатқан аштықтан ашыққан жұртты аман 

алып қалу жолында аса ауқымды ұйымдастыру және басшылық жұмыстарын жүргізді. Аштық халықты 

баудай  түсіріп  жатты.  Сондықтан  да  жаңадан  билікке  келген  совет  өкіметі  Меркіде  Бекшуров  деген 

азаматтың  басшылығымен  аштарға  көмектесетін  азық-түлік  отрядын  ұйымдастырды.  Осы  отрядтың 

құрамында  болған  Т.  Рысқұлов  пен  Қ.  Сарымолдаев  бастаған  қазақ  жастары  аштарға  азық-түлік 

жинаумен  бірге  патшалық  режимнің  түбегейлі  жойылуына  күш  салды.  Олар  ақ  патшаға  қызмет 

еткендерді тұтқындай бастайды [8].  

1920  жылы  24  наурызда  Әулиеата  уездік  және  қалалық  атқару  комитетінің  үлкен  отырысында 

Қабылбек Сарымолдаевтың Азамат соғысына қатысты атқарған істері тыңдалып, онда жергілікті жерде 

ұлтаралық  қатынастарды  реттеу  мәселелер  қарастырылады.  Жиынның  қорытындысы  Қ.  Сарымолдаев 

пен  басқа  да  саяси  қайраткерлердің  жұмыстарын  пысықтап,  еңбектерін  бағалады  [9].  Арадан  бір  күн 

өткен  соң  25  наурызда  Әулиеата  уездік  және  қалалық  әскери-азаматтық  істер  жөніндегі  атқару 

комитетінің жеделдетілген шұғыл отырысы болып онда Қ. Сарымолдаевтың ешқайда шықпауы туралы 

шешім  қабылданды.  Басты  ерекшелігі  бұл  кезде  тіпті  Меркіге  бара  алмайтыны  айтылып,  ол  оның 

себептерін ТүркАтком төрағасы Тұрар Рысқұловпен үздіксіз байланыста болуымен түсіндірілді [10]. Бұл 

кезде  келесі  күні  тағы  бір  жиын  ұйымдастырылып,  Үсіпәлі  Нұршановтың  да  Аса  ауданына  емес,  сол 

кездегі  мәселелер  бойынша  Черняев  қаласына  баратын  болды  [11].  Бұған  қарай  отырып,  сол  кезде 

Түркістанда әлі де болса саяси және әлеуметтік жағдайдың толықтай реттелмегенін анық көруге болады. 

Осындай  қауырт  жағдайда  жұмысты  жүргізу  мен  қойған  талаптарды  жүзеге  асыру  мемлекеттік 

қызметкерлер үшін мүлде оңай емес еді. 1920 жылы күзінде Әулиеатада большевиктер партиясы уездік 

комитетінің  І  хатшысы  болып  сайланды.  Содан  революциялық  әскери  кеңестің  төрағасы  болып 

тағайындалды, қызыл әскерді жасақтау ісіне құлшына кірісіп кетті. Бұл партияның Қ. Сарымолдаевтың 

саяси  қызметін  бағалауының  бір  айғағы  еді.  Осы  жылы  күзде  Қ.  Сарымолдаев  большевиктер 

партиясының көрнекті мүшесі, қоғам қайраткері ақын, жазушы Сәкен Сейфуллинмен кездесті. Бұл кезде 

Сәкен  Сейфуллин  Әулиеатаға  Колчак  әскерлерінің  ығыстыруымен  келген  еді.  Оны  Қабылбек  жақсы 

қарсы алады. Сәкен Сейфуллин партия қатарында қызметке кіріскеніне көп болмаған жас қайраткердің 

еңбегін бағалады. Сол азаматтық парасат оның бүкіл өміріне азық болады. Қай істе болса да адалдықтан 

айнымады. Оның осы қасиетін Тұрар Рысқұлов та жоғары бағалады. 

Қабылбек  Сарымолдаев  Мемлекеттік  Жоспарлау  Комиссиясында  қызметте  жүрген  кезде  оның 

айналысқан  басты  жұмыстарының  бірі  мемлекеттің  тапсырмасына  сәйкес  байларды  тәркілеу  мен 

ұжымдастыру  жұмыстарының  бағыттарын  орындау  болды.  Ол  байларды  мемлекеттік  тәркілеу 

жұмыстарының басында жүрді. Бұл кезде Қазақстанда 1927 жылы желтоқсан айында тәркілеу туралы заң 

дайындау  үшін  арнайы  комиссия  құрылған  еді.  Ал  келесі  1928  жылы  27  тамызда  «Байлардың 

шаруашылығын  тәркілеу  туралы»  және  13  қыркүйекте  «Тәркілеуге  қарсылық  көрсеткені  үшін 

қылмыстық  жауапқа  тарту  және  ірі,  жартылай  ірі  феодалдарды  көшіру  туралы»  деп  аталған  екі  қаулы 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   425   426   427   428   429   430   431   432   ...   493




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет