Kazakh national pedagogical university after Abai хабаршы вестник bulletin «Тарих және саяси-әлеуметтік ғ ылымдар»



Pdf көрінісі
бет461/493
Дата06.01.2022
өлшемі9,77 Mb.
#13132
1   ...   457   458   459   460   461   462   463   464   ...   493
Байланысты:
2018 №3 Абай аты ҰПУ хабарщыс

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3(58), 2018 ж. 

377 


қамқорлық,  ағайыншылдық,  қонақжайлық,  үлкенге  деген  құрмет  сияқты  т.б.  жатады.  Негізінен,  қазақ 

халқына тән болып келетін аталған құндылықтар мен басқа да ерекшеліктер оның ауызша да, жазбаша да 

көркем  шығармаларында  көрініс  тапқан.  Қазақ  ұлтының  ел-жұртқа,  атамекенге,  туған-туыс,  ағайын-

бауырға  деген  сезімдері  ерекше  жоғары  болғанын  тарихи  жәдігерлер,  мәдени-әдеби  мұралар,  ауызша-

жазбаша  жеткен  әдеби  туындылар,  халқымыздың  көне  заманнан  бері  келе  жатса  да,  онша  өзгеріске 

ұшырай  қоймаған  қайсыбір  салт-жоралғылары,  тұрмыс-салты,  әдет-ғұрпынан  анық  байқалады.  Олар 

біршама  жинақталып,  топтастырылып,  типтендіріліп  зерттелуде  және  олар  белгілі  бір  дәрежеде  әлемге 

танылып та жатыр. Қазір де оған ерекше назар аударылуда.  

Мәселен,  еліміздің  әлеуметтік-экономикалық  саясатын  жүзеге  асырудағы  «Қазақстан  –  2030» 

стратегиялық  бағдарламасында  да  осы  мәселе:  «Қазақстан  Республикасының  егеменді  ел  болып,  ана 

тілінің мемлекеттік тіл болуымен қатар өткен тарихымызды қайта қарап, ондағы рухани құндылықтарды 

елеп-екшеп және рухани  құндылықтардың қорына  өлшеусіз үлес қосатын мұраларын зерделеп зерттеу, 

бүгінгі  ұрпақ  тәрбиесінің  керегіне  жарату  –  өзекті  мәселелердің  бірі  болуда»  [15]  делініп  нақты 

көрсетілген. Ал бұл мәселе жөнінде президент Н.Ә. Назарбаев былай дейді: «Жалпыадамзаттық өркениет 

болуы мүмкін емес. Солай бола тұрса да, оның кейбір нышандары өмірде бар. Бұндай көрер көзге қарама-

қайшы  ұғымға,  өткеннен  қалған  сүйексіңді  көзқарастарды  былай  ысырып  тастап  қарар  болсақ, 

таңданатындай  ештеңе  жоқ.  Иә,  саяси-құқықтық  және  экономикалық  институттардың,  сондай-ақ  осы 

заманғы  өндірістің  техникалық  негізінің  барған  сайын  бірізділікке  түсіп  келе  жатқаны  рас.  Бірақ 

мәдениеттің,  өркениеттің  негізгі  дәні  бәрібір  сол  күйінде  қалып  отыр.  Ол  –  өзінің  қандай  да  болмасын 

мәдениеттің біреуімен етене санайтын әрбір адамның жер мен көктегі дүниеге қарым-қатынасын, бүкіл 

өмірінің  мән-мағынасы  мен  бағасын  белгілейтін  басты  сипат.  Ол  –  санада  жылдап  қалыптасқан 

құндылықтар жүйесі» [16, 267]. 

Сондықтан болар, жаңа дәуірде де (тәуелсіздік жылдары) ұлттық көркем ой жүйесін қалыптастыруда 

«Темірқазық» жұлдызындай бағыт-бағдар болуға тиісті ұлттық салт-дәстүр мен таным-түсінік жүйесінің, 

ұлттық  ой-сана  әлеуетінің  (интеллектуальный  потенциал  нации)  сақталып  қалуына,  ұлттық  дәстүр 

жалғастығы мен ұрпақтар сабақтастығына көп мән берілді. Үшінші мың жылдық қарсаңында еліміз үшін 

ерен  еңбек  етіп,  соңдарына  аса  құнды  әдеби-мәдени,  тарихи-ғылыми  мұра  қалдырған  Шоқан,  Абай, 

Жамбыл,  Шәкәрім,  А.Байтұрсынұлы,  М.Әуезов  сияқты  тағы  басқа  да  ұлтымыздың  көптеген 

ғұламаларының,  білім,  ғылым,  мәдениет,  қоғам  қайраткерлерінің,  қазақ  тарихында  өшпестей  болып  ізі 

қалған  тарихи  тұлғалардың  атаулы  мерейтойлары  республика  көлемінде  және  ЮНЕСКО-ның 

қолдауымен халықаралық деңгейде аталып өтілді. 

Қалай  дегенмен,  қазақ  халқының  ұлттық  рухани  құндылықтарының  айшықтала  түсуі  тәуелсіз 

Қазақстан Республикасының өмірге келіп, өзінің дербес саясатын жүргізе бастаған кезінен бастау алады. 

Кеңес үкіметі кезінде көркем-әдеби шығармаларын оқуға, насихаттауға тиым салынған А. Байтұрсынұлы, 

Х.  Досмағанбетұлы,  Қ.  Кемеңгерұлы,  М.  Дулатов,  М.  Жұмабаев  секілді  т.б.  ақын-жазушылардың 

шығармалары  ЮНЕСКО-ның  көмегінсіз-ақ,  тәуелсіздіктің  арқасында  өз  халқының  игілігіне  айналды. 

Бұның  нақты  дәлелін  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  Дүниежүзі 

қазақтарының IV құрылтайында сөйлеген сөзінен ааңғаруға болады. Ол осы құрылтайда оған үлкен мән 

беріп: «Тәуелсіздіктің тірегі – ұлттық сана екенін білесіздер. Ал ұлттық сана тарих пен мәдениет арқылы 

қалыптасады.  Осыған  орай,  елімізде  «Мәдени  мұра»  мемлекеттік  бағдарламасы  жемісті  жүзеге 

асырылуда. Мемлекет тарапынан ұланғайыр қаржы бөлінуде. Бағдарлама бойынша барымызды бағалап, 

жоғымызды  түгендеуде  ұланғайыр  іс  атқарылды.  Соның  арқасында  100-ге  тарта  тарихи-мәдени  нысан 

жаңғыртылып,  оның  73-інде  қалпына  келтіру  жұмыстары  аяқталды.  Шетелдерден  тарих  пен 

мәдениетімізге қатысты 5 мыңнан астам құнды деректер табылып, көшірмелері елімізге әкелінді. 

Әлемдік  ақыл-ойдың  ең  озық  үлгілері  қазақ  тіліне  аударылып,  олар  том-том  кітап  болып  жарық 

көруде.  Бұл  құндылықтар  келешекте  жастардың  бойына  ұлттық  сананы  сіңіруге  жол  ашады.Ұлттық 

фольклорымыз «Бабалар сөзі» деген атпен 100 томға жинақталып жарық көруде. Сондай-ақ, әр қиырда 

шашылып жатқан ұлттық музыкалық мұрамыз да жинақталды. Оларға шетел қазақтарының әндері мен 

күйлері де енгізілгенін атап өткім келеді» [17] , – деп қазақстандық жас ұрпақ бойына отаншылдық рухты 

қалыптастырудағы ұлттық құндылықтардың маңыздылығына арнайы тоқталды. 



 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 

1  Каржаубаева  С.К.  Феномены  казахской  культуры  //  Современные  проблемы  науки  и  образования

Алматы 2012. - № 1. URL:https://www.science-education.ru 

2 Теодор Драйзер. Жении Герхардт. http://knijky.ru/books/dzhenni-gerhardt? page=1 


ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3(58), 2018 г. 

378 


3 https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D0%B8%D0%BD%D0%B5%D1%80%D0%B3%D0%B8%D1%8



4 https://ru.unesco.org/70years 

5 Культура.  Официальный  сайт  ЮНЕСКО.  Проверено  23  мая  2010.Архивировано  23  августа  2011 

года. 

6 Protection of Cultural Property in the Event of Armed Conflict (англ.). Портал ЮНЕСКО. Проверено 23 

мая 2010. Архивировано 23 августа 2011 года. 

7 Regional Bureaux  (англ.).  Портал ЮНЕСКО.  Проверено 23 мая 2010.Архивировано 23 августа 2011 

года. 

8 Culture (англ.). Портал ЮНЕСКО. Проверено 23 мая 2010. Архивировано23 августа 2011 года. 

9 https://ust.kz/word/bayandama_madeniet__qogamdyq_qubylys-43275.html 

10 Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. https://qamba.info/site/book/online/qzhumaliev-zqabdlv-zahmetv-

adebiet-teriyasy-1960-70-zhzh-klassikalyq-zerttewler-15-tm/content/content_1.xhtml/  

11 Байтұрсынұлы А. Әдебиет танытқыш. https://kitap.kz/books/adebiet_tanytqysh.  

12 Памятники мировой эстетической мысли: В 5 т. – М., 1962. – Т.1. – С.86. 

13 Памятники мировой эстетической мысли:. – Т. 1. – С. 114. 

14 А р и с т о т е л ь. Об искусстве поэзии. – М., 1957. – С. 48. 

15 Назарбаев  Н.Ә.  Қазақстан – 2030:  барлық қазақстандықтардың  өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және 

әл-ауқатының артуы. -Алматы: Білім, 1998 жыл. 

16 Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында. -Алматы: «Өнер», 1996 жыл. 

17 Назарбаев  Н.Ә.  Президентің  Дүниежүзі  қазақтарының  IV  құрылтайында  сөйлеген  сөзі. 

http://www.akorda.kz. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   457   458   459   460   461   462   463   464   ...   493




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет