Kazakh national pedagogical university after Abai хабаршы вестник bulletin «Тарих және саяси-әлеуметтік ғ ылымдар»



Pdf көрінісі
бет65/493
Дата06.01.2022
өлшемі9,77 Mb.
#13132
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   493
Байланысты:
2018 №3 Абай аты ҰПУ хабарщыс

Key words: geology, expedition, empire, officials, scientists, minerals. 

 

Ресей  императоры  І  Петр  XVІІІ  ғ.  басында  Қазақ  хандығы  туралы  «…барлық  Азия  елдері  мен 



жерлеріне кірудің кілті мен қақпасы дәл сол орданың (Қазақ хандығының) өзі ғана, осы себептен де солар 

арқылы барлық Азия елдерімен қатынасатын жолымыз болуы үшін қазақ ордасы Ресейдің қол астында 

болу  керек»  деген  еді.  Осы  мақсатта  ол  қазақ  жеріне  1713-1720  жж.  бірнеше  экспедициялар  жібереді. 

Алғашқысын  1713  ж.  князь  Александр  Бекович-Черкасский  басқарды.  1715  ж.  И.Д.  Бухгольц 

экспедициясы жасақталды. І Петрдің И.Д. Бухгольцке арнаулы жарлығында оған Тобылға бару және онда 

аталған губернатордан 1500 әскери адам алып, солармен Ямышев көліне бару, онда қала жасап, аталған 

адамдарымен жаңадан салынған бекініс пен оның маңайына орналастыратын жерге жету міндеттелді. 

1715 жылы 1 қазанда экспедиция Ямышев көлінің жағасына жетіп, сол жерде бекініс салды. 1716 ж. 

Омбы  бекінісінің  іргесі  қаланады.  1717  ж.  полковник  П.Ступин  экспедициясы  Ямышевск  бекінісінің 

іргесін  одан  әрі  бекітеді,  1718  ж.  П.Северскийдің  отряды  Железинск  бекінісін  салады,  ал  В.Чередов 

басқарған  екінші  отряд  Семей  бекінісінің  іргесін  қалайды,  1720  жылы  И.  Лихарев  экспедициясы  Үлбі 

өзенінің  Ертіске  құятын  жерінде  Өскемен  бекінісінің  негізін  салады  [1,  7  б.].  Мұндай  бекіністердің 

салынуы саяси, әскери-стратегиялық мақсатта біртіндеп қазақ даласына сыналап енудің жолдары еді. 

1731  жылы  19  ақпанда  Ресейдің  патшайымы  Анна  Иоановна  қазақтарды  Ресей  империясының 

бодандығына қабылдау жөніндегі құжатқа қол қойды. Бұл құжатты қазақтарға жеткізу үшін 1731 жылдың 

31  сәуірінде  Ресей  әкімшілігі  Кіші  жүзге  Сыртқы  істер  коллегиясының  тілмәші  А.И.Тевкелев  бастаған 

арнайы елшілік жіберді. Ал империяның Мемлекеттік сыртқы істер алқасы А.И.Тевкелевті қырғыз-қайсақ 

ордасын Ресей бодандығына өткізу жөніндегі міндеттер белгіленген 12 тармақтан тұратын нұсқауымен 

жабдықтайды. Бұл құжат дипломатиялық миссия үшін іс-қимыл бағдарламасы ретінде болды. Онда Ресей 

елшісіне тек Кіші жүз қазақтарын ғана емес, бүкіл қазақ елін түгел бодандыққа өткізу міндеті қойылған 

еді.  Осыдан  кейін  көп  уақыт  өтпей-ақ  Ресей  патшалығы  қазақтарды  түгелдей  дерлік  өзіне  қарату 

мақсатында  өлкеге  бірнеше  экспедиция  жасақтап  аттандырады.  1734  жылы  мамырда  қырғыз-қайсақ 

экспедициясы  құрылып,  оны  Орынбор  экспедициясы  деп  атады.  Бұл  экспедицияны  Сенаттың  обер 

хатшысы  И.К.  Кириллов  басқарды  [1,  11  б.].  Ол  1737  жылы  қайтыс  болған  соң  оның  орнына 

экспедицияларды басқаруға Н. Татищев келді. Осылайша қазақ қоғамы мен оның байтақ даласын Ресей 

империясының отарлық жүйесіне тартып игеру мақсатында неше түрлі экспедициялар ұйымдастырылып 

отырды. Өлкені отарлауды табанды түрде жүргізуге кіріскен Ресей империясының стратегиясында қазақ 

даласы «Азияға кіретін кілт пен қақпа» ғана емес, сонымен қатар келешекте жер асты-үсті байлықтары 

жан-жақты зерттеліп, кеңінен игерілетін ірі шикізат көзі ретінде де қарастырылған болатын. Осы мақсатта 

ғылыми  экспедициялар  шығарылып,  жекеленген  ғалымдар  мен  әскери  чиновниктерде  Қазақстанды  әр 

қырынан  зерттеп  білуге  кіріскен  болатын.  Оның  ішінде  әрине,  қазақ  жерінің  қазба  байлықтарын  игеру 

үшін өлкені геологиялық, географиялық тұрғыдан зерттеу де маңызды еді.  

ХVІІІ  ғысырдың  40-шы  жылдары  жекеленген  экспедициялар  арқылы  Қазақстанның  батыс  өңірінің 

геологиялық  ерекшеліктері,  табиғи  жағдайы  туралы  алғашқы  мәліметтер  алынып,  Арал  теңізі 

жағалауының картасы жасалады [2, 519-626 бб.]. Ал әскери чиновник Н.П.Рычковтың есебінде өңірдегі 

тау  қатпарлары,  минералдары  жайында  мағлұматтар  кездеседі  [3].  Ол  сонымен  қатар,  «Орынбор 

губерниясының  топографиясы»  атты  еңбегінде  бұл  өңір  жайындағы  геологиялық  және  географиялық 

мәліметтер талдауға алынып, топырағы мен құмы, жер қойнауындағы мұнай жайында айтылады [4].  

Қазақ  даласының  батысын  зерттеуге  Ресей  Ғылым  академиясының  1768-1773  жылдары 

ұйымдастырылған  экспедициялары  үлкен  үлес  қосты.  Олардың  құрамында  С.Г.  Гмелин,  П.С.  Паллас 

сияқты  белгілі  ғалымдар  болды.  Олар  Арал  мен  Каспий  теңіздерінің  геологиялық  және  тарихи 

географиялық  мәселелеріне  ғылыми  тұрғыдан  сипаттама  береді.  Сондай-ақ,  өңірдегі  тау  қатпарларына, 

ондағы кездесетін темір рудасына, тұзына, топырағына сипаттама ғылыми сипаттама жасайды [5].  

Батыс аймақтың геологиясы мен географиясы бойынша Э.А.Эверсманның жинақтаған материалдары 

ерекше  құнды  болды.  Оның  жасаған  саяхаты  барысында  Орынбар  мен  Арал  теңізі  аралығы  арқылы 

жүрген даланың геологиялық ерекшеліктері туралы мол мәліметтер жинақталған [6].  

Батыс Қазақстанның геологиясы жайында мол деректер беретін еңбектердің қатарына А.А.Левшиннің 

өзіндік  маңызды  орын  алады.  Онда  қазақ  даласының  құм  аралас  топырақ  құрамы,  геологиялық 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   493




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет