Kazakh national pedagogical university after Abai хабаршы вестник bulletin «Тарих және саяси-әлеуметтік ғ ылымдар»



Pdf көрінісі
бет67/493
Дата06.01.2022
өлшемі9,77 Mb.
#13132
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   493
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3(58), 2018 ж. 

43 


Осылайша Ресейлік отарлық билік қазақ даласының табиғи қазба байлықтарын орыс көпестеріне жеке 

кәсіпкерлікке беру арқылы игеріп отырған еді.  

Қазақ даласының табиғы байлықтарын зерттеумен, әсіресе оның шығыс аймағын ғалымдармен қатар 

алтын,  күміс,  т.б.  құнды  металдар  мен  рудалар  іздеген  өнеркәсіпшілерде  айналысқан.  Бірақ  олардың 

көпшілігі белгісіз күйде қалып қойып отырды. Кейін бұл жақтарға арнайы экспедициялар мен ғалымдар 

келе  бастады.  Ресей  империясының  стратегиясында  Қазақстанның  әр  өңірін  тарихи-географиялық, 

геологиялық тұрғыдан, онда тұратын халқын этнографиялық, шаруашылық, т.б. жағынан танып-білу де 

маңызды  еді.  Ал,  1867-1868  жылдары  жүргізілген  реформалардың  барысында  қазақтардың  Ресей 

империясының мемлекеттік басқару жүйесіне ену үрдісі аяқталды. Осыдан соң қазақ халқының қоғамдық 

өміріндегі ғасырлар бойы қалыптасқан табиғи да тарихи үрдістері үзіліп, оның орнына империялық жаңа 

үрдістер қалыптаса бастады. Мұндай құбылыс отарлық қанауға түскен халықтардың жағдайына тән болса 

керек.  Өзге  елдерге  үстемдік  құрған  империя  өңірдегі  табиғи  байлықтарды  қазақтың  әлеуметтік-

экономикалық дамуына емес, керісінше империяның экономикасын дамытуға мүмкіндіктер жасады. 1891 

жылғы  «Ақмола,  Семей,  Жетісу,  Орал  және  Торғай  облыстарын  басқару  туралы  Ереженің»  119  бабы 

бойынша «көшпенділер иеленген жерлер және ол жерлерге қатысты нәрселердің барлығы, оның ішінде 

орман да мемлекеттік меншік болып танылады»-деп бекітілген болатын [13]. Осылайша отаршыл жүйе 

ғасырлар  бойы  иеленіп  келе  жатқан  қазақ  жерлері  мемлекет  «меншігі»,  яғни,  Ресей  империясының 

меншігі деп жарияланды. Аталған реформалардан кейін Қазақстанды толықтай өз отарына айналдырған 

Ресей  империясы  еліміздің  табиғи  қазба  байлықтарын  кең  түрде  игеру  үшін  оны  терең  зерттеп  білуге 

құлшына  кірісті.  Осы  мақсатта  ғылыми  экспедициялар,  зерттеуші-ғалымдар,  әскери  чиновниктер 

жіберіліп тұрды.  

Олар өздерінің есептері мен зерттеулерінде өңірдің геологиялық жағдайы, табиғи қазба байлықтары, 

оның  географиясы  жайлы  құнды  мәліметтер  берді.  П.П.Семенов  [14]  кешенді  далалық  зерттеу  әдісі 

негізінде  жасаған  қорытындылары,  И.В.Мушкетовтың  [15]  еңбектері  Түркістан  өлкесінің  геологиялық 

және  географиялық  тұрғыдан  жан-жақты  зерттеуге  үлкен  үлес  қосты.  Түркістан  өлкесінің  қазақтар 

тұратын  Жетісу,  Сырдария  облыстарын  ғалымдар  В.А.Васильев,  М.Н.Вебер  зерттееп  еңбектер  жазды. 

В.А.Васильевтің  «Семиреченская  область  как  колония  и  роль  в  ней  Чуйской  долины»  атты  еңбегінде 

өңірдің  жер  жағдайы,  рельефі,  минералдары,  мыс,  күміс  және  қорғасын  рудалары  туралы  деректер 

келтірген  [16].  М.Н.Вебер  «Геологические  исследования  в  Сыр-Дарьинской  области  в  1904  г.»  деп 

аталатын  еңбегінде  Қаратауғы  жапсарлас  жатқан  тау  қыртыстарының,  өзенді  алқаптардың  құрылымы, 

өсімдіктер  әлемі,  минералдары  туралы  мол  мәліметтер  береді.  Сонымен  қатар,  Қаратауда  рудалар 

кездесетін  кен  орындары  аздығы,  ерте  замандарда  бұл  өңірде  алтын,  мыс,  темір  және  көмір  кен 

орындарының болғандығы аталады [17]. Бұл ғалым Әулие-ата мен Шымкент уездеріндегі пайдалы қазба 

байлықтар туралы да жақсы мәліметтер берген [18].  

ХХ  ғасырдың  басында  қазақ  даласын  геологиялық-географиялық  тұрғыдан  зерттеу,  табиғи  қазба 

байлықтарын игеру жаңа кезеңге өтті. Бұл кезеңде Қазақстан біршама зерттелген еді. Ендігі кезекте оны 

тереңдете детальдық зерттеу, сонымен қатар табиғи қазба байлықтарын кең түрде игеру мәселесі тұрды. 

ХХ  ғасырдың  басында  Ресей  империясының  отары  ретінде  Қазақстанда  негізінен  тау-кен  өндірісі  мен 

кен-зауыт  өнеркәсібі  дами  бастады.  Аталған  өнеркәсіп  салалары  Алтай  мен  Орталық  Қазақстанда 

өркендеді.  Бірақ,  бұл  кезде  мыс,  алтын,  темір  және  басқа  да  қазба  байлықтарын  шығаратын  тау-кен 

кәсіпорындары  шетелдік  акционерлік  қоғамдардың  қолына  өткен  болатын.  Олардың  арасында  тұңғыш 

кәсіпорындардың бірі – 1904 жылы Лондонда бұрын Рязанов пен Козицинаға тиеселі болып келген, ХІХ 

ғасырдың  екінші  жартысында  өлкедегі  мыс  балқыту  өнеркәсібінің  ошағы  болған  кәсіпорындрды, 

рудниктер мен кен орындарын пайдалану мақсатында құрылған «Спасск кен рудаларының акционерлік 

қоғамы» болды [19, 574 б.].  

1906  жылы  Жезқазған  мыс  рудалары  кеніштерін  пайдалану  үшін  Лондонда  «Атбасар  мыс  кен 

орындарының акционерлік қоғамы» құрылған еді. Бұл қоғам Жезқазған өңіріндегі Ескөл темір кенішін, әк 

шығаратын  карьерлерді,  Байқоңыр  алқабындағы  таскөмір  кеніштерін  игеру  құқықтарын  сатып  алған. 

1911  жылы  қоғамның  акцияларының  40  %  -ы  «Спасск  мыс  рудалары  акционерлік  қоғамының»  қолына 

өткен [19, 575 б.]. 

ХХ  ғасырдың  басындағы  қазақ  даласының  қазба  байлықтарын  игеру,  тау-кен  өнеркәсібі,  ондағы 

жұмысшылардың  жай-күйі,  өндірілген  өнім  көлемі,  т.б.  мәселелері  орыс  чиновнигі,  инженер  А.И. 

Тименің  «Далалық  округтегі  тау-кен  өндірісі  және  кен-зауыт  өнеркәсібінің  жағдйы  туралы  1915-1916 

жылдардағы есебінде» жан-жақты баяндалған [20, 1-153 пп.].  

 



ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3(58), 2018 г. 

44 


Бірақ бұлардың барлығы негізінен өндіруші кәсіпорындар ғана еді. Ал олар Қазақстанда өңдеуші және 

қайта өңдеуші кәсіпорындар мен зауыт-фабрикалар салуға, қазақ елін дамытуға мүдделі болмады. Оған 

империялық билік те мүдделілік танытпады. Осылайша Қазақстан Ресей империясының стратегиясында 

қазба байлықтары мол тек шикізат көзі ретінде ғана қалып қойды.  



 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

1. Қазақстанның  қазіргі  заман  тарихы.  Оқулық.  /Қ.С.  Қаражан,  Ж.Ә.  Әбсеметова,  Ф.А.Қозыбақова, 

Т.Қ.Мекебаев, С.С.Саржанова, С.Смағұлов, Ш.Б.Тілеубаев/ Ред. басқ. Қ.С. Қаражан. – Алматы: Қазақ 

университеті, 2005. – 302 б. 

2. Гладышев  Д.,  Муравин  И.  Поездка  из  Орска  в  Хиву  и  обратно,  совершенная  в  1740-1741  годах.  – 

Геогр. Изв. РГО, 1850. Вып. 5.  

3. Рычков Н.П. Дневные записки путешествия в Киргиз-Кайсацкие степи в 1771 году. – Спб., 1772. 104 

с.  

4. Топография Оренбургской губернии. – Оренбург, 1887. 405 с. 

5. Паллас  П.С.  Путешествие  по  разным  провинциям  Российской  империи.  Часть  1.  Физические 

путешествие по разным провинциям Российской империи, бывшее в 1768 и 1769 году. – Спб., 1773. 750 с.; 

Паллас П.С. Путешествие по разным провинциям Российского государства. 1772 – 1773 годов. Часть 3. 

– Спб., 1788. 624 с. 

6. Эверсман  Э.А.  Естественная  история  Оренбургского  края.  Часть  1.  Вступление  в  подробную 

естественную историю Оренбургской губернии или общий взгляд на край Оренбургский в отношении к 

произведениям природы. Оренбург. 1840.  

7. Левшин А.И. Описание киргиз-казачьих или киргиз-кайсацких орд и степей. – Алматы, 1996.  

8. Бутаков А.Н. Новейшие изыскания на Сыр-Дарье между фортом Перовским и ур. Байлдыр-Тугаем. 

–Записки РГО, кн.3. отд.1. 1864. С.50-54. 

9. Қазақстан Республикасы Орталық Мемлекетті архиві. 11-қор, 1-тізбе, 1-іс.  

10.ҚР ОМА. 11-қор, 1-тізбе, 2-іс.  

11.ҚР ОМА. 11-қор, 1-тізбе, 3-іс. 

12.ҚР ОМА. 11-қор, 1-тізбе, 4-іс.  

13.Материалы по истории политического строя Казахстана. – Алматы, 1960. – Т.1. - С. 395. 

14.Семенов  П.П.  Поездка  из  укрепления  Верного  через  горный  перевал  у  Суоктюбе  и  ущелье  Буам  к 

западной оконечности озера Иссыккуль в 1856 г. – Записки РГО по общей географии, 1867. Т.1. С. 181-

254. 

15.Мушкетов  И.В.  Краткий  отчет  о  геологическом  путешествии  по  Туркестану  в  1875  г.  –  Спб., 

1876. 124 с. 

16.Васильев В.А. Семиреченская область как колония и роль в ней Чуйской долины. - Пг., 1915. 278 с. 

17.Вебер М.Н. Геологические исследования в Сыр-Дарьинской области в 1904 г. – Изв. Геолкома, 1905. 

Т. 24, № 7-8, с. 347-399. 

18.Вебер  М.Н.  Исследование  месторождений  медных  и  свинцовоых  руд  в  Аулие-Атинском 

Чимкентском уездах в 1916 г. – Изв. Геолкома, 1917, т.36, № 1, с.408-413. 

19.Қазақстан  тарихы  (көне  заманнан  бүгінге  дейін).  Бес  томдық.  3-том.  –  Алматы:  «Атамұра», 

2002. - 768 бет, суретті, карталы.  

20.ҚР ОМА. 2057-қор, 1-тізбе, 8-іс. 

 

  



 

 

 



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   493




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет