Kazakh national pedagogical university after Abai хабаршы вестник bulletin «Тарих және саяси-әлеуметтік ғ ылымдар»



Pdf көрінісі
бет203/493
Дата06.01.2022
өлшемі9,77 Mb.
#13132
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   493
Байланысты:
2018 №3 Абай аты ҰПУ хабарщыс

ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3(58), 2018 г. 

146 


Сыртқы  істер  министрлігінің  веб-сайтында  Түркияның  «жұмсақ  күші»  бірінші  кезекте  үш  негізгі 

сипаттамасынан тұрады: Демократия, экономика және сауда, және еуропалық жұмсақ күші. Түркияның 

«жұмсақ күшінің» басқа да құрамдас элементтері немесе көздері Түркияның либералды визалық режимі 

ретінде,  мұсылман  әлеміне  әсер  ету,  тарихтың  рөлі  және  Түркияның  «донор»  ретіндегі  рөлінде  анық 

көрінеді. Сонымен қатар «жұмсақ күштің» негізгі акторлары Түрік Радио және Теледидар Корпорациясы 

(ТРТ)  шет  тілдік  бағдарламалары,  Түрік  әуе  жолдары,  Түрік  даму  және  ынтымақтастық  жөніндегі 

агенттігі (TIKA), Юнус Эмре мәдени орталықтары болып табылады [4]. 

Түркияның  «жұмсақ  күш»  саясатының  негізгі  объектісі  ол  Әзірбайжан.  Қатынас  көбіне  білім 

саласында жүзеге асады, өйткені Әзірбайжанның шетелдегі студенттерінің ең басым саны Түркияда білім 

алады. Қазақстан қарқынды дамып жатқан мемлекет болғандықтан, Түркия көпжақты байланыс орнатуға 

тырысады, және аталмыш саясатының жүзеге асырылуын экономикалық тұрғыда бизнес кеңесін құруда, 

түрік  мәдени  орталықтарының  еліміздегі  жұмысынан  көрініс  табады.  Қырғызстан  республикасындағы 

«жұмсақ  күш»  саясатының  бағыттары  білім,  медицина  салаларында  жоғары  деңгейде,  сонымен  қатар 

2008  жылдан  бері  қырғыз  тәртіп  сақтау  қызметін  даярландыруда  Түркия  халықаралық  жобаны  іске 

асыруда. Тәжікстан мен Өзбекстанда Түркия түрік тілін ерекше насихаттайды. «Тюркология» жобасының 

негізінде, екі елдің бірқатар жоғары оқу орындарында түрік тілі мен әдебиеті кафедралары құралған.  

Түркия  өзінің  аталмыш  саясатын  тек  көршілес  елдер  мен  тарихи,  мәдени  тұрғыда  жақын 

мемлекеттерде ғана емес, басқа аймақтарда да жүргізуге мүдделі.  

Елбасы  Режеп  Таип  Ердоған  Судан,  Чад  және  Тунис  елдеріне  сапарлары  –  Анкараның  аймақтағы 

ықпалын күшейтетін, дипломатиялық құндылығы бар жаңа қадам, жұмсақ күш саясатының жаңа бағыты. 

Ердоған  Африкадағы бұл  төрт күндік сапары кезіндегі алғашқы аялдамасы  Судан болды, сондай-ақ ол 

түрік президентінің Суданға алғаш рет келуі болатын. Суданнан кейін ол Чадқа, содан кейін Тунис еліне 

сапар  жасады.  Ердоғанның  Чадқа  сапары  да  Түркия  президентінің  бұл  елге  алғаш  рет  келуі  еді. 

Анкарадағы Африка стратегиялық зерттеу орталығының жетекшісі Мұстафа Эфе былай дейді: «Бүгінгі 

күні технологиялық дамудың арқасында біз осы аймақтарға логистикалық тұрғыда жақынбыз, дегенмен 

өткен жылдардағы тарихи оқиғалар арасындағы Осман дәуіріне байланысты үзіліс бар. Бұл президенттік 

сапарлар осы аралықты толтыру үшін маңызды». Эфе сондай-ақ, «Африка Түркияның сыртқы саясатын 

әртараптандыруда  көмекші  рөл  атқарады»  деп  қорытындылады.  Соңғы  бірнеше  жылда  континенттегі 

түрік дипломатиялық миссияларының саны 2009 жылы 12-ден 42-ке көтерілді. 

Таяу Шығыс, Солтүстік Африка және Шығыс Еуропа елдерін 500 жылдан астам уақыт бойы басқарған 

Осман  империясы  Африкада  тұрақтады,  алайда  бұл  1923  жылы  Түркия  Республикасының  негізі 

қаланғанып,  батысқа  бағдарланған  сыртқы  саясатқа  көшуінен  кейін  тоқтатылды.  2002  жылдан  бастап 

Түркия өзінің Африкаға ашылу саясатымен белсенді бола бастады, сондай-ақ 2005 жылды Африка жылы 

ретінде  жариялады.  Түркияның  континенттегі  белсенділігінің  дәлелі  ретінде  2011  жылы  Африканың 

экономикалық  болжамы  журналы  Түркияны  континенттің  ең  маңызды  әріптестерінің  бірі  деп 

мәлімдеді[5].  Түркия  сондай-ақ  Африкадағы  жарналар  есебінен  2017  жылы  өткізілген  Әлемдік 

гуманитарлық көмек туралы есебіне сәйкес АҚШ-тан кейінгі әлемдегі екінші дүниежүзілік гуманитарлық 

донор болды. 

Африка бойынша мамандандырылған академик Хатидже Угур «Африкалық құрлық деп айтқан кезде, 

біз  елуден  астам  ел  мен  жүздеген  мәдениет  пен  тілдерді  елестетеміз»  деп,  Африканың  Түркия  сыртқы 

саясатындағы маңыздылығын көрсетті. 

Суданға барар алдында Анкарадағы Эсенбога әуежайында журналистерге берген сұхбатында Ердоған 

Түркияның Африкамен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуды және аймақтағы іскерлік байланыстарды 

нығайтуды  көздейтінін  айтты.  Бұл  2017  жылдың  басынан  бері  Африка  елдеріне  жасалған  екінші 

президенттік  сапары  болды.  Ердоғанның  аталған  жылдың  қаңтар  айында  Танзания,  Мозамбик  және 

Мадагаскарға  жасаған  сапарларын  қосқанда,  әлем  басшылары  арасында  Африкаға  ең  көп  ресми  сапар 

жасаған елбасы болып саналады. 

Стамбул  Мәдениет  Университетінің  саясаттану  факультетінің  деканы  және  Түркияның  Чадтағы 

бұрынғы  елшісі,  профессор  Ахмет  Кавастың  айтуынша,  бұл  сапар  Судан,  Чад  және  Тунис  елдерімен 

байланыстардың  жаңа  бағыттарын  ашу  процесін  бастаумен  қатар,  елеулі  экономикалық  жобалар  іске 

қосылады. 

Маариф  қоры  -  Түркиядан  тыс  мектептерді  басқаратын  коммерциялық  емес,  мемлекет 

қаржыландыратын  орган.  Қазіргі  таңда  ол  Африкадағы  32  мектепті  қаржыландыру  мен  басқарумен 

айналысады.  

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   493




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет