ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3(58), 2018 г.
214
Жекпе-жекте Әбілмансұрдың ойрат әскерінің қолбасшысы Шарыш батырды мерт қылғандығы туралы
мәлімет ауызша тарихта да айтылады, алайда ондағы Шарыштың нақты тұлғасына қатысты
тарихшылардың пікірлері әр түрлі. К. Данияровтың келесі қорытындысына сай Шарын өзенінің
атауының шығуы жоңғардың Шарыш батыр есімімен байланысты. Ол былай дейді: «вероятнее всего
даже название довольно крупной реки Шарын с ее всемирно известными каньонами является несколько
видоизмененным вариантом имени Шарыш» [13, с. 153]. Топонимикалық атаулардың шығу тарихы –
жекелеп зерттеуді қажет ететін мәселелердің бірі. Мысалға, ел аузында Алматы облысы Қарасай
ауданындағы Әйтей ауылы қазақ батырының кұрметіне қойылғандығы туралы айтылады және
Қаскелеңнің өзі жоңғардың Қаскөлең батырының есімімен байланысты аталғандығы жөнінде де деректер
бар.
Абылайдың тұтқынға түсу мәселесі даулы проблемаға жататыны белгілі. К.Ш. Хафизова Абылай
сұлтанның жоңғарға тұтқынға түсу жағдайы толық ашылмағандығын көрсетеді. Өйткені Абылай ханның
тұтқынға түсу жағдайы еңбектерде әр түрлі сипатталып жүр. Ол: «не исключено, что он (Абылай хан –
Н.Қ.) добровольно выехал к Галдан-Церену для проведения сепаратных переговоров, а слух о
вынужденном пребывании в Джунгарии инспирировал сам», - деп көрсеткен [14, с. 109]. Зерттеушінің
бұл тұжырымы ерекше болып тұр. Әрі қарай ол Абылайдың тұтқында болғандығы туралы сөз сол
замандағы жыраулар мен ақындардың құлағына тиіп, олар бұл ұзынқұлақ әңгімені барша жұртқа таратуы
мүмкін екендігін жазған. Бұл оқиғалар қазіргі әдебиеттерде де көрініс тапқанын тарихшы көрсетеді.
Зерттеуші өзі ұсынған нұсқаның дұрыстығына сұлтанның тұтқыннан босатылу жағдайын, оның қайтып
келгеннен кейінгі қызу қызметін талдауы, фактілерді Жоңғарияға жіберілген ресейлік елші К. Миллердің
күнделігінің материалдарымен салыстыруы дәлел бола алатынын жеткізеді. «Хан Абылай понимал
важное значение пиара», - деп Абылайдың «атың шықпаса, жер өрте» тәсілін жиі қолданып, өзі қалаған
нәтижелерге қол жеткізіп отырғандығы турасында көрсетілді. Зерттеуші сұлтанның биографиясын,
сонымен қатар әрбір сыртқы және ішкі бастамаларының барлығын қайтадан тыңғылықты түрде зерттеу
қажеттігін ескереді. Тарихшының сөзіне сәйкес, оларды түсінуде Абылайдың іс-әрекетінің қозғаушы
күші – биліксүйгіштігі мен өз тегін даңққа бөлеу ниеті істі жеңілдетеді, себебі Абылай хандықты билеп,
билігін барлық жүзге және де Жоңғария мен Орта Азияның қазақ тайпаларына жүргізуді қалаған екен.
Автор ойын қорытындылай келе, Абылай мен оның атақты шөбересі Шоқанның еліміздің тарихындағы
ең күрделі әрі құпия тұлғалар екендігін жаза отырып, олардың әрқайсысының, сөзсіз, қазақ мемлекетінің
территориялық тұтастығын сақтауда өзінше үлес қосқандықтарын атап өткен [14, с. 109-110].
Абылай ханнан жоңғар тұтқынынан босатылу себебі шиеленісті мәселенің бірі екендігі белгілі. Себебі
тарихшылардың бір бөлігі оның тұтқыннан босатылуына патшалықтың көмегі тигендігін көрсетсе, қарсы
жақтағылар оған Абылайдың өз зеректігі мен қазақ билеушілерінің атқарған істері сепші болғандығын
жазды. Осы пікірлердің алғашқысын қолдаушылар қатарына К. Данияров, А. Жұмаділов жатады. А.
Жұмаділовтың пікірінше, Абылайдың жоңғар тұтқынан босауында Ресей әкімшілігінің рөлі үлкен болған
[12, с. 82]. К. Данияров та А.И. Левшин мәліметтеріне сүйене отырып: «султан Абылай, около года
томившийся в плену у зюнгаров, стараниями посланного к Галдану майора Миллера был освобожден
весною 1743 года», - деп қорытындылаған [13, с. 170]. Н. Мұқаметқанұлы болса, керісінше пікірде
болған, оның көрсеткені: «Орта жүздің ханы Әбілмәмбет жоңғар хан ордасына адам жіберіп, Ғалдан
Серенге бағынатындығын білдірді. Содан кейін Ғалдан Серен Абылайды қайтарды» [7, 52-б.]. Н.
Мұқаметханұлы зерттеуінде ауыз әдебиеті үлгілерінде көптен айтылатын Қазыбек бидің Жоңғар еліне
жасаған елшілігі туралы мағлұмат келтірілген. Тарихшы жоңғарлармен қарым-қатынасты жақсарту үшін
жоңғар ордасына елші жіберіп, Галданды соғысты тоқтатып, тату-тәтті тұрмыс өткізуге иландырмақ
болады. Осы мақсатта Тәуке ханның елшісі Қазыбек би жоңғар басшысына елшілікке барған [15, 48-б.].
Жалпы, Тәуке ханның жоңғарларға елшілік жіберіп отырғандығы туралы мәліметтер сақталған [16, 37-б.;
17, с. 102]. Келесі дерек бойынша Қазыбек бидің елшілік істерінің оң нәтижесін көруге болады.
Жоңғарияға елшілікке аттанған қазақтар арасындағы дәл Қазыбек бидің айтқан тұшымды ойларының
арқасында сұлтанды тұтқыннан босатуға мүмкін болғандығы жайлы жазылған: «хонтайджи не смог
ничего ответить Казыбеку и освободил из плена Абылай хана» [18, с. 20]. М.М. Мағауин: «из сложной
жизненной перипетии Аблая вывели: во-первых, родной народ, во-вторых, конечно, личные качества,
глубокий гибкий ум, а также предначертанная всевышним звездная судьба», - деп көрсеткен. Яғни оған
себеп Абылайдың халқының көмегі мен сұлтанның өзінің ақылдылығы. Ары қарай автор:
«напрашивается вопрос, как же Галдан-Церен выпустил из своих когтистых лап Абылая, ведь наверняка
не из жалости к нему. Повторяем: это он сделал из-за сохранения спокойствия своего народа, а также
личного авторитета», - өз ойын толықтыра түскен [19, с. 114]. Абылайды Галдан Цереннің босатуының
|