The article deals (in historiographic ven) with historical works on the issues of the Kazakh-Dzungar struggle
and the role of Ablai Khan in it, which were published during the years of independence of our republic. The main
conclusions of Kazakh researchers on the history of the struggle of the Kazakh people against the Dzungar
invasion and the activities of Khan Ablai are analyzed, and the main vectors for studying the issue are identified.
Key words: Ablai Khan, Kazakh people, invasion of the Dzungars, battle, captivity, historiography,
Қазақтардың жоңғарларға қарсы күресі тарихын, жалпы ел тарихындағы маңызды оқиғаларды
зерттеуде тарихи тұлғалардың алатын орны мен жасаған қызметінің рөлі маңызды. Қазақ-жоңғар соғысы
кезеңдерінде халық арасынан суырылып шыққан батыр бабалардың орны ерекше болды. Хандар, билер,
батырлар ел қорғаны болып, мемлекет мүддесіне сай үлкен жауапкершілікті алды. Сөзсіз, Тәуке хан, Есім
хан, Жәңгір хан, Әбілхайыр хан, Абылай хан, Төле, Әйтеке, Қазыбек билер, Қабанбай, Бөгенбай,
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3(58), 2018 ж.
213
Наурызбай, Жәнібек сияқты батырлардың және Бұқар, Қожаберген сынды жыршы-жыраулардың
есімдері белгілі адамдар қатарында айтылады. Ғалым Р.Б. Сүлейменовтің В.А. Моисеевпен бірлесіп
Абылай ханның ішкі және сыртқы саясатына арналған зерттеу жұмысын жазғаны белгілі. Еңбекте Р.Б.
Сүлейменов лайықты атап өткендей, қазақстандық тарихнамада, әсіресе ортағасыр мен жаңа кезеңдегі
қазақтың тарихи қайраткерлеріне арналған жұмыстар әзірге соншалықты көп емес [1, с. 3]. Дегенмен
жалпы алғанда расында да бұл мәселенің қазіргі таңда да толығымен шешілгендігі жөнінде айтуға
келмейді. Осы жаугершілік заманда елі үшін ерекше болған үлкен қайраткер ретінде Абылай ханды тану
лайықты. «Самый популярный среди киргизовъ, названный ими ханомъ, Аблай, тщательно избегалъ
подчиненія киргизовъ чужой власти», - деп оны А. Бөкейханов өз заманында бағалаған [2, с. 416].
Абылай ханның тарихымыздағы алатын орнының зерттелу проблемасына тарихшы Қ. Әбуев өзінің
қомақты мақаласын арнап жазған. Тарихшы Абылайдың жүргізген саясатын, жалпы оның тұлғалық
қасиеттерін оң көзқараспен бағамдады [3]. Ол дара тұлғаның өмір жолы мен қызметіне қатысты бірқатар
зерттеу жұмыстарын саралап, еңбектерде жасалған ой-тұжырымдарды талдай келе біраз мәселеге
қатысты өз пікірін түйіндеген.
А. Әбсадықовтың қазақ және орыс тілдерінде жарияланған «Абылай хан ғұмырнамасы: миф пен
шындық» еңбегінің атауы тартымды. Бұл жұмыста негізінен төрт мәселені ашуға зейін қойылғанған: 1)
Жас жетім – жалшы бала – хандық тақ немесе фольклордағы жалған жетімдік; 2) Лақап есім – алғашқы
ерлік – батырлық (лауазымдық) есім немесе Абылайдың шын есімі Әбілмансұр ма?; 3) Абылай хан және
саяси белсенді үштік; 4) Тарихи тұлға – эпикалық ғұмырнама – идеал хан [4, 139-б.]. Бірақ қазақ
халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресіне қатысты түйінді мәселелер көтерілмегендіктен,
аталған жұмысқа талдау жүргізу міндет болмады.
Н.Ә. Атығаев «Артық туған Абылай (қазақтың ұлы ханы туралы кереғар пікірге жауап)» атты
еңбегінде Абылай хан туралы жарыққа шыққан жарияланымға қатысты өз пікірін білдірген [5]. Атап
айтсақ, автор Б. Қойшыбаев пен С. Өтениязовтың «Нағыз Абылайды білеміз бе?» атты мақаласындағы
келтірілген тұжырымдарға қарсы фактілермен дәлел келтіре отырып, өз қорытындыларын ұсынды.
М.Қ. Қозыбаев Абылай ханның тұлғасына жоғары баға бере отырып, оның өмір сүрген дәуірінің төл
тарихымызға «Абылай заманы» болып енетіндігін сеніммен көрсетіп жазған. Ол Абылай ханның -
ғажайып батырдың, ұлы қолбасшының, жоғары дәрежедегі мемлекет қайраткерінің, көреген
дипломаттың өмірі бір ғасырға жуық қазақ халқының тағдырымен, оның ата тарихымен сабақтас екенігін
атап өткен. Ғалым: «шын мәнінде ХVІІІ ғ. қазақ халқының тарихында Абылай дәуірі болып енетіні хақ», -
дейді [6, 29-б.]. Қазіргі таңда «Абылай заманында» деген тіркесті тарихшыларымызбен қатар көпшілік
қауым да қолданып жүр.
Ә.Қ. Мұқтар Абылай ханның көрші елдермен жүргізген сарабдал саясаты ХVІІІ ғасырда біртұтас
елдікті, мемлекеттілікті, ұлтты сақтағандығын ерекшелеген [7, 20-б.]. Ә.Қ. Мұқтардың бағамдауынша,
мемлекетіміз өзінің біртұтастығын қазақтың аға ханы Абылай хан қайтыс болғанға дейін сақтай алды [8,
137-б.]. Абылай ханның жүргізген саясатына қазіргі таңда оң пайым қалыптасқан. Алайда жоғарыда
көрсеткендей, жекелеген туындыларға және ғылыми тұрғыда негізделмей кереғар қорытындыларды алға
тартқан жарияланымдарға тарихшы-мамандардың уақытында жауап қатып, мәселеге назар аударғаны
орынды.
Абылай ханның жоңғарлармен соғыста өткен жекпе-жегі туралы деректерде көп айтылады. Б.Қ.
Исабек Абылайдың 20 жасында 1730 ж. жекпе-жекке шыққандығын келтіреді [9, 41-б.]. Қ. Әбуевтің
ойынша, Абылайдың жұлдызы жанып, асқан ерлік көрсеткені қазақ жасақтары үшін жеңіспен аяқталған
1729 ж. Балқаш көлінің оңтүстік-шығысында Итішпес көлінің жағасында, әлде 1730 ж. Болат хан қаза
тапқан қанды шайқаста болуы керек [3, 17-б.]. Е.Ж. Уәлиханов Абылай хан туралы мақаласында оның
Галдан Цереннің баласы Доржды жекпе-жекте өлтіргені аңызға айналғанын және осы уақытта оның аты
шыққанын жазды [10, 30-б.]. Абылай ханның бұл жекпе-жекте кезінде белгілі бір жоңғар шонжарын
өлтіргені айтылды. Онымен қоса Қ. Әбуев өз ойына сай келетіндігін айтып, Ш. Құдайбердиев
шығармасынан да үзінді келтірген: «...Абылайдың ерлік атын шығарған, батырлығын танытқан соғыс
1731 ж. болған. Содан кейін Әбілмәмбет хан оның асқан ерлігіне риза болып, «Абылайлаған» ұранның
мәнін анықтаған соң Абылайға хандықты өз қолынан береді» [11, с. 54; 3, 20-б.]. Дегенмен көпшілік
деректерде ресми түрде Абылайдың тек 1771 ж. сайланғаны жазылып жүр. Сол сияқты С. Ақтаев та:
«Абылайдың ресми түрде бүкіл қазақ ханы болып сайлануы 1771 жылы екені күмән туғызбайтын жәйт», -
деп бекітеді [12, 6-б.]. Зерттеушілердің көбі ресми түрде Әбілмәмбет хан атанғанымен, бар билік
ертеректен Абылайдың қолында болғандығын алға тартады.