Kazakh national pedagogical university after Abai хабаршы вестник bulletin «Тарих және саяси-әлеуметтік ғ ылымдар»



Pdf көрінісі
бет306/493
Дата06.01.2022
өлшемі9,77 Mb.
#13132
1   ...   302   303   304   305   306   307   308   309   ...   493
ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3(58), 2018 г. 

228 


қылатын  жынның  қуатымен  бақсылық  қылады»(С.  Сейфуллин,  1964).  Жылан  шаққан  адамды 

бақсылардың арбап жазуын көрген орыс ғалымы Ю. Леваневский: «адамның ақыл-ойының, рух күшінің 

материалдық  қара  күш  –  удан  асып  түсуі»-деп  атап  көрсетеді  (А.  Тоқтабай,  1998).  Жылан  туралы 

халықтың  исламға  дейінгі  наным-сенімдері,  халықтың  тәжірибелері  мен  білімдері  -  материалданып 

ескерткішке айналуы Жыланды ата әулиеден анық байқалады.  

 С. Мұқанов: «Бақсының талып жататын себебі, бақсының ұғымынша, бақсының жаны мен тәңірінің 

жаны бірігеді де, дерттің құдайымен алысып, оны жеңеді. Бұл алысу бақсы талысып жатқанда болады. 

Бақсының есін жиюы жақсылық құдайының жамандық құдайын жеңуі, осы кезде бақсының жаны өзіне 

қайта оралады»,- дейді (С. Мұқанов, 1974). 

 Адамзат санасындағы әуелгі түсінігі бойынша, өлген адам жерленгеннен кейін о дүниеде жаңа өмірі 

басталады  (Л.  Штернберг,  1936).  Сондағы  аруақтармен  араласып  бірге  тұрады,  кейде  жәндіктердің 

бейнесіне  еніп,  жер  бетіне  шығып  жүреді.  Қазақ  халқының  аруақтар,  оның  киесі  туралы  діни 

нанымдарының  түп-тамыры  өте  көне  замандарда  жатыр.  Алғашқы  қауым  заманындағы  көне  діни 

нанымын «тотемизм» деп атайды. Қазақтың көнеден келе жатқан діни түсініктері бойынша әр батырдың 

айқаста, жорықта, түрлі қиын жағдайда көмектесетін аруақтары болады деп саналған. Аруақ – адамның 

ата-бабаларының  қасиетті,  киелі  рухтары.  Ол  өзінің  ұрпақтарын,  руластарын  қолдайды  деп  сенген. 

Сондықтан соғыс шайқастарына кіргенде, ат бәйгеден келе жатқанда, палуан күресінің жұлқыстарында 

қазақ  ру-тайпалары  ата-бабаларының  не  сол  рудан  шыққан  батырлардың  атын  ұран  етіп  шақырып, 

олардың аруағынан медет күткен. Діни ұғымның дамып, күрделенуі барысында, ата-бабалар рухы адам 

бейнесін қабылдағанмен, олардың киелі аң-құс, жануарлар бейнесін сақтап қалған (Қ. Ахметжанов, 1996). 

Сондықтан қазақтың ұғымында аруақтар адамға қонғанда олардың киесі көбіне аң, құстардың бейнесін 

қабылдайды.  Мысалы  Ағатай  батырды  жұрт  «әулие»  дейді.  Ағатайдың  әруағы  Исатайға  (Тайманов) 

қонған екен. Әруақ түнде ұйықтап жатқанда үш түрлі болып келеді екен: 1) айдаһар жылан болып келіп, 

беліне оралып жатады екен, 2) қара бура болып күркіреп келіп, үстіне шөгіп жатады екен, 3) қабан болып 

күркілдеп  келіп  қойнына  кіріп  жатады  екен  (Х.  Досмұхамедұлы,  1991).  Батырлық  жырларда  Шора 

батырдың аруағы айдаһар екені айтылады. Орта жүзге ұран болған Олжабай батыр ұйықтап жатқанда бір 

сары шұбар жылан қойын-қонышына кіріп, үстінде жорғалап жүреді екен. Қазақ батырларының айқаста, 

жорықта,  жолда  жүргенде  қолдайтын,  сыйынатын  пірлері,  әулиелері  бар  болған.  Қазақта  әулиелерге 

қатысты «Құдай атқан оңалар, аруақ атқан оңалмас», «Тірі адамның наласынан Аруақтың наласы жаман», 

«Әулие қасындағысын қолтықтайды», «Қырықтың бірі – Қыдыр, Мыңның бірі – Уәли», «Қыдырдың бірі 

–  көлденең  көк  атты»  дейтін  мақалдар  бар.  Батырлар  сыйынатын  пірлерінің  кейбіреулері  мифтік 

қаһармандар,  кейбіреулері  тарихта  болған,  бірақ  аты  аңызға  айналған  тұлғалар,  бірақ  бәрі  де  батыр 

болып, соғыста ерен ерлік көрсеткендер. Олар: Рүстем мен Дастан, Баба Түкті Шашты Әзиз, Ғайып ерен, 

Қыдыр ата, Дәуіт пайғамбар. Мысалы, Орақ батыр қалмақтың Өгіз деген ханымен жеті күн шайқасып, 

әбден  шаршайды,  өзіне  көмек  беруге  ұмтылған  інісі  Мамай  батырдың  ұсынысынан  бас  тартып, 

қалмақтың алдында өзінің әлсіреп бара жатқанын сездіріп алғандығына намыстанып, Баба Түкті Шашты 

Әзизді  көмекке  шақырады.  Сол  кезде  оның  көз  алдында  айдаһар  жыланның  сұлбасы  пайда  болып,  ат 

үстінде белі тала бастаған батырдың беліне белдік болып оралғанда, Орақ батыр бойын жинап алады да, 

айдаһарды  көріп  зәресі  ұшқан  Өгіз  хан  есінен  танып  құлап  қалады.  Сөйтіп  бабалар  рухы  айдаһар 

образында  келіп  жәрдем  береді  (Батырлар  жыры,  1989).  Тотемдік  сенімге  мұсылмандық  діни  образ 

қосылып  отыр.  Жыршы  оны  өзі  естіген  Баба  Түкті  Шашты  Әзиз  образымен  байланыстырып,  яғни, 

көнеден келе жатқан аруақтар культін исламдық дін әулиелердің атымен байланыстырып, жаңартқан (В. 

Басилов,  1970).  Осы  жырдағы  жыланның  аттың  үстінде  белі  талған  батырдың  беліне  белдік  болып 

оралуының  түпкі  негізі  батырдың  намысын  қорғау.  Әлем  Ағашының  тамырында  оратылып  жататын, 

жердің  күш-қуатына  әбден  қаныққан  айдаһар  жылан  батырдың  бойындағы  күшті  ұстап  тұрған  қорған 

қызметін  атқарып  тұр.  Ол  ғасырдан-ғасырға  ауысып  ұлттық  дәстүрімізде  бекігендіктен,  онда  ата-

бабаларының  рухы  бар  деген  сенім  берік  қалыптасқан.  Қазақтарда  сақталған  сенім  бойынша  Қызыр 

пайғамбар  да  жыланның  бейнесіне  еніп,  түнде  үйдің  ішін  аралап,  ауырып-сырқап  жатқандарға 

көмектеседі екен. Өзбек халқында да ақ жыланның образы қасиетті Қызыр пайғамбардың бейнесі деген 

сенім бар екен (Г. Снесарев, 1969). Қ. Ахметжановтың дерегі бойынша: «құстың, жыланның бейнелері, 

қауырсындары  мен  жылан  қабығы  «жыланбастар»  өте  ерте  заманнан  адамзатты  түрлі  бәледен,  көз 

тиюден  сақтайды  деп  санаған.  Құстың  қауырсынына,  жыланның  қабығына  ұқсатып  сауытты  көбелеу, 

оның қорғаныс қабілетін арттырып қана қоймай, сонымен бірге магиялық-ырымдық рөлдерін де атқарған 

(Қ. Ахметжанов, 1996). 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   302   303   304   305   306   307   308   309   ...   493




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет