Kazakh national pedagogical university after Abai хабаршы вестник bulletin «Тарих және саяси-әлеуметтік ғ ылымдар»



Pdf көрінісі
бет406/493
Дата06.01.2022
өлшемі9,77 Mb.
#13132
1   ...   402   403   404   405   406   407   408   409   ...   493
Байланысты:
2018 №3 Абай аты ҰПУ хабарщыс

ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3(58), 2018 г. 

332 


Таңбаларда киелік ұғым өте басым. Өйткені ежелгі адамдар түсінігінде қорғаушы, қамқоршы болып 

өлілер рухы бірге жүреді. Бұл тарихи деректерде тайпа нышаны сол тайпалар мен тайпалық одақтардың 

саяси-құқықтық ахуалын,  егемендігін айғақтайтын құжат рөлін атқарған. Жеке тайпа атанып, таңбасын 

белгілеу басқа тайпалармен терезесі тең болды дегенді көрсететін болған.  

«Таңбалы»  шатқалының  аумағында  100-ден  астам  алуан  түрлі  ескерткіштер  –  қола  дәуірінен  б.з.д. 

XІV-XІІІ  ғасырдың  ортасынан  XІX-XX  ғасырларға  дейінгі  аралықты  қамтыған  қоныстар,  молалар, 

ертедегі  тас  қашалған  орындар,  жартас  суреттері  және  табыну  ғимараттары  (құрбандық  шалынатын 

жерлер)  орналасқан.  Демек,  бұл  -  еліміздің  ертедегі  және  қазіргі  кездегі  халықтарының  тарихын  терең 

сыр  шертетін  археологиялық  кешен.  Археологтардың  пікірінше,  Таңбалыдағы  жартасқа  салынған 

суреттердің  барлығын  дерлік  Орталық  Азияның  қола  дәуіріндегі  жартастағы  сурет  яғни  бейнелеу 

өнерінің  бірегейлігін  көрсететін  тарихи  жәдігер  деуге  болады.  Бұған  қоса,  осы  аймақтың  ежелгі  Жібек 

жолының  бір  тармағы  болғанын  да  тарихи  орындар  айғақтап  тұр.  Қазір  мұнда  ғылыми-зерттеу 

жұмыстары  одан  әрі  жалғасуда.  Мұражай-қорықтағы  ескерткіштерді  археологиялық  құжаттандыру, 

картаға, суретке түсіру, тас суреттерінің жиынтығын жасау, консервациялық жұмыстар мен геологиялық 

зерттеулерді жүргізу осы сала мамандарының айрықша қызығушылығын туғызуда.  

Мұндағы әрбір сурет-бейне біздің ата-бабаларымыздың ой-санасының қаншалықты биік болғандығын, 

олардың  қоршаған  ортамен  тығыз  қарым-қатынаста,  байланыста  болғандығынан  мағлұмат  береді. 

Мысалы,  шатқалдың  батыс  жағындағы  биік  әрі  жазық  жартастағы  «Күн  құдайы»  мен  «Ай  құдайы» 

бейнеленген суретте (петроглифтер) әлгі екеуін он екі жанның қоршап, билеп жүргені айқын аңғарылады. 

Сурет  өте  анық,  әрі  қай  жағынан  қарасаңыз  да  анық  көрінеді.  Күн  мен  Айға  табынып,  оны  ұлы  күш, 

құдірет деп түсінген адамдардың санының 12 деп бейнеленуі тегін емес. Мұны адам жасының әр мүшелін 

12 жаспен түйетініміз, әр жылды 12 аймен атайтынымыз, әрі сол кездегі адамдардың осы санға тоқтағаны 

ата-бабадан бізге қалған ырым-жоралғы ма деген ойға қаласың. Қалай десген, екі ортада жанды байланыс 

бар екендігі байқалады. Сондай-ақ, жартастың бетіндегі аша тұяқты аңдардың бейнесіне аса сақтықпен 

көз  тіккен  арқар,  киік,  бұғы  мен  қолына  садақ  ұстап,  аң  аулауға  шыққан  аңшы  бейнесі,  тағысын  тағы 

суреттер өте ертеде өмір сүрген адамдардың ұшқыр қиялына арқау болғандығын аңғарамыз. Бұған қоса, 

бұл – олардың көшіп-қонып жүргенде малды негізгі кәсібіне, күнкөріс көзіне айналдырғанының дәлелі. 

Тастағы жәдігерлер осылай деп сыр шертеді (7, 5 б.). 

Қазақты  құраған  ру-тайпалардың  арғы  аталары  әрбір  тарихи  дәуірде  әр  тайпалық-ұлыстың 

бірілестіктердің  құрамында  болғаны  белгілі.  Сонау,  Біздің  заманымыздың  алды  артында  сақтардың, 

ғұндардың, үйсіндердің, нүкістердің (ұлы иүзлерідің) және басқа да тайпалар  мен тайпалар  одағынның 

құрамында  болған.  Біздің  заманымыздың  бірінші  мың  жылдығының  орталарына  бастап  екінші  мың 

жылдықтың  басқы  бірнеше  ғасырларына  дейінгі  талай  ғасырларда  түрік  одағының  құрамында  болды, 

одан соңғы сан ғасырда моңғұл империясінің құрамына енді немесе оған бағынышты болды. Міне осы 

дәуірлерде  қазақты  құраған  ру-тайпалардың  бәрінің  өзіне  тиеселі  орны  мен  таңбасы  болғаны  белгілі. 

Алайда,  рулар  арасындағы  қосылу,  бөліну  және  рулардың  молайып  тармақталып  отыруы  сияқты 

себептерден  рулардың  аттары,  таңбалары,  ұраны  өзгеріп,  жаңғырып,  туындап  отырғандығы  табиғи 

жағдай болды ().  

Тарихта  ру-тайпалардың  саны  да,  олардың  таңбаларының  түрі  де  көп  болғаны  белгілі.  Осыған 

қарамастан кестедегі қазақтың 50 тайпасының таңбасының отызыының яғни 60 пайызының от пен күнге 

байланыстылығы  байқалады.  Бұл  белгілі  мағынадан  қазақ  ұлтының  мүлде  көп  бөлегінің  от  пен  күнге 

табынатын  бір  түқымнан  тарағандығын  әйгілейді.  Салыстырмалы  түрде  Махұмет  Қашқаридің  «Түрік 

Сөздігінде»  көрсеткен  Оғыз  тайпаларының  21  ру  таңбаларында  от  пен  күнге  қатысты  ру  таңбасы 

байқалмайды. Рашид ад-дин «Жылнамалар жинағында» көрсеткен Оғыз тайпаларының таңбаларының 24 

таңбасында O ған жуық екі таңба ғана бар (8, 1 б.).  

Қазақ рулары мен тайпаларының арғы тарихын зерттеуде, ең алдымен олардың таңбалық белгілерін 

зерттеудің  қажетілігін  алғаш  аңғарған  Н.  Аристов  болса,  оның  пікірлерін  тереңдете  зерттеген  С. 

Аманжолов  болды.  Олар  белгілі  бір  атадан  рудың,  одан  тайпаның,  одан  тайпалық  одақтың  қалыптасу 

жолдарын рулық таңбаларды зерттеу арқылы анықтауға болатынына сенді.  

Біздің  заманымызға  дейін  жеткен  көне  түркі  таңбалары  құрыптық  кешендерінің  кейбір  бөліктеріне, 

бітіктастарға,  сандықтастарға  (барықтарға),  атақты  бекзат  тұлғаларға  арналған  бәдіздерге,  зооморфтық 

мүсіндерге, балбал-меңгірлерге қашап түсірілген; мұның барлығы аталмыш жәдігерлердің сакральдық әрі 

семиотикалық  мағынасы  бар  екендігін  көрсететіні  анық.  Сонымен  қатар,  түрік  заманының  бірсыпыра 

таңбалары жартастарға, бұйымдарға, қару-жарақтарға да көркем нақышталған. Көне түркі мәдениетінің 

ажырамас  бөлігі  болып  саналатын  байырға  түріктердің  таңбалары  мен  символикалық  белгілері 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   402   403   404   405   406   407   408   409   ...   493




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет