Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3(58), 2018 ж.
335
Үнемі тануға, білуге құштар болу адам болмысының басты ерекшелігі. Сол ұмтылыстың арқасында ол
өзінің рухани жан дүниесін байытып, дамыта береді. Белсенділік – психологиялық, философиялық
қағида, салдардың өзі әсер еткен заттардың белсенді қатынасының нәтижесі. Белсенділік қажырлықты,
ынталылықты, жігерлікті, тынымсыздықты білдіреді. Белсенді адамдар ған мақсатқа жету барысында
батылдық көрсетіп, қиыншылықты жеңіп шыға алады. Белсенділік – (қарқындылық, беріктік, төзімділік)
білім алушының іс-әрекет пәнімен тікелей араласу дәрежесін анықтайды. Оқушылардың белсенділігін
басқару дәстүрлі түрде белсендіру деп аталады. Белсендіру – бұл оқытушының белгілі мақсатқа
бағытталған әрекеті, мазмұнды, көлемді оқу қолданылатын және қызығушылығын тудыратын,
белсенділігін, шығармашылығын арттыратын, білімді меңгерудегі оқушының өзіндік үйренуі, дағды мен
шеберліктің қалыптасуы, оларды тәжірибеде қолдану әрекеті. Бұл ой еңбегінің тоқтап қалуын және
құлдырауын, енжар және көшірме әрекеттен құтылу үшін, жігерлі, мақсатты оқуға бағытталған тұрақты
күнделікті ағымдағы процесс.
Белсенділіктің негізгі мақсаты – оқушылардың белсенділігін қалыптастыру, оқу – тәрбиенің сапасын
көтеру.
Белсенділіктің мәні. XX ғасырдың 50-80 жылдарында оқушыны оқытудың белсенді субъектісіне
айналдырудағы оқу процесін белсендіруге бағытталған және оны балаға қайта бағдарлаған дидактикалық
зерттеулердің көлемі айрықша өсті. Оқыту процесінде радикалды өзгерістерді қоғамдық және
педагогикалық сананың қалыптасуына бағыттаған Ж. Пиаже (Щвецария), Б.Блю, Д.Ж.Бруннер, Ж.Ганье,
С.Эриксонның (АҚШ) т.б. еңбектері куә. Ж. Пиаженің айтуынша мектептер «жаңаша ойлайтын қабілетті
адамдар дайындау керек; тек өткен ұрпақтың істегенін ғана қайталамай, шығармашыл және ойлап
тапқыш адамдарды әзірлеу керек» деген ой айтқан. Қазіргі кезде танымдық белсенділіктің мәні екі
тұрғыда белгілі болып отыр. Кейбір зерттеушілер танымдық белсенділікті іс-әрекет ретінде қарайды, ал
кейбіреулері – сапа, тұлғалық білім деп ұғады. Бұл мәселені нақтылағанда «танымдық іс-әрекет» және
«танымдық белсенділік» ұғымдарын ажыратып жіктеудің теориялық қана емес, тәжірибелік те мақсаты
зор. Егер белсенділік пен іс-әрекетті ұқсас құбылыс пен ұғым ретінде қарастыратын болсақ, онда бұндай
жағдайда мәселе өзінен-өзі шешіледі, яғни, оқушылардың кез-келген іс - әрекеті болып табылады, бірақ
бұл олай емес [ 1.316].
Оқушылардың оқу белсенділігінің мәселесі – терең педагогикалық зерттеулердің пәні. Бұны зерттеуде
М.А. Данилов, Р.Г. Лемберг; И.Я. Лернер, М.И. Махмутов, М.Н. Скаткин, И.Ф. Харламов, Т.И. Шамова,
Г.И. Щукина, А.Х. Аренова және т.б. үлестерін қосты .
Оқу белсенділігінің әдіснамалық негізі – таным теориясы болып табылады. Танымның мақсаты – жеке
тұлғаның санасындағы объективтік шындықтың бейнелеуі болып табылады. Тәжірибелік және рухани
әрекетте жеке тұлға өзін қоршаған әлемге әсерін тигізе отырып, өзінің қажеттілігі мен мақсаттарына
сәйкестендіріп оны өзгертеді және таниды. Бұл таным процесінің ең жалпы үлгісі. Алайда, белсенді
танымның ерекшелігін түсіну үшін, ең алдымен таным процесінің ағымдық сипаты мен субъектінің бір -
бірінен ерекшеленген толық бейнесін, таным субъектісінің санасындағы шынайы дүниенің бейнеленуінің
(репродуктивті және продуктивті) екі деңгейін белгілеу қажет. Таным объектісі ( оқу материалы)
репродуктивті деңгейде сырттай қалай берілсе, онда сол күйінде қабылданады. Кейбір зерттеушілер
репродукцияны бір енжар нәрсе сияқты қарайды, әрине ол шындыққа ұласпайды. Оқушының білімді
және әдістерді меңгерудегі мақсатты бағытталған еске түсіру іс - әрекеті оқушылар жағынан әр уақытта
белсенді болып келеді, тек бұл белсенділіктің деңгейі әртүрлі болады. (мысалы, оқушының шынайы оқу
қабілеті жоғары болғанымен, оның төмен көрсеткіш көрсетуі). Сонымен бірге еске түсіру – жаңарту
әрекетінің басқа элементтерінің сипаты болуы мүмкін (Т.И.Шамова). Дидактикалық тұрғыдан еске түсіру
әрекеті бұрынғы өтілген материалдың бірнеше рет қайталануынан, әртүрлі жатығулар мен тапсырмалар
орындау арқылы іске асады. Танымдықтың жоғары деңгейі – бұл нәтижелі белсенді танымдық. Бұған тән
ең алдымен субъектінің (оқушының) таным объектісіне ( оқу материалына ) деген жаңаша қарым –
қатынасы. Бұл әрекет барысында ықпал жасау объектісі ғана емес, сонымен бірге оқытудың мақсаты
үшін оқушы – субъектінің ықпал жасауы өте маңызды. Белсенді танымдық кезінде оқушы оқып-үйреніп
жатқан материалдың мазмұнына тың мәселелерді көтеріп, жаңа сұрақтар қояды, оны шешуде жаңа әдіс-
амалдарды іздейді. Таным процесі оқушылардың құбылыстар туралы терең білуі ғана емес, меңгерілген
білімнің және таным процесінің өзіне деген тұлғалық қатынасын қалыптастыру және оны ерекше ұғынуы.
Сонымен қатар, белсенді танымдық әрекетте, білімді, дағдыны және іскерлікті меңгеріп қана қоймай,
таным нәтижесіне және процеске деген әсерлі –бағалау қатынасын орнату.
Белсенділікпен қатар оқушылардың оқуға деген қызығушылығының тағы бір маңызды қыры
ашылады, яғни олардың мұғалімдер мен үлкендердің көмегінсіз объектіні, құралды анықтауға