Kazakh national pedagogical university after Abai хабаршы вестник bulletin «Тарих және саяси-әлеуметтік ғ ылымдар»



Pdf көрінісі
бет460/493
Дата06.01.2022
өлшемі9,77 Mb.
#13132
1   ...   456   457   458   459   460   461   462   463   ...   493
ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3(58), 2018 г. 

376 


Ахмет  Байтұрсынұлы  өзінің  «Әдебиет  танытқыш»  еңбегінде:  «Әр  нәрсені  саңлап,  санамызға  алған 

уақытта  ол  нәрселер  турасындағы  ұғымдарымызға  көңіл  кіріспей  тұрмайды.  Адам  дүниедегі  көрген-

білген  нәрселерін  тек  байқап,  тек  пікірлеп,  тек  саңылаулап  қана  қоймайды.  Ол  нәрселермен  қатар 

адамның  көңіліне  күй  жасалады.  Адам  көрген-білген  нәрсенің  я  ісінің  біріне  күйінеді,  біріне  сүйінеді, 

бірінен сескенеді, бірінен шошынады. Сезіліп тұрған тысқарғы ғаламмен, сезіп тұрған ішкергі ғаламның 

екі арасы санаға келіп түйіскен жерде жыртылып айрылғысыз болып бірігеді. Тысқарғы ғаламнан санаға 

түскен саңлау мен сана жанында тұрған көңілдің күйін бір-біріне қатыстырмай бөлектеп қоюға мүмкін 

емес» деп жазады [11]. А. Байтұрсынұлы бұны айтып, ұлттық әдебиеттің әр тегінің түрлі жанрларынан 

халықтың  ділдік  қасиеті,  дүниені  қабылдауы  мен  танып-білуі,  сана-сезімі,  көңіл  күйі  көрініс  беретін 

мегзеп отыр. 

Әдебиет шығармаларындағы көркемдіктің шегі әртүрлі. Қоғам өмірінің ең маңызды жақтарын алып, 

оны өте ашық образбен кең түрде суреттеген шығарманы ең көркем шығарма деп есептейді. Дүниежүзі 

әдебиетінің  тарихында  үлкен,  ашық  суретті  образдар  берген  және  өмір  кұбылыстарын  кеңірек  қамтып, 

суретті үлкен ой қорытулар жасаған талай дана жазушылар болған. Шекспирдің «Гамлеті», Сервантестің 

«Дон-Кихоты»,  Гетенің  «Фаусы»,  М.Әуезовтің  «Абай  жолы»  т.б.  –  қоғам  өмірінің  зор  суреті,  дәуір 

өзгерістерінің белгісі, солардың қорытындысы. 

М.Әуезовтің  «Абай  жолы»  романы  кезінде  эпопея  делініп  танылды.  Шынында  да  оның  бұл  көркем 

туындысында  қазақ  халқының  ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысындағы  қоғамдық-әлеуметтік  жағдайы, 

тұрмыс-тіршілігімен  қатар,  есте  жоқ  көне  заманнан  бері  келе  жатқан  таным-түсінігі,  ой-санасы,  салт-

дәстүрі,  әдет-ғұрпы,  жол-жоралғысы,  жөн-жосығы,  әдебі  мен  тәртібі,  өмірлік  ұстанымы,  мәдени-әдеби 

құндылықтары кең қамтылып суреттелген. Осындай құнды шығарма болғандығынан, ол – әлем тілдерінің 

120-дан астам тілдеріне аударылып, жалпыадамзаттық құндылыққа айналды.  

Әлбетте, қазақ әдебиетінің дүниежүзі халықтарының ең танымал тілдеріне аударылған асыл дүниелері 

бұнымен  шектеліп  қалмайтыны  түсінікті.  Олардың  қандай  бағалы  жақтарымен  әлемнің  өзге  тілдеріне 

аударылып, жарияланғанына тоқталып жату – осы мақаланың негізгі мақсаты емес екенін айта отырып, 

жалпы, әлемдік мәдениетке қазақ әдебиетінің де қосқан үлесі айтарлықтай дегіміз келеді. 

Дүниежүзіне  танымал  тұлғалардың  пайымдауы  бойынша,  бүкіл  өнердің  ең  маңыздысы  –  сөз  өнері 

болып саналады. Атам қазақ та «Өнер алды – қызыл тіл» деп бекер айтпаған. Қазақтың бұл мақалында 

үлкен  мән  жатыр.  Сөз  қадірін  білген  халық  сөз  өнері  арқылы  талай  дүние  жасауға  болатынын  терең 

түйсінген.  

Көркем әдебиеттік туындылар бар да, оны тудырушылар да бар. Сондықтан да адамзаттың көркем ой 

жүйесінің  қалыптасып-дамуын  зерттеп-зерделеумен  қатар  оның  көркем  шығармашылығының  мән-

мазмұнын да зерделеу аса маңызды. Осы тұрғыдан алғанда өнер туралы ғылымның, соның ішінде көркем 

әдебиет теориясының басты қарастыратын мәселесі оның көркем-эстетикалық қызметі болып табылады. 

Көркем  әдебиеттің  басқадай  түрлі  қырларына  қатысты  мәселелер  оның  маңызды  деп  саналатын  осы 

қызметі төңірегінде қарастырылып, зерттеліп келеді.  

Көркем әдеби шығармашылықтың мәні туралы сөз қозғағанда оның күні бүгінге дейін даулы болып 

келе  жатқанын  ескеру  керек.  Сондықтан  да  сөз  өнері,  көркем-әдеби  туынды  жайында  тереңірек  біле 

түсуіміз  үшін  әлемдік  эстетикалық  таным  мен  әдеби-теориялық  ойларға  мән  беріп,  адамзат  тарихында 

бұрын-соңды  жасалған  тұжырымдамалардың  ең  таңдаулылары  дегендеріне  ішінара  талдау  жасауымыз 

қажет. Әлбетте, біз осы шағын мақаламыздың басты мақсатынан ауытқып кетпеуіміз үшін өзіміз мәселе 

етіп  көтеріп  отырған  тақырыптың  көне  замандардан  бері  қарастырылып  келе  жатқанына  назар 

аударғымыз келеді. 

«Көркем әдебиет – өнердің бір түрі, ал көркем шығармашылық адамзаттың қоршаған ортаны көркем-

эстетикалық  қабылдауы,  оның  мәні  танып-білген  нәрсесін  қайта  бейнелеуі»  деген  сияқты 

тұжырымдамалар  –  сонау  Көне  Грекиядан  басталған.  Бұндай  тұжырымдама  жасаушылардың  қатарына 

Платон [12; 13] мен Аристотел [14] жатады. Олар өз еңбектерінде «өнер туындылары өмірге, яғни өмір 

құбылыстарына  еліктеуден  пайда  болған»  деген  ой  айтады.  Өнер  болса,  өзінің  шын  мәнісінде  өмірге 

еліктеу  емес,  оның  өнер  туындыларындағы  көрініс  табуы,  міне,  осы  негізде  оның  шығармашылықпен 

игерілуінің,  қайыра  түзілуінің,  әрі  қарай  туындауының  формасы,  сондай-ақ,  қоғамдық-тарихи  дамудың 

өзіндік  түрі  деген  тұжырымдаманы  кейінгі  заман  ғалымдары  айтып  жүр.  Қалай  дегенмен,  өнер 

туындыларында адамзаттың өмірге деген құштарлығы, сезініп-түйсінгені, қоршаған ортаны танып-білуі 

мен оны қалай қабылдап-бағалағаны, өзіндік құндылыққа айналдырғаны т.т. суреттелетіні анық. 

Қазақ  халқының  да  көне  дәуірден  бері  келе  жатқан  өзіндік  құндылықтары  бар.  Ондай  ұлттық 

құндылықтардың  негізгілеріне  салт-дәстүрі,  әдет-ғұрпымен  астасып  жататын  еркіндік,  бір-біріне  деген 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   456   457   458   459   460   461   462   463   ...   493




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет