Kazakh national pedagogical university after Abai хабаршы вестник bulletin «Тарих және саяси-әлеуметтік ғ ылымдар»



Pdf көрінісі
бет459/493
Дата06.01.2022
өлшемі9,77 Mb.
#13132
1   ...   455   456   457   458   459   460   461   462   ...   493
Байланысты:
2018 №3 Абай аты ҰПУ хабарщыс

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3(58), 2018 ж. 

375 


материалдық,  материалдық  емес  (рухани),  құжаттық  түрлерін  қорғаудың  негізін  қамтамасыз  етті  және 

осы құжатта мәдениеттердің әр тектілігіне (әр алуандығына) құрыметпен қараушылық – адам құқығын 

сақтауға негзделді [4]. 

ЮНЕСКО-ның  мәдениет  аясындағы  негізгі  жұмысы  –  адамзаттық  өзара  қарым-қатынастағы 

мәдениеттің әр тектілігін сақтап қалуға ықпал ету болып табылады. Бұлай ету 2001 жылы Мәдениеттің әр 

тектілігі  туралы  жалпыға  ортақ  декларациясының  қабылдануымен  бекітілді.  Ұйым  бүкіл  адамзат  үшін 

құнды болып саналатын әлемдік мәдени және табиғи мұраларды қорғаудан, түрлі үлгідегі материалдық 

емес (рухани) мәдени мұраларды, сондай-ақ ауызша шығармалардың озық үлгілерін қорғауға көшті [5].  

ЮНЕСКО жұмысының мәдениет аясындағы тағы бір сәтті қадамы қарулы қақтығыстар жүріп жатқан 

аймақтардағы мәдени нысандарды қорғап қалу болып табылады. Бұл бағыт бойынша іс-әрекеттің негізін 

1954 жылғы Гаага конвенциясы қалады [6].  

Мәдениеттің  түрлі  мәселелерімен  Венеция  мен  Гаванадағы  аймақтық  бюролар  айналысады  [7]. 

ЮНЕСКО-ның  мәдени  бағытты  зерттеп-зерделеуге  арналған  бағдарламаларының  ішінде  Бүкіләлемдік 

мұра, Материалдық емес мұра, Су астында қалған мәдени мұра сияқты бағдарламалар да бар [8]. 

Қазақ мәдениеті де әлемдік мәдениеттің бір бөлшегі. Ал мәдениет деп адамзаттың ақылымен, ойымен, 

адамның  қолымен  жасалған  барлық  құндылықтар  мен  игіліктердің  жиынтығын  айтамыз.  Бұдан  гөрі 

нақтырақ  айтсақ,  табиғатта  кездеспейтін,  адамның  қолынан  шыққанның  барлығы  мәдениеттің  жемісі 

болып  табылады.  Демек,  мәдениет  –  өте  ауқымды,  кең  мағыналы  ұғым.  Мәдениет  туралы  философтар 

былай тұжырымдайды: «Мәдениет (лат. Сиltиrа - өсіру, өңдеу) – адамзаттың болмыс пен сананың барлық 

салаларын қамтыған әлеуметтік-прогресшіл шығармашылық қызметі. Бұл қызмет заттандыру (қазыналар, 

нормалар, белгі жүйелерін және тағы басқаларды жасау) және затсыздандыру (мәдени-рухани мұра және 

оны игеру) үдерістерінің диалектикалық бірлігі болып табылады. Мәдениет өнімдерін жасаудың мұраты 

айналадағы  болмысты  өзгертуге,  адамзаттың  тарихи  дамуы  үдерісінде  жинаған  бар  байлығын  жеке 

адамның  рухани  байлығына  айналдыруға,  адамның  мәндік  күшін  барынша  айқындап,  дамытуға 

бағытталуынан көрініс табады» [9].  

Мәдениет  ұғымының  философиялық,  әлеуметтанушылық,  саяси  т.б.  астары  басым  болғанымен,  ол 

көркем  әдебиетпен  де  тығыз  байланысты.  Сондықтан  да  кез  келген  ұлттың  мәдени-рухани  дамуында 

көркем әдебиеттің алар орны ерекше. 

Ұлттық  мәдениет  пен  қоғамдық  сананың  айрықша  саласы  –  өнер  десек,  сол  өнер  түрлерінің  бірі 

әдебиеттің  жалпыадамзаттық  мәдениеттегі  алар  орнына  ғалымдар  ерте  кезден  бері  ден  қойып  келеді. 

Өйткені көркем әдебиеттің адамдардың парасат әлемінде атқаратын қызметі орасан зор.  

Өнердің көп салаларының ішінде ең бір қадірлісі әрі қасиеттісі де көркем әдебиет болып саналады. Ол 

– өнердің бір саласы бола отырып, өзге өнер түрлерінің дамып-жетілуіне айтарлықтай әсер етеді. Жалпы, 

зерттеушілер  өнер  түрлерін  сәулет,  мүсін,  сурет,  музыка,  әдебиет  деп  беске  бөліп  қарастырады. 

Теоретиктердің  айтуынша,  әдебиет  көркем  өнердің  ең  негізгі  саласы  болып  есептеледі.  Көркемөнердің 

басқа түрлері бірінің жұмысын бірі атқара алмаса, сөз өнері (әдебиет) арқылы сәулетті сарайдың көрінісін 

де,  құйып  қойғандай  адамның  кескінін  де,  табиғаттың  көрікті  суретін  де  жасауға  болады.  Көркем 

әдебиетте кездесетін талай сұлу портрет, талай тамаша табиғат суреттері өмір құбылысын дәл, шындық 

бейнеде бере алумен қатар, оны оқушылары сол құбылыстың қыбы мен қимылын сезінгендей дәрежеде 

жанды,  жайнақы  түрде  суреттей  алады.  Басқа  өнер  түрлерінің  бұндай  мүмкіншілігі  жоқ.  Сөз  өнерінің 

құдіретті күшімен ақын, жазушылар оқушыларын қуанта да, қайғырта да, күлдіре де, жылата да алады. 

«Әдебиет»  –  араб  сөзі,  көркем  сөз,  сөз  асылы  деген  мағынада.  Орысша  «литература»  дейді  (littera 

латынша – әріп). Көркем әдебиеттің өзіне тән ерекшелігі – өмірдің, өмір құбылысының бейнесін көркем 

сөз  арқылы  суреттеу,  сөз  арқылы  адам  образын  жасау.  Көркем  әдебиеттің  алғашқы  түрі  –  халық  ауыз 

әдебиеті  (фольклор).  Ол  адам  баласы  ой-санасының  сәби  кезеңінде  туса  да,  ауыз  әдебритінің,  жақсы 

үлгілерінен біз айтайын деген ой-сезімін сурет (образ) арқылы береді. Жазудың шығуымен байланысты 

ауыз әдебиетінің орнын жазба әдебиет алады да, оны біртіндеп ескі заманның мұрасына айналдырады, 

бірақ ол аз уақыттың ішінде бола қоймайды. Мәдениеттен кенже қалған кейбір халықтың жазба әдебиеті 

мен ауыз әдебиеті алғашқы кезде қатар дамуы да мүмкін. Мәдениеттің өсуі, хат білмейтіндердің біртіндеп 

жойылуы,  ауызша  шығаратын  ақындардың  өз  өлең-жырларын  қағазға  түсіру  мүмкіншілігі  бірте-бірте 

екеуінің арасындағы шекті де жойғынға ұқсайды. Көркем әдебиеттің образ жасаудағы құралы – сөз. Тіл 

қорынан  сөздердің  ең  керектісін  таңдап,  талғап  ала  білудің  және  оларды  сөйлемнің  құрамында  шебер 

қиюластырудың  арқасында  жазушылар  адам  ойының  түюі  мен  сезім  түйсігінің  әр  алуан  құбылысын 

суреттеп бере алады. Бұл – оны көркем өнердің ішінде өмірді әрі толық, әрі кең суреттейтін сегіз қырлы 

және халыққа көп тарайтын түрі ететін шарттың бірі [10]. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   455   456   457   458   459   460   461   462   ...   493




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет