ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3(58), 2018 г.
380
И, Урасов А. және Самовтар Зайсан өңірін зерттеді. Сонымен қатар Бухгольстің Потаниннің, Обручевтің
экспедициялары осы аймаққа жасалды. Осы зерттеулердің барлығы бір жағынан Зайсан аймағының
Қытаймен сауда байланысының тиімділігіне Ресейдің қызығушылығынан туындап отырды. Шығыс
Қазақстанның Қытаймен байланысына тоқталар болсақ, бұл аймақ ежелден екi елдi жан-жақты
жалғастырып жатқан, сауда жасауға жағрафиялық орналасу жағынан да қолайлы орталықтардың бiрi
болды. Қазақ даласындағы үлкен керуен жолдарының қатарында тұратын Зайсан елдi, аталған кезеңде
Қытаймен, Монғолиямен байланыстырған сауда орталығы ролiн атқарды.
Қазақ даласына орыстардың енуіне дейін өнеркәсіп пен сауда айтарлықтай деңгейде дамымады.
Халық арасында кедей емес және өзінің малы мен бай тұратын топтары да болды [2].
Орта және кедей қазақ семьялары киім-кешектердің көпшілігін өздері дайындады. Аяқ киім және тағы
басқа тауарларды Қытайдан, Бұхардан алып отырған. Семейде сауда жасайтын Ташкенттіктер және
татарлар(Семейлiк ташкенттiктер дегенiмiз Семей облысына осы кезеңде сауда мәселесiмен келген
Ташкент, Өзбекiстан тұрғындары, саудагерлерi) үздіксіз Қытайға барып тұрды. Алайда қазақ
саудагерлерiнiң орыс ұлтының саудагерлері ретінде сауда жасау құқығы болмады. Олар Ташкенттіктер
және басқа-да Орта Азиялық саудагерлер ретінде барып сауда жасады. Алғашында сауда айырбас ретінде
жүрді. Яғни, товарға-товар айырбасы жүрді. Қытай саудагерлері неше-түрлі алтындарды пайдаланып,
алтынға сауда жасаған. Осы алтындарға қызығушылықпен сұраныс өте көп болды. Ол үшін товар құнын
да түсіріп берді. Содан кейін алтынға сауда жасағылары келмеді. Ресейлік алтын ақшаны алмай
лигнатурасыз үгінді және құйма алтын беруді талап ете бастады. 1851 ж. полковник Е. П. Ковалевскийдің
Қытаймен шекаралық аймаққа экспедициясы жіберіледі. Осы экспедиция нәтижесінде опиум, құйма
алтын, порх, қару жарақ саудалауға, несие немесе банклік билеттерге сауда жасауға тиым салды.
Зайсан қаласындағы сауданың негізі көшпелі қазақтарды және Қытаймен шекаралық аймақтың
тұрғындарын атап айтқанда: еркін қазақтарды, қалмақтарды, торғауыттарды және қытайларды товармен
қамтамасыз ету. Ондағы басты кіріс түрлері мануфактуралық немесе қызыл товар деп аталатын товар
түрлері және темір, шойын өнімдері. Патшалық Ресейдiң тауарлары бекіністе өз орындарында сатылды.
Әскерилер осының арқасында тұрғындар санын көбейттi және тұрғындар саны өскен сайын сауда да
дами түстi. Тауар өнімдерінің жетіспеушілігінен тауар құндары Өскемен мен Семей қалаларына
қарағанда құндырақ болды. Жоғарыдағы қалалармен салыстырып қарағанда онда өмір сүру өте қымбатқа
түсті. Үйлер өте қымбат. Бұның барлығы осы кезеңдегі қаланың қоғамдық өмірінің дұрыс жолға
қойылмағандығында. Қала кешенi дами келе, қаладағы әр түрлі кемшіліктер жойылып, Зайсанда
тұрғылықты халыққа жағдай жасалына бастаған [3]. Қытай аймағынан сауда керуендерімен келетіндер,
шекаралық шептен шекаралық билеттер арқылы өтті. Зайсандық билеттерді жергілікті уездік басшылар
алдын-ала губернатор берген бланкілерге толтырып орыс басыбайлыларына да берілді. Бұл бланкілерде
уездік әкімшілік орны, тауар иесінің аты-жөні және оның тауар түрі, көлемі жазылды және астына қазына
мөрі басылды. Тауарсыз Қытай аймағына бару үшін уездік әкімшіліктен алынған, лигитимациялық рұқсат
билеттер арқылы өтті. Ал, Қытай аймағынан Ресейге келгендер соның ішінде Шәуешек қаласынан
Россияға келгендер Шәуешек елшісінің визасы қойылған билеттермен өткен, ал басқалары, әр түрлі
бояулармен және тушпен қытайлықтар тарапынан немесе Манчжурлар тарапынан жазылған Қытай
тілінде аудармасы бар билеттер ұстады, бірақ бұларға виза қойылмады. Ал, орыс тілінде аудармасы бар
билеттер тіптен де кездеспейді. 1881 ж. Петербург келісім бойынша Қытаймен сауда-саттық келісім
шарттарына толықтырулар мен қосымшалар тек келісім шарт бекітіліп, он жыл қолданыста болғаннан
кейін ғана енгізу келісімшартта анықталды. Осы мерзімнің аяқталуына 6 ай уақыт қалған аралықта
өзгертулер мен толықтырулар жүзеге асу келісіліп бекітілген. Соған орай Дала губернаторы 1889 ж. 30
майда облыстық әскери губернаторды мәселе барысын талқылауда Петребург келісімшартына
толықтырулар қажет пе немесе ережелерге өзгерістер керек пе, осы мәселеге пікір білдіруді талап етті.
Осы кезеңдегі Зайсан уезінің басшысының пікірінше саудагерлердің, Қытай аймағындағы сауда-саттық
жасаушылар тарапынан айтарлықтай наразылық білдірілмеді.
1881 ж. Петербург келісімнің 1-статиясының құрлықтағы Қытаймен сауда ережесі бойынша
көрсетілген Ресей шекарасынан 50 шақырымдық жерде салықсыз сауда байланысын жасауға тек Қытай
саудагерлері ғана құқылы болды. Ал, Ресей саудагерлері немесе Ресей қол астындағы саудагерлері қандай
да болсын шай түрін Қытайдан әкелсе де немесе 50 шақырымдық мәжеленген жерде сауда жасаса да
салық төлеуге тиіс болды.
1882 ж. шекаралық барлық жолдар Зайсан кеденінің бойындағы учаскелерде тек Майқапшағай және
Алқабек пунктерінен басқа сауда жолдары тиімсіз болып табылды.
|