Kazakh national pedagogical university after Abai хабаршы вестник bulletin «Тарих және саяси-әлеуметтік ғ ылымдар»


DEVELOPMENT OF ZAISAN AS A FOREIGN TRADE CENTER WITH THE QING EMPIRE



Pdf көрінісі
бет464/493
Дата06.01.2022
өлшемі9,77 Mb.
#13132
1   ...   460   461   462   463   464   465   466   467   ...   493
Байланысты:
2018 №3 Абай аты ҰПУ хабарщыс

DEVELOPMENT OF ZAISAN AS A FOREIGN TRADE CENTER WITH THE QING EMPIRE 

 

In  the  first  half  of  the  XIX  century,  the  main  trade  transactions  with  China  were  carried  out  in  the  city  of 

Kyakhta.  But  because  of  the  unstable  foreign  policy  relations  between  the  Qing  Empire  and  Russia,  trade  was 

often interrupted. In the second half of the XIX century there were significant changes in the economic relations 

between the two states. The population of Western China was interested in the development of caravan trade with 

neighboring territories, which included Kazakhstan. 

In the article, the author tries to assess the trade relations of Zaisan with the Zinc Empire. The fact that Zaisan 

is the center of trade relations with neighboring China is characterized by new sources. Further, the role of Zaisan 

as  a  center  of  trade  relations  with  the  Chinese  empire  was  analyzed  with  new  data.  They  also  discussed  the 

peculiarities of trade relations with the Qin Empire in Zaisan, the development of commodity and money relations 

between  the  two  countries  and  the  influence  of  the  Zaisan  region  on  these  trade  relations.  The  geographical 

position of the city as a whole had a profound effect on the prosperity of the city. 

Keywords: Eastern Region, Zaisan, Qing Empire, trade relations, Russian traders, Central Asia 

 

XIX  ғ.  екінші  жартысында  бүкіл  қазақ  даласында  орыс  саудагерлері,  Орта  Азия  саудагерлері,  Сібір 

саудагерлері,  татар  және  олардың  жалдамалы  көмекшілері  мен  жұмысшыларының  сауда  саласындағы 

жұмыстары  кең  етек  алды.  “Кілем  қоржындармен”  заттарын  сатуға  саудагерлер  жан-жақтан  келе 

бастаған.  Сырттан  келген  саудагерлерді  Кiлем  қоржын  арқалағандар  деп  те  атаған.  Сондай-ақ  оларға 

“арбашылар”, ұсақ-түйек “Сабын-шыбық” деген атаулар да берген [1].  

Аталған  кезеңдегі  Ресейдің  мақсаты  сауда  мен  өсімқорлық  капиталын  Ресейдің  орталық 

губернияларымен,  Қазақстан  арасында  ғана  жүргізіудi  ғана  емес,  сонымен  қатар  сыртқы  товар 

айналымын дұрыс жолға қоюды да көздеді. Ресейдің Қазақстанға көз тігуінің басты мақсаттарының бірі 

экономикалық сауда мүддесінен туып отырды. Ресей үкіметі Қазақстанның басып алған жерлерін ұстап 

тұру үшін бекіністер сала бастады да, олар біртіндеп қала деңгейіне жетіп отырды.  

Семей губерниясының қалалары да негізінен қорғаныс пункттері  немесе әскери шептер ретінде бой 

көтерді.  Олардың  бой  көтеруіндегі  басты  себептердің  бірі  жоңғарлардан  және  қытай  империясынан 

шекараны қорғау. Осындай әскери қорғаныстық шеп ретінде іргесі 1868 ж. қаланған бекініс қаланың бірі 

Шығыс  Қазақстан  облысының  Зайсан  қаласы.  Зайсанның  шығысынан  батысына  қарайғы  мемлекеттік 

шекарасы Қытай империясымен шектеседі. Әскерилер тарапынан қорғауды қажет ететін шекаралық шеп 

ретінде  сонымен  қатар  Қытаймен,  Монғолиямен  сауда  байланыстарын  жасауға  қолайлы  болуына 

байланысты  бекіністік  қала  тұрғындары  жылдам  көбейе  бастады.  Жергілікті  сауданың  түріне  көбіне 

Ресейден әкелінген тауарлар, жергілікті көшпелілердің мал өнімдері және Қытайдан әкелінген тауарлар 

жатады. Алғашында ХIХ ғасырдың екiншi жартысында жыл сайынғы Зайсан қаласының және аймақтық 

болыстардың кірісі 10000 сомға жеткен. Қытаймен шекаралық аймақта ХІХ ғ. 80- жылдары кiрiс 30000 

сомға дейін жеттi.  

Қаланың  Қытай  империясымен  сауда  байланысындағы  орталық  ретіндегі  орны  ерекше.  Зайсан 

аймағының Қытай империясымен сауда байланысына қызығушылық Ресей тарапынан өте ерте кезеңнен 

басталады.  ХVIII  ғ.  екiншi  жартысында  I  Петрдің  жасаған  реформаларының  мақсаты  мемлекеттің 

әлеуметтік экономикасын және мәдени дамуын көздеді. Ең алғаш болып 1719 ж. орыс офицері Калмыков 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   460   461   462   463   464   465   466   467   ...   493




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет