Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3(58), 2018 ж.
381
Алайда Шәуешек және Зайсан қалалары арасында ежелден келе жатқан тура жол Бурыласутай болып
табылған. Осы жол арқылы Зайсан қаласы Шәушектен айырбас және ақшалай сауда түрлерін жүргізіп
тұрақты дамыта алды. Ал, Шәуешек қаласыннан Зайсанда сұранысы мол тауарларды жеткізуге жол
ашты. Мысалы, өте қажетті азық-түліктермен шай, қант т. б. тасмалдауға жол ашты.
Зайсан аймағының Қытаймен сауда байланысында Зайсан су жүйесінің ролі ерекше.
XIX ғ. ортасында Зайсан тұрғындары ішкі және сыртқы сауда байланысын айтарлықтай дәрежеде
жүргізді. Барлық оның отырықшы болыстарында мал өнімдері саласымен айналысатын орыстар және
отырықшы қазақтар тұрады. Олар ауылдарға шығып өз өнімдерін малға бағалап айырбас сауда жасаған.
Кейбір ауыл тұрғындары несиеге ақша алып, әр көктем кезінде ондығына ірі қара мал, қой жылқы немесе
мал өнімдерін өңделмеген тері (войлока) және т. б. заттарды өңдемеген күйінде берді. Сатып алушылар
тарапынан қазақтарды қанау кең етек алған және жергілікті билік орындар тарапынан бұл орынды болып
табылды. Дегенмен де айтарлықтай бұл мәселеге басшылық көңiл бөлмедi. Бұндай iс әрекеттерге үкiмет
тарапынан тиым салынбады.
Ал, Қытай мен сауда қарым-қатынасына келер болсақ, 1895 ж. Семей облысын шолу еңбегінің
дерегіне сүйенсек, бұл жылы Зайсан кедені арқылы яғни, Қатонқарағай пункттері арқылы әр түрлі
тауарлар Батыс Қытай аймағына шығарылған. Оның ішінде зауыт, фабрика өнімдері және шеберханалық
қолөнер өнімдері 607554 сом. 45 т қаржы мөлшерін құраған.
Ал, осы Қытайдан Ресей аймақтарына әр түрлі шикізат өнімдері 507345сом 64 т құрады.
Бұл Қытаймен сауда байланысында Ертіс-Зайсан су жүйесі арқылы жалпы алғанда осыншама
шығарған өнім түрлері орны 100208 сом. 80 т көлемімен теңесті. Осының барлығы, әсіресе еліміздің
мәдени көркейуіне маңызы өте зор [4]. Зайсанға келетін мануфактуралық және басқа өңделген тауарлар,
патша үкiметi тарапындағы тауарлары ХIХғ. 90 жылдары 130000 сомнан кем болмады. Осы товарлардың
біраз мөлшері қаланың өзiне қалды, ал қалған көп бөлігі Қытай аймағына барып түседі. Шетке, яғни
Қытайға өтетін товар түрлері: қой, аң, ірі қара, мал түрлері, өңделмеген шикізат өнімдері терi және май.
Қазақ көшпенділеріне өңделген тауарлар тасмалданылған. Қытайдан Зайсанға өтетін тауарлар ең алғаш
Семейге түседі. Осы тауарлардың көп бөлігі базарларға және жәрмеңкелерге жіберіледі. Бекіністе тек аз
мөлшері қалып отырды [5].
Қытай империясымен Зайсан аймағының сауда байланысы сол кезеңде айтарлықтай маңызды роль
атқарды. Зайсан Қытай тауарларымен Ресейді және Ресей қаласындағы халықтарды қамтылған уақытта
қамтамасыз етіп отырды.
XIX ғ. басында еліміздің Шығыс қалаларының Ресеймен, Қытаймен, Кашмирмен, Тибетпен сауда
байланысының маңызы арта бастады. Сауда байланыстарының кеңейуіне байланысты қазақтың Орта жүз
территориясында сауда керуендері өтіп жатты.
Шекаралық аймақтарға және қалаларға саяси – әкімшілік бақылау аймақта ішкі сауданың дамуына
ғана емес, сондай-ақ онымен көршілес мемлекеттермен өз сауда байланысын жасауға әсерін тигізді.
Қазіргі күнге дейінгі қорғаныс пункттері Қытайлардың Зайсан өзенімен біздің шетке өтуіне тосқауыл
бола алмады. Зайсан және Қара Ертіс бойын зерттеуге поручик Генезерді жібереді.
1864 ж. Шәуешек хаттамасы Ресей тарапынан шекаралық аймақтағы орыс қытай саудасының
пункттері Зайсан және Бахтыда әскери бекiнiс құру бұйырылды [5].
Кесте 1
XIX ғ. 70 жылдарында Қазақстанның Шығыс қалалары арқылы сыртқа тасмалданған тауар құны.
Жылдар
Семейден
Зайсаннан
Өскеменнен
Бискіден
1870
121816 сом
142. 262 с.
233. 573 с.
240050 с.
274. 814 с.
146. 359 с.
150. 000 с.
14200 с.
28600 с.
20800 с.
249983 с.
87. 770 с.
136. 816 с.
162. 937 с.
265. 201 с.
261. 050 с.
199. 827 с.
234. 129 с.
9100 с.
150000 с.
166. 240с.
XIX ғ. 1851 ж. Құлжа келісіміне дейін орыс саудагерлерінің сауда қатынастары қазақтың белді
сұлтандары арқылы жүзеге асқан. Қазақтар Цин империясымен шекаралық аймақта қоныстанып, араласа
жүріп осы аймақтағы халықпен шаруашылық жағынан тығыз қарым қатынаста болған.
|