АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰПУ-НІҢ 90 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІНЕ 90 ЖЫЛ
90 ЛЕТИЕ НАЦИОНАЛЬНОГО ПЕДАГОГИЧЕСКОГО
УНИВЕРСИТЕТА ИМЕНИ АБАЯ
УДК 11.84.11
ГРНТИ
Мырзатаева З.Б.
Абай атындағы ҚазҰПУ Қазақстан тарихы кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к., Қазақстан
Республикасы, Алматы қ.
E-mail: zabyra73@mail.ru
СТУДЕНТ-АСПИРАНТТАР ӨМІРІ 1928-1930 жж
ҚҰПИЯ БӨЛІМ МАТЕРИАЛДАРЫНДА
(Абай атындағы ҚАЗҰПУ-ң 90 жылдығына орай)
Аңдатпа
Мақалада Абай атындағы ҚазҰПУ-ң 28-30 жылдардағы күнделікті өмір тарихы баяндалады. Алғашқы
түлектер даярланған 1928-1931 жылдар оның оқытушылары үшін де, студент-аспиранттары үшін де аса
азапты жылдар болды. Республикада болып жатқан саяси-экономикалық жағдайлар институттың
оқытушылары мен студенттерінің өміріне қатты әсер етті. Өлкені жайлаған аштық, кәмпеске,
ұжымдастыру, «өзгеше ойлайтын» қазақ зиялылары мен студенттердің қуғындалуы, жоғары маман
кадрларының жетіспеушілігі және сонымен қатар түрлі эпидемиялық аурулар институт өмірін қатты
қиындатты. Қатаң идеология университеттің іргесі қаланған уақыттан бастап оқытушыларды да,
студенттерді де бас көтеруге дәрменсіз жағдайда ұстады. Оқу орнында білім беруден гөрі айтқанға
көнетін, айдағанға жүретін «ақылды совет адамын» даярлау тәжірибесі орын алды.
Мақалада автор мұрағат дереккөздері негізімен мәселені жаңа теориялық және методологиялық
тұрғыдан қорытуға талпыныс жасайды.
Кілт сөздер. Студенттер, аспиранттар, репрессия, эпидемия, құпия бөлім, ОГПУ, бай-кулактар.
З.Мырзатаева
Казахский национальный педагогический университет имени Абая, кафедра История Казахстана
Достарыңызбен бөлісу: |