Сұлтан; 1931 жылы 20 маусымында 2 - курс студенті Бейсенов Телғозы; 1931 ж. 20 маусымында
биология бөлімінің 1-курс студенті Умбетпаева Г. Түрлі аурулардан көз жұмған [26, 78] (бұйрық № 110
(78 П.). Ал өндірістік практиканы шынымен де көмір бассейні шоғарыланған Қарағандының түрлі
аудандарында: Жаркөл-Қарағанды, Ақбұлақ-Қарағанды, Арыс-Қарағанды және басқа да өңірлер Талды-
Қорғанда [2, 61-62], Қиялы [2, 97] деген жерлерде өткізгендігі жөнінде ҚазПИ-дің 1931 ж. 1
маусымындағы № 97 бұйрығында көрсетілген (қараңыз: [2, 61-62; 78; 97 ж.б] (бұйрық № 110), ал 1931 ж.
1 сентябрінен бастап тарих-экономика бөлімінің 2-курс студенті Тәкежанов Әмірбайдың туберкулезге
шалдығып, денсаулығына байланысты демалысқа шыққаны айтылады [2, 31] (Бұйрық № 66). Міне бұл
құжаттардан студенттерді арзан жұмыс күші ретінде өндірістік практика делінетін сылтаулармен ауыр
жұмыстарға жегіп, пайдаланғаны байқалады. Онсыз да экономикалық, әлеуметтік тұрғыдан тұралап
жатқан студенттер өмірін екінші жақтан практика делінген сылтаумен осылайша қыспаққа алды. Ой
еркіндігін шектегені, жалпы университет саясатының студенттер мүддесінен алшақ тұруы, білім
сапасына қатты әсер етті...
... Бұдан басқа Ахметовтың басына үйіп-төгілген жала тізімі жетерлік еді, яғни «институттың
мекемесін өртемек болған 15 жастағы баламен де сыбайлас атануы..., Ахметов социалистік жарысқа
қасақана қатынаспайтыны..., Ахметов студенттермен шекісіп қалғанда «пайда табу жолында жүрген
мансап қуушы!» (студенттер Ахметовты сынға алып, газетке шыған болса керек) деген сияқты сөздері
хатқа тіркеле берген.
ҚазПИ студенті Сатенов ОГПУ назарында. Тәңірбергеннің жақын досы Сатенов те қудалауға
ұшырады. Осы ақпараттарды түпнұсқа құжат бойынша баяндар болсақ, онда былай делінеді: «Ахметов
қыс бойы Ақтөбелік Сатенов деген байдың баласымен бір пәтерде тұрған. Сатенов комсомолдан
шығарылады, байдың баласы, партия ұйымының шешімін күтпей-ақ, өз бетінше оқудан шығып кетпек
болған. Бірақ та дирекция оның мұнысына мән бермей, оқудан кетірілуі туралы бұйрықты шығармай
отыр. Ал Ахметов болса Сатеновтың орнына май, апрель айларына оның стипендиясын бухгалтериядан
алып, Сатеновке әкеліп беріп жүр».
«Милиция ҚазПИ ғимаратын өртемек болған 15 жастағы жасөспірімді қолға түсірді. Мұны
ұйымдастырып отырған Сатенов деп болжаймыз. Ал Сатенов Ахметовтың досы. Сол себепті бұл істің
басында тұрған Ахметов екендігіне біздің көзіміз жетіп отыр. Өйткені Сатенов Ахметовсыз ештеңе
істемейді. Оның үстіне ылғи да Бюро мәжілісінің хабарландыру қағазы қабырғадан түсіп жатады. Бұл да
Ахметовтың ісі».
Әрине осыдан кейін Сатеновтың де жазадан «құр қалуы» мүмкін емес еді. ҚазПИ-дің № 95 бұйрығы
бойынша 1931 жылдың 1 мамырынан бастап оның (әдебиет бөлімінің 1-курс студенті Сатеновтің)
мемлекеттік стипендиядан айрылғанын көре аламыз [2, 58].
Бұл келтірілген барлық мәліметтерден институт студенттерінің өмірінің советтік билік алдында
дәрменсіз күй кешкенін көреміз. Осындай «қорғансыз жағдайдағы» Тәңірберген сияқты басқа да
азаматтар көп еді... Тәңірбергеннің де, Нүркенің де, Сәтеновтың де әрі қарайғы тағдыры бізге беймәлім.
Жоғарыда көрсетілген неше түрлі жаламен Тәңірберген (кезінде ұлт басшылары Ахмет Байтұрсынов,
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің ХАБАРШЫСЫ, «Тарих және саяси-әлеуметтік ғылымдар» сериясы, №3(58), 2018 ж.
391
Халел Досмұхамедов, Смағұл Сәдуақасов ж.б. үстінен тергеу жұмысын жүргізген) есімі белгілі
Саенконың қолына түскен соң, «одан аман қалуы екі талай-ау» деген суық ой келеді.
Тым аз болса да ҚР ОМА-ң № 1142-қорындағы № 3 «Б» іс-құжаты 30-жылдардағы ҚазПИ
студенттеріне бағытталған репрессиялық жағдайды көз алдымызға елестете алады. Осы сияқты құжаттар
әрине, зерттеушілерге ашық жетпей отыр. Архивтегі 30 - жылдардағы ҚазПИ-дің оқу үрдісіне қатысты
құжаттар басым түрде социалистік құрылысты насихаттауға арналған. Онда түрлі-түсті өңге енгізілген
жалған ақпараттар шаш-етектен. Сонымен аталған құжат соңында «Тәңірбергеннің досы Нүрке де
қоғамға жат элемент. Оған көз жеткізу үшін - Тленчин, Тажибаев, Каратаев, Күдербеков, Садвакасов
сияқты адамдардан сұрап білуге болады», - делінеді де, - «Бұларды қамауға алыңыздар, олардың
көзқарастарын анықтаңыздар және бұл істері үшін заң алдында жауапқа тартыңыздар», - деп аяқтайды.
Сөйтіп, көшірме құжатта Қазақ ВКП(б) ұйымының жауапты хатшысы /Валитовтың/, комсомол
ұйымының хатшысы /Тленчиннің/» [1, 11] қолы қойылады.
ҚазПИ студенті Елемесов Сентаи (мүмкін Есентай-авт) ОГПУ назарында. Тәңірбергеннің
тағдырына ұқсас өзге де студенттер жөнінде фактілерді көптеп келтіруге болады. Мысалы «Қазақ Өлкелік
Комитетінің 1932 ж. 18 январьдағы №31 тіркелген құжатында, КазПИ-дің ВКП (б) ұйымының
хатшысына КазПИ студенті Сейтханов Зайткулланың әкесі Елемесов Сентаиды - 1931 жылдың
көктемінде болған Шыңғыстау ауданындағы көтерілістің басшысы Шәкәрім Құдайбердиевпен тығыз
байланысы бар бай адам деп көрсетіледі. Шұғыл түрде студентке шара қолданып, оның нәтижесі туралы
ВКП (б) өлкелік комитетінің мәдени насихаттау бөліміне (Культпроп Крайком) хабарлаңыздар
(Муравьевтің қолтаңбасы түседі)» [1, 23], - делінсе, келесі фактіде, 1932 ж. 3 мамырында Қазақ
пединститут бланкісіне аса құпия делінген белгімен ОГПУ Торғай аудандық бөлімшесіне «ҚазПИ
Достарыңызбен бөлісу: |