сұрайды, себебі нақты емес мәліметтер бойынша олар бай отбасынан болып шығуы мүмкін. Және
бұрынғы тұрған жерлерінен қудаланып, әкімшілік жазаға ұрынған секілді. Бұл сұратылып отырған
мәліметтер ағайынды Абпас және Кенже-Али Бермұхамедовтарды оқудан шығару үшін аса қажет.
Мәліметтерді шұғыл түрде жіберулеріңізді өтінеміз» [1, 27], - делінеді. Бұл хатқа ҚазПИ-дің түлегі,
институттың құпия бөлім қызметкері Дегтяренконың қолы қойылған. Дегтяренко Торғайға осы жылдың 4
майында ағайынды бұл екі жігіттің 10 жылға сотталғаны жөнінде күдік бар екенін айтып, тағы да хат
Осыдан кейін Торғайдан жауап хат келеді. 1932 жылдың 20 маусымында жеткен бұл хатта, Үкіметтің
аудандық соттың 1931 ж. 5 қарашасындағы шешімі бойынша КК 61 бабымен 2 жыл бас бостандығынан
айырылғандығы және 8 жылға жер аударылғандығы, сондай-ақ олардың әкесінің «Ишан» - бай болып
шыққандығы анық болады. Хаттың соңына Торғай аудандық ОГПУ Бастығы Гумировтың қолтаңбасы
Осылайша білім беру ордасы мемлекет саясатының ықпалына түсіп, өзінің негізгі функциясынан
мүлде алыстап кетті. Сауат ашу ісіндегі «ренессанс» репрессиялық жолмен шатысып әбден қайшылыққа
Өз студенттерімен күрес жүргізген университет әкімшілігі түрлі сылтаулармен білім алушылардың
береке-бірлігін алды. Қылмыскер деуге мүлдем келмейтін студенттерге әлеуметтік негіздегі тізімдер
ВЕСТНИК КазНПУ имени Абая, серия «Исторические и социально-политические науки», №3(58), 2018 г.
392
Сеитханов
Зайнулла
Шұбартау ауданының №3 ауылының тұрғыны, әкесі бірнеше жыл молда
болған, жеке шаруашылығы бар. СЕИТХАНОВты ата-анасы асырап отыр.
Бай шаруашылығы бар туған ағасымен әлі күнге дейін байланыста.
Сембаев
Хамид
Қарқаралы ауданының №8 ауылынан шыққан. СЕИМБАЕВ АБАТ есімді
саудагердің баласы, бұрынғы патша шенеунігінің туысқаны. Осы адамның
қолында тәрбиеленген.
Мусин Шакур СХИ
Жамбек ауданының, Қамысты с/советінің тұрғыны. Әкесі бұрынғы патша
старшыны, бай қожалығы болған, еңбекші адамдарын жалдап ұстаған.
Ағасы Шакура–Батреш тәркіленген, Мусин оқуға 1930 ж. Орал ОК ВКП
(б) қызметкері - күйеу баласы УТЕГЕНОВ МАГАУИЯның қолдауымен
оқуға келген.
Урумбаев
Абдильда
ҚазПИ
жанынд
ағы
рабфак
Қарсақпай ауданындағы №13 ауылдың тұрғыны, мал-мүлкі тәркіленген
байдың баласы.
Ярмухамедов
Джангоз
Жан.
Ярмухамедов
Райхан.
Карпыков-
Ярмухамедов
Сагдыжан
ҚазПИ
Рабфак
1-курс.
Қарабалық ауданы, №24 ауылдың тұрғыны. Ірі бай, жартылай басшы
Тагельдин Ярмухамедовтың (Баукиш) балалары.
ТАГЕЛЬДИН Ярмухамед революцияға дейін 500-600 ірі қара малы
болған. Қолында бірнеше шаруаларды ұстаған. Совет үкіметі тұсында
қожалығын қасақана азайта бастаған, және 1930 жылы оның қолында 1
жылқы, 1 сиыры ғана қалады.
Алаш-Ордашылардың кезінде ол белсенділік танытып олардың отрядына
сарбаз жинап берген, ат-көлігі мен азық-түлікпен қамтама еткен. 1930
жылы аталған кісілердің әкесі мемлекеттің салығын төлемегені үшін мал-
мүлкі тәркіленіп, құқығынан айрылған. Ол жауапқа тартылу қажет
болғанда ауылдан қашып кеткен. Студент балаларына Алматыға келген
жерінен ұсталды.
Суде кнева
Зайнеп
(өшіп қалған)
Вет.Инс
титут
Көкпекті қаласындағы ірі саудагердің қызы. Оның әкесі 30-жылдары
мануфактуралық сауданы иеленген. Екі дүкені, біреуі Көкшетауда,
екіншісі Арық-Балық ауданындағы Ака-Бурлук станциясында. Үлкен екі
үйі бар. Оның біреуін совет үкіметі тұсында сатып жіберген.
Шайменев
ҚазПИ
Баян-Ауыл ауданының тұрғыны. Ірі байдың баласы. Бұрынғы бай,
жартылай басшы, сайлау құқығынан айрылған, әкесі жазаға тартылған,
қазіргі уақытта қашып жүр.
Сондай-ақ, ауқатты отбасынан шыққаны үшін Досов Қалқа Жұмабайұлы Шымкент ауыл
шаруашылығы институтынан шығарылады. Әсіресе, осы 1931 жыл ҚазПИ студенттері үшін тым ауыр
жылдар болды. Архив қорларындағы [2, 3] ҚазПИ кеңесінің №35 бұйрығының көшірмесінде (7 наурыз)
3-курс студенті Хасеновтың ГПУ шешімімен оқудан шығарылғаны, 1931 ж. 8 наурызында №38
бұйрығымен [2, 5] Кагарманов Газиз, 1-курс студенті Кряжев 15/ІІІ-31ж бастап «колхоздарда
кулактардың мүддесін қорғағаны үшін, Есенинщиндерді жақтағаны үшін, яғни, «Есенин мен
Маяковскийдің өліміне совет үкіметі кінәлі» дегені үшін, оларды сабаққа қатынаспайтын, бұзақылар
деген айыппен оқудан шығарылғаны айтылады.
Құжат соңында директор Алмановтың және хатшы Червинскийдың қолтаңбасы қойылған (1931
жылдың 16-17 наурызындағы бюро мәжілісінің №3 хаттама көшірмесінен) [2, 11 об].
ҚазПИ студенті Зейін Шашкин ОГПУ назарында. Сонымен қатар, ұлтымыздың белгілі зиялысы
Достарыңызбен бөлісу: