Kazakh national pedagogical university after Abai хабаршы вестник bulletin «Тарих және саяси-әлеуметтік ғ ылымдар»



Pdf көрінісі
бет480/493
Дата06.01.2022
өлшемі9,77 Mb.
#13132
1   ...   476   477   478   479   480   481   482   483   ...   493
Байланысты:
2018 №3 Абай аты ҰПУ хабарщыс

МҰРАҒАТ ҚҰЖАТТАРЫ 

АРХИВНЫЕ ДОКУМЕНТЫ 

 

ЗЕРТТЕУШІЛЕР НАЗАРЫНА 

 

Дәуренбек Ескекбаев



1

 ҚР ұлттық музейінің аға ғылыми қызметкері. 

Тарих ғылымдарының кандидаты 

 

 

 

1931-1933  жылдардағы  ашаршылық  -  Қазақстан  тарихындағы  ең  зұламат  кезеңдердің  бірі  .  Иісі 



алаштың  санасынан  мәңгі  өлмес  қасірет.  Негізінен  жас  балалар  мен  әйелдер  қырылғандықтан  оның 

демографиялық  зардабы  ауыр  болды.  Қазақтардың  сан  жағынан  өсуін  қатты  тежеді.  Кейіннен  асыра 

сілтеушіліктің  шын  мәні  “қызыл  қырғын”,  “голощекиндік  геноцид”  деген  тарихи  атқа  ие  болды.  1932 

мешін  жылы  болған  бұл  зұлмат  XX-ғасырдағы  адамзат  баласына  қарсы  жасалған  ең  өрескел 

қылмыстардың бірі және «Ұлы жұт» болып саналады.  

 1930-1933 жылдар қолдан жасалған қасірет, тұтастай бір халықтың жартысына жуығының қырылуы 

тарихта бұрын-соңды болмаған. Ашаршылық жылдарында қандастарымыз оқ тимей-ақ опат болды. Бір 

ұлтты, бір халықты жер бетінен жою қасақана жасалған геноцид. Сол кездегі өлкелік партия комитетінің 

бірінші  хатшысы  Ф.И.Голощекин  болған.  1925  жылы  13  қыркүйекте  Қазақстан  өлкелік  партия 

комитетінің  хатшылығына  Мәскеудегі  орталық  билік  Филипп  Исаевич  (Шая  Ицкович)  Голощекинді 

жіберген болатын. Әсіресе, Голощекиннің «Кіші қазан» идеясы халықты есеңгіретіп кетті. 

1933  жылдың  21  қаңтарына  дейін  осы  қызметте  отырған  Голощекин  тұсында  қазақ  халқы  өз 

тарихындағы ең ауыр кезеңді бастан өткізді. Қазақстанда жүргізілген сталиндік-голощекиндік реформа, 

содан  туындаған  шаруалардың  жекеменшігін  тәркілеу  мен  жою,  бас  көтертпес  ет,  астық  т.б.  ауыл 

шаруашылығы  өнімдері  салықтары,  көшпелі  және  жартылай  көшпелі  қазақ  шаруаларын  жаппай  және 

күшпен  отырықшылыққа  көшіру  науқандары  болып  табылады.  «Бай-кулактарды  кәмпескелеу  туралы» 

1928  жылы  28  тамыздағы  қаулы  күштеп  тәркілеуге  ұласып,  совет  өкіметі  ірі  байлармен  қатар  орта 

шаруалардың малын да зорлықпен тартып алды. Бұл советтік саяси науқан «Асыра сілтеу болмасын, аша 

тұяқ қалмасын» дейтін ұранмен жүзеге асты.  

Қазақ  өлкесін  басқарған  Ф.И.Голощекин  (1925-1933)  елді  индустрияландыру  және  ұжымдастыру 

саясатын  мерізімінен  бұрын  тездетті.  Соның  салдарынан  қазақтардың  дәстүрлі  мал  шаруашылығы 

күйзелді.  1929 жылы  Қазақстандағы мал басы 40 миллион болса, 1933 жылы  4 миллионға  зорға жетті. 

Соның  кесірінен  онсыз  да  1921-22  жылдардағы  ашаршылықта  30  пайызынан  айырылған  қазақ  халқы 

1931-1932  жылдары  тағы  да  жаппай  аштыққа  ұрынып,  тең  жарымы,  яғни  2  миллион  500  мыңға  жуық 

адамы қаза болды. Кейбір зерттеушілер аштан қырылғандар 3 миллионнан да асып түседі дегенді айтады. 

Қазақ  халқы  1723  жылдары  жоңғар  шапқыншылығы  кезіндегі  «Ақтабан  шұбырынды»  мен  екінші 

дүниежүзілік соғыс кезінде де дәл мұндай қырғынға ұшыраған жоқ. Төменде ұсынылып отырған деректі 

мәліметтер Мәскеудегі Ресей мемлекеттік мұрағаты (ГАРФ) қорынан алынған (5446 қор, 14



д 

опис, 40

д

 іс). 

Біздің мақсатымыз бұл мағлұматтарды жан-жақты зеттеу емес жалпы көпшілікке, зерттеуші ғалымдарға 

мұрағаттық дерек ретінде ұсыну болғандықтан сол күйінде ешбір өзгеріссіз ұсынуды жөн көрдік.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   476   477   478   479   480   481   482   483   ...   493




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет