Казакстаннын казіргі заманғы тарихы


Астана қаласындағы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері және олардың маңызы



бет33/48
Дата08.12.2023
өлшемі1,54 Mb.
#134844
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   48
Байланысты:
Тарих гос ответы все (1)

70.Астана қаласындағы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездері және олардың маңызы
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының алғашқы съезі Н.Назарбаевтың бастамасымен 2003 жылғы 23-24 қыркүйек күндері Астанада өтті. Астанадағы алғашқы діни форумның жұмысына ислам, христандық, иудаизм, синтоизм, индуизм, буддизм діндерінің ең беделді өкілдері қатысты. Адамзат тарихында алғаш рет ірі діни қауымдастықтардың өкілдері бір залда бас қосты. Съезд өркениетаралық және мәдениетаралық диалогтың жаһандық үдерісіне зор үлес қосты және әлемге әртүрлі діндер мен ұлттардың адамдарының болашағы, бейбіт және лайықты өмірі игілігі үшін ынтымақтастық идеясына балама жоқ екенін көрсетті.
Бірінші Съездің қорытындысы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары қабылдаған Декларация болды, онда конфессияаралық диалог халықтар мен ұлттар арасындағы бейбітшілік пен келісімді ұстап тұрудің, өркениеттер арасындағы диалогты ілгері жылжыту жөніндегі халықаралық қоғамдастықтың күш-жігерін ұстап тұрудың маңызды құралдарының бірі ретінде қаралды.
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының екінші Съезі Астанада 2006 жылғы 12-13 қыркүйек күндері форумды өткізу үшін арнайы салынған ғимаратта - Бейбітшілік және келісім сарайында өтті. Съезге Еуропа, Америка, Африка және Таяу Шығыстың 26 елінен 25 дін басшылары мен 14 құрметті қонақ қатысты, оған қатысушылардың жалпы саны 160 адамнан асты. ІІ съезд «Дін, қоғам және халықаралық қауіпсіздік» деген жалпы тақырыппен «Діни наным-сенім бостандығы және басқа діндерді ұстанушыларды құрметтеу» және «Халықаралық қауіпсіздікті нығайтудағы діни қайраткерлердің рөлі» деген екі бағытта өтті.
Үшінші Съезд 2009 жылы 1-2 шілде күндері өтті, оған Еуропаның, Азияның, Таяу Шығыстың және Американың 35 елінен 77 делегация қатысты. Бұл Съездің басты тақырыбы діни көшбасшылардың рөлі болды, онда толеранттыққа, өзара құрмет пен ынтымақтастыққа негізделген әлемді құруда оларға ерекше үміт жүктелді.
30-31 мамырда болатын төртінші Съезге Бүкләлемдік ислам лигасының президенті Шейх Абдалла Бен Абдель Мухсин ат-Турки, Сауд Арабиясы Королының өкілі, осы елдің Консультативтік кеңесінің төрағасы Абдалла әл Аш-Шейх, Әл-Әзһар мешітінің бас имамы Шейх Ахмад Мухаммад ат-Тайиб, Мәскеу және бүкіл Ресей патриархы Кирилл, Бүкіләлемдік лютеран федерациясының бас хатшысы Мартин Юнге және басқа да танымал дін басшылары қатысады
Дінаралық диалогты ұйымдастыруға ұмтылыс басқа да көптеген елдерде бар екенін атап өту қажет. Дегенмен осындай форумдар бастамашыларының бірде-бірі осы кезге дейін осынша құрамдағы әлемдік және дәстүрлі діндердің ең беделді басшыларының басын қоса алған жоқ. Сондықтан да Астанада үш жылда бір рет өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезі бүкіл әлем қоғамдастығының назарын аударып отырған бірегей оқиға. Барған сайын көрнекті сипат алып, бүкіл әлемдік танымалға ие бола отырып, Съезд ең жоғары деңгейде өркениетаралық, мәдениетаралық диалогтың дамуына барған сайын елеулі үлес қосатын болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет